2. Оқытудың мақсаты



бет1/4
Дата07.09.2020
өлшемі26,03 Kb.
#77543
  1   2   3   4
Байланысты:
түсінік хат (1)


1Түсінік хат 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 23 тамызда №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленді.2. Негізгі орта білім деңгейіндегі биология курсы «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам және оның денсаулығы», «Жалпы биология негіздері» бөлімдерін оқытуға бағытталған. Бұл бөлімдердің мазмұны мен құрылымы биологиялық білімнің базалық деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, шығармашылық және жаратылыстанымдық іскерлікті, ғылыми көзқарасты, ізгілік пен экологиялық мәдениетті дамытуды сонымен қатар өзін-өзі билеуге, еңбексүйгіштік пен табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыруды қамтамасыз етеді. Пәнді оқытудағы тақырыптардың жүйелілігі негізгі биологиялық түсініктер мен құбылыстарды биожүйенің организмдік деңгейінен бастап одан жоғары деңгейлерге дейін қарастыру мен эволюциялық және экологиялық ойлау қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар табиғаттағыөзара байланыстылықты тірі жүйелердің тіршілік әрекеттерінің негізі ретінде қабылдауға және осы процестердегі адамның рөлін түсінуге бағыт береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет