Орыс философиясының айрықша белгілерінің бipi – оның
этникалық персонализмі. Этикалық персонализм қоғамдағы ұғынықты
тілмен айтқанда алқалы жиналыс қағидасына әкеледі. Алқалы жиналыс
(соборность) дегеніміз елдін құдайға деген махаббат негізіндегі бірлігі және
адамгершілік құндылықтарына деген кұрмет.
Қaзipгі кезде орыс космизмін (Чижевский, т.б.),тұтастай алғанда,
орыс философиясының визиттік карточкасы ретінде бағалайды. Iстің
мәніне келгенде орыс космизімі концепциясы орыс философиясының
тұжырымдалған сипаттағы идеяларын, Соловьев, Флоренский, Федоров,
Циолковский, Вернадскийлердің ақылы мен жүректерін жаулаған
жалпыбірлік идеяларын бейнеледі.
Сөйтіп, орыс философиясының негізгі де, басты принциптері
тұтастық, жалпыбірлік, этикалық персонализм, қауымдастық және
космизм ұстанымдары болып табылады.
Орыс діни философиясының орыс адамының рухани бағдарларына
әсері. Орыс философиясының орыс адамының мәдени және әлеуметтік
бірдейлікті іздестіруіне және табуына деген дүниетанымдық бағдарлары.
Әдебиеттер:
1 http://dic.academic.ru/dic.nsf/dic_new_philosophy/
2 http://krugosvet.ru/
3 http://www.grandars.ru/college/filosofiya/russkaya-filosofiya-19-20-veka.html
4 http://bookucheba.com/obschaya-filosofiya/russkaya-filosofiya.html
5 http://nuru.ru/philos/028.htm
6 http://philosophy.4hs.ru/
Достарыңызбен бөлісу: