Оқытудың міндеттері:
1.біліктілік және дағдыны әрі қарай жалғастырады, сонымен қатар Отанын, туған табиғатын сүюге деген жоғары рухани ізгілікті, жеке тұлғаның жалпы мәдениеттілігін тәрбиелеуді жалғастырумен ұштастырылады.
2.Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер дамытушы және қалыптастырушы болып табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.
Пәннің пәнаралық байланыстары:
әдебиет және музыкамен, қазақ, қазақстандық, орыс, кеңес одағының ұлы ақындарының, жазушыларының және сазгерлерінің шығармаларын, музыкалық шығармаларды, әндерден үзінділерін қолдану барысында;
математикамен, табиғатты танудың ғылыми әдістерін оқу барысында,
қарапайым есептеулер жасауда;
астрономиямен, жұлдызды аспанды және Ғарыштық кеңістікті оқу барысында;
химиямен, химиялық құбылыстарды оқу барысында;
биологиямен, Жердегі өсімдік және жануарлар дүниесін оқу барысында;
тарихпен, жаратылыстанушыларды, олардың дүниені тануға қосқан үлестерін оқу барысында.
Типтік оқу жоспарына сәйкес курсты оқуға аптасына 1 сағаттан, 34 сағат бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: |