7. «Дүниетануды» оқытуда сабақтан тыс іс-шараның сценарийін дайындау. Сыныптан тыс ұйымдастырылатын оқу түрлері оқушыларға білім және тәрбие беруде үлкен маңызға ие. Бұл оқу үрдісінде балаларға қосымша білім және тәрбие беретін оқу түрі болып есептелінеді, бірақ міндетті бағдарлама талап етілмейді. Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушыларға табиғаттың құпия сырларына қаныға түсуге айқара жол ашады, құштарлығы оянады, өз беттерімен жұмыс жасауға белсенділігі артады, білімдері тереңдейді. Сыныптан тыс жұмыстар барысында бала бойында жауапкершілік, тәрбиенің басқа да түрлі қырларының қалыптасуы жүзеге асады. Мұғалімге үлкен көмекші болып табылады. Соңынан түрлі іс - шаралардың ұйымдастырылуына мұрындық болып, жетекші болып шығады. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерінен сабақтан тыс ұйымдастырылатын оқу түрінің айырмашылығы оқу бағдарламасына сәйкес оқушының орындауы міндетті, ал кластан тыс жұмыс түрлері оқушылардың өз еркімен, қызығушылықпен белсенділік таныта айналысып, ұйымдастырылатын оқудың қосымша түрі болып келеді. Сыныптан тыс жұмыстарға: тірі табиғат бұрышындағы жұмыстар, тәжірибе алаңындағы жұмыстар, түрлі тақырыптық үйірмелер, экскурсиялар ұйымдастыру, ондағы материалдарды өңдеу, көрнекіліктер даярлау т.с.с. жұмыс түрлері жатады. 8. «Дүниетануды» оқытудың әдістері, ұстанымдары, ұйымдастыру формалары Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының негізгі бағыты. Бұл Дүниетану пәнін негіздері циклінен алған білімдеріне сүйене отырып бастауыш сыныпта Дүниетану пәнін оқытуға қажетті теориялық, әдістемелік білім мен білікті, педагогикалық шеберлікті үйрететін курс болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің объектісі Дүниетану пәнін негіздері туралы теориялық білімді, яғни қоршаған орта, ондағы заттар мен денелер, құбылыстар мен үдерістер, қоғамдық қатынастарынан бастауыш сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне сай білім берудің әдіс- тәсілдерін, формаларын және баланың жалпы құзыреттіліктерін қалыптастырып, жетілдірудің жолдарын меңгертетін курс болып табылады. Кіші жастағы оқушылар дүниені біртұтас күйінде қабылдайды, оның көріністерін биологиялық, физикалық, химиялық құбылыстарға бөлмейді. Дүниетану пәнін білімін интеграциялап оқытудың алғашқы кезеңінде табиғат құбылыстары туралы дұрыс, біртұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, табиғат туралы ғылымдарды одан әрі саралай оқып үйренуге белгілі бір негіз қалайды. Оны оқып-үйрену барысында дүниенің материалдығы мен танымдылығын, құбылыстардың өзара байланысын, заңдылықтар мен эволюция идеяларын түсінуге қадам жасалады. Дүниетану пәнін оқыту баланың ақыл-ойын дамытуға бағытталған үлкен міндеттерді шешеді. Нақты обьектілер мен құбылыстарды оқып- үйрену кезінде оның бақылау қабілеті дамиды. Оқыту әдісі дегеніміз-мұғалімнің оқушыларға білім мен тәрбие беру тәсілдері және оқушылардың білімді қабылдау барысындағы іс-әрекеттері – деп айтуға болады.Екі жақты бір-біріне тығыз байланысты және бір мақсатқа жету үшін жасалатын әрекеттер жиынтығы.Оқыту,білім беру көзі мен оқулықтың мазмұны міндетті түрде оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша анықталады. “Дүниетануды” пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқандығы белгілі, және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.Оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс-әрекеттің сипаты.
Мұғалімнің білім берудегі іс-әрекетінің сипаты. Білім алу көзі. Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негізгі болып табылады