2. osi қандай деңгейлері бар



Дата23.04.2020
өлшемі14,01 Kb.
#64532
түріПрограмма
Байланысты:
Радиобайланыс 20.04.2020


1.OSI дегеніміз не-OSI эталондық моделі. Желілік программалық жабдықтарды құруды реттеу мақсатында жəне кез келген есептеу жүйелерінің əрекеттесу мүмкіндіктерін қамтамассыз ету үшін Халықаралық стандарттау ұйымы (International Standart Organisation — ISO) ашық жүйелер əрекеттестігі эталондық моделін (Open System Interconnection - OSI) құрды.

2.OSI қандай деңгейлері бар-

1.Физикалық деңгей

2.Арналық деңгей

3.Желілік деңгей

4. Көліктік деңгей

5.Сеанстық деңгей

6.Көрсетімдік деңгей



7.Қолданбалы деңгей

3.Əрбір деңгей қандай қызмет атқаратынын жазыңыз-Бұлардың алғашқы үшеуі (физикалық, арналық, желілік) мəліметтер жеткізу мен бағдарлауға, көліктік деңгей алғашқы үшеуі мен жоғарғы деңгейлер арасындағы байланысты жасақтауға, соңғы үш (сеанстық, көрсетімдік, қолданбалы) деңгейлер пайдаланушы қолданбаларына қызмет көрсетуге негізделген. əрбір деңгей салыстырмалы тəуелсіз, əрбір деңгей желілік құрылғылардың қатаң анықталған əрекеттесу функцияларын сипаттайды. Барлық деңгейлер иерархиялық құрылым құрады, мұнда қандай да бір деңгейде жасалған сұраныс орындалуға одан төмен деңгейге беріледі. Сұранысты өңдеу нəтижелері жоғарғы деңгейге қайтарылады. Деңгейлердің программалық жəне аппараттық əрекеттесуін сипаттау үшін интерфейстер жəне хаттамалар қолданылады. Екі көршілес деңгейлер арасындағы əрекеттесуді жəне олардың арасындағы берілетін мəліметтердің пішімін сипаттау үшін интерфейс (мысалы, Х.25 ) деп аталатын ережелер мен келісімдер орнатылады. Бір деңгейдегі объектілердің əрекеттесуінің, сонымен қатар бір деңгейдегі объектілер арасында берілетін хабарламалардың көрсетім пішімдерін бекітетін ережелер жиынтығы хаттамалар деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет