Рыцарь, феодалдардың дене тәрбиесі



Дата08.02.2022
өлшемі22,02 Kb.
#123653
Байланысты:
Рыцарь феодалдардың дене тәрбиесі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Казақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Рефарат

Рыцарь, феодалдардың дене тәрбиесі


Орындаған: Шарбаев Е .Е.
Тексерген: Төлегенұлы Нұржан
Алматы 2021
Жоспар

  1. Ерте орта ғасырлардағы феодалдар

  2. Феодалдық саты

  3. Феодалдық құрылыстың тағы бір ерекшелігі



Феодалдық құрылыстың тағы бір ерекшелігі -феодалдар атақ-лауазымы бойынша бірнеше сатыға бөлінді. Ол бөліну тарихта феодалдық саты деп аталды. Ең жоғарғы баспалдақта басты феодал - королъ тұрды. Ол жоғарғы сот және әскердің қолбасшысы міндеттерін де атқарды. Келесі баспалдақта корольдің бағыныштылары герцогтер мен графтар болды. Герцогтер мен графтардың қол астына жүздеген деревнялар қарады. Олардың билігінде үлкен өскер отряды болды. Графтардан кейінгі баспалдақта олардың бағыныштылары - барондар мен виконттар тұрды. Олар жиырма-отыз деревняны басқарып, сол деревнялардан шағын әскер бөлімін жасақтауға мүмкіндік алды. Барондар ұсақ феодалдардың - рыцарълардыц мырзасы еді. Ал рыцарьлар әлі рыцарь атағын ала қоймаған қатардағы жауынгерлердің мырзасы атанды.
Мырзалардың бір-біріне сатылы бағыныштылығы әр елде әр түрлі болды. Мысалы, Германияда феодалдық сатының баспалдақтарында тұрғандардың бәрі өздерін төменнен жоғары қарай корольге бағыныштымыз деп есептеді. Ал Францияда «менің бағыныштымның бағыныштысы маған бағынышты емес» деген қағиданы ұстанды. Бірақ барлық елдердегі феодалдық сатыға ортақ тәртіптер де болды. Ол - соғыс бола қалған күнде әр бағыныштының қажетті қару-жарағымен өз мырзасының қол астына барып сапқа тұру міндеті еді. Шаруалар феодалдық сатыға кірмеді. Сатыға тек феодалдар, яғни мырзалар мен бағыныштылар ғана кірді.Шаруалардың міндеті сатыдағы феодалдарды азық-түлік, киім-кешекпен қамтама-сыз ету болды. Сонымен, ІХ-Х ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде жер иеленушілер өздерінің меншігіндегі жер мөлшері, тәуелді адамдары мен әскери қызметкерлерінің саны бойынша жікке бөлінді. Сөйтіп феодалдардың белгілі бір дәрежеде бір-біріне бағыныштылық жүйесі құрылды.
Феодалдық саты деп аталатын Бұл жүйе феодалдық қатынастарды нығайту мақсатына қызмет етті. Феодалдардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптары Феодалдар өз иеліктеріндегі шаруашылықты басқаратын ұйымдастырушылар болды. Жекелеген аймақтардың, елдердің қуаттылығы шаруалардың күнделікті тіршілігін басқаратын феодалдардың іскерліктеріне, ұйымдастырушылық қабілеттеріне байланысты еді. Халқы алдында беделі күшті, шебер басшы - феодалдардың шаруашылығы өркендеп, дами түсті. Феодалдар, әрине, өздері тікелей егін егіп, мал баққан жоқ. Бірақ шаруалардың жұмысты жақсы істеуін ұйымдастыру, бақылау да оңай емес еді. Феодалдар шаруалардың есебінен байып отырды, бірақ олар арамтамақ болған жоқ. Олар мырзалар мен олардың бағынышты шаруаларының, тіпті бүкіл елдің қамын ойлады. Әрине, феодалдардың арасында қулары мен сұмдары да болды. Бірақ елді, жерді адал, еңбекқор, іскер феодалдар көркейтті. Феодалдар тек шаруашылықты ұйымдастырушы ғана емес, шаруалар феодалдық сатыға кірмеді.
Феодалдық әскер басшылар Феодалдық сатыда әскер басшылары да болды. Әскери іспен айналысатын феодалдар X ғасырдың аяғынан бастап рыцарьлар деп аталды. Рыцарь болу үшін үміткердің жер үлесі, яғни «феоды» болуы керек еді. Себебі, оның тікелей өндіріске араласудан бос болуы, жер үлесінен түсіп жаткан табысының есебінен әскерді қажетті ат пен ер-тұрман, қару-жарақпен өзі қамтамасыз етуі керек болатын. Рыцарьлардың басты кәсібі - соғыс. Сондықтан олардың барлық тұрмысы мен әдет-ғұрпы соғыс талаптары мен соған байланысты тәртіптерге бағындырылды. Рыцарь феодалдар дене күшін жоғары бағалап, өздерінің, балаларының күш-қуатын қалыптастыруға көп көңіл бөлді. Олар күн сайын әскери жаттығулар жасады. Әр түрлі сайыстар өткізіп тұрды. Бос уақыттарында феодалдар аң аулаумен айналысты. Рыцарьлар әрі мерген, әрі палуан болуы тиіс делінді. Сауыт киген рыцарь. Рыцарьлардың мінез-құлқының ережелері мен міндеттері олардың кодексінде (ережелер, көзқарастар, тәртіптер жинағы) тұжырымдалды. Ол бойынша рыцарьлар өз мырзасына адал болуға ант берді. Рыцарьлар соғыста батырлық пен ерліктің үлгісін көрсетуге тиісті болды. Кодекс бойынша рыцарьлар әлсіздер мен зәбір көрушілердің, христиан шіркеуінің қорғаушысы саналды. Рыцарьларда сұлу әйелге табыну салты болды. Рыцарьлар сайысы. Көтермелі көпірі бар қақпа.Франциядағы Куси замогы (жаңғыртпа).
Осман империясындағы «сипахилер», Жапониядағы «самурайлар» ортағасырлық Батыс Еуропадагы рыцарьлар іспетті болды. Кейін, XIV-XVI ғасырларда тұрақты армияның құрылуына, оқпен атылатын қарудың тарауына байланысты рыцарьлардың әскердегі рөлі азая бастады. Бірақ рыцарьлар біржола жойылып кеткен жоқ. Олар дворяндарға айналды. Феодалдардың замогы Феодалдар мықты аула-бекінісі бар үйіне азық-түлік, киім-кешек, еңбек құрал-саймандары мен кару-жарақ қорын жинады. Табиғи апат, жұт, өрт зардаптарынан кейін әр шаруа осы қордан карызға көмек алып, қайтадан әл жиятын. Шаруалардың аштан өлуі немесе тамақ іздеп, қаңғырып кетуі феодалдарға тиімді болмады. Сондықтан феодалдар шаруалардың қамын ойлауға мүдделі еді. Феодалдардың аула-бекіністері (замогы) бір жағынан корғаныс қамалы, сыртқы жаулардың шабуылынан тығылатын қорғаны болды. Көптеген замоктар норман, араб және венгр шапқыншылықтарына байланысты салынды. Замоктар әдетте төңіректі жақсы бақылауға мүмкіндік беретін, қорғануға ыңғайлы өзен-дердің биік жағалауларына салынатын. Бекіністі айнала дуалдар соғылып, су толтырылатын орлар қазылды. Ор үстінен көтерме көпір салынды. Сөйтіп феодалдардың замоктары орта ғасырларда тек тұрғын үй, қамба, мал қорасы қызметін ғана емес, қорған, қамал қызметін де атқарды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет