2. Пән бойынша оқу бағдарламасы – sillabus


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет47/58
Дата09.06.2020
өлшемі1,11 Mb.
#63243
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Тәрбие құралдары туралы түсінік.

  2. Қарым-қатынас түрлері.

  3. Қарым-қатынас және оның тұлға дамуына ықпалы.

  1. Педагогтың оқушылармен қарым-қатынасының шарттары.

  2. Оқу іс-әрекетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әсері.

14 дәріс тақырыбы: Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ынталандыру



Тірек ұғымдар: өзін-өзі тәрбиелеу.

Жоспар

  1. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің мәні.

  2. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру.

1. Қалыптасып келе жатырған оқушы тұлғасы тәрбие субьектісіне айналады. Ол педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады. Өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады.Бұл өзгерістер қоршаған ортамен өзара қатынас барысында жүреді.

Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Мысалы, оқушы дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі мен мінез-құлқындағы кемшіліктері мен іс-әрекетіндегі сәтсіздіктеріне сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.

Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуының шын деңгейін есепке алмай жалпылама жүргізілген тәрбие жұмысының салалары тәрбие міндеттерін шешуде кемшіліктердің орнын толтырады.

Педагогикалық талаптарды мойындауға мәжбүр болған оқушы тек сырт көзге ғана тәртібін жөндеген түр білдіреді де, өзінің теріс қасиеттерін жасыра түседі.

Жасөспірімдік шақтағы бала өзбетіндікке ұмтылуын байқатады. Ол тәрбиенің пәрменсіз обьектісі болғысы келмейді, өз мінез-құлқын өзі анықтайтындай әрекет иесі, тәрбиенің субьектісі болуға ұмтылады. Егер тәрбиешілер осыны еске алмай, оның құқығын шектесе, оқушының педагогикалық талаптарға қарсылығын тудырады.

Қыздар мен бозбалалар өзін-өзі тәрбиелеуге саналы түрде ұмтылады. Тәтібі мен мінез-құлқының пісіп жетілу шағында берік сенім мен адамгершілік мұраттары қалыптасады.

Дүниетанымның қалыптасуы, өз абыройын, кемшіліктерін ұғыну өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын мазмұнды, жан-жақты , шындыққа жуық құруға мүмкіндік береді. Жастар өз еркін тәрбиелеуге ерекше зейін аударады. Бұған өзінің өзбетіндігіне табиғи ұмтылысы ықпал етеді. Қыздар мен бозбалалар білім мен күш-қуаты өздерін ересектермен теңбіз деп есептеуге алып келеді. Олар барлық нәрсені жоғары сезіммен қабылдап, сәл нәрсені өз дербестігіне құрметсіздік деп қарайды. Жоғары сынып оқушыларына өз білімдерін байыту, өздерінің ақыл-ой қабілеттерін дамыту ұмтылысы тән. Қыздар мен бозбалалар мораль мәселелеріне ынтамен қызығады, мінез-құлық мұраттарына ұмтылып, өз тұлғаларының рухани сапаларын дамытады.

2. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек. Өзін-өзі тәрбиелеу нышандары тіпті кіші мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады. Мысалы, бастауыш сыныпта оқушылар күшті, батыл болғысы келеді, немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап, жақсы боламын дейді. Бұл олардың өзін өзгертуге деген алғашқы ынтасы.

Оқушылардың өздерін өздері тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалім ең алдымен төмендегідей өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыруы керек: оқушылардың өздерін өздері тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; өзіне-өзі ықпал ету құралдарын (өзін-өзі талдау, өзіндік міндеттеме, өзіндік бұйыру, өзіндік есеп беру т.б.) меңгеруге көмек беру; өзін-өзі тәрбиелеудегі қоғамдық құнды іс-әрекеттерді тудырып отыру.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін қалыптастыру үшін оларды адамдар өміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәні, өзінің тұлғалық сапаларын дамытудағы өз жігерінің ролі жөнінде хабардар етіп отыру қажет. Оқушылар, әсіресе жасөспірімдер өзін-өзі тәрбиелеу тәжірибесі, өз тұлғасында сапалық қасиеттерді қалыптастыру жолдары мен тәсілдері туралы хабарларды қызыға қабылдайды. Осылардың арқасында өмірдің күрделі міндеттерін іскерлікпен, мақсатты, сырттан басқарусыз, дұрыс шешу білігіне ие болады, өз бетімен өзіндік қажырлы еңбңгімен ғана жетуге болатынын ұғынады.

Өзін-өзі тәрбиелеудің тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек. Әрине, өзін-өзі тәрбиелеудің өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгейімен анықталады. Біз тек дарынды педагог К.Д.Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу ережесімен танысайық.



  • Асқан сабырлылық, ең болмағанда сырт көзге.

  • Сөзде және қылықтарда турашылдық.

  • Әрекетті жан-жақты ойластыру.

  • Батылдық.

  • Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау.

  • Санасыз бос уақыт өткізбеу, ретсіз емес көңілдегі іспен айналысу.

  • Әуесқойлық, құмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйініске шығындану.

  • Әр кеште өз қылықтары жөнінде есеп беру.

  • Болғанды, бүгінгі болатынды айтып еш мақтанбау.

Бұл ережелердің әр жолына түрлі мағына беріп, байыта беруге болады.

Өзін-өзі тәрбиелеудің міндеттемесі оқушыны өз тұлғалық сапаларын өзі талдауына мәжбүр етеді. Бұған итермелейтін аға ұрпақтың өнегелі өмірі, іс-әрекеті, қарым-қатынасы болады. Мұғалім оқушыға өзінің орынды немесе орынсыз сапалары мен кемшіліктерін түсінуге көмектесуі міндетті, яғни өзінің кім екенін өзі ұғынуға көмек беруі қажет. Бұған мұғалімнің оқушының жүріс-тұрыс тәртібі мен мінез-құлық қылықтарына баға беруі, оны басқалармен салыстыруы әсер етеді. Мұғалім тұлғалық сапалар мен қылықтардың арасындағы байланыстың сырын оқушыға ашып береді.

Өз тұлғасын ұғынудың өзі кейде оқушыны өзін-өзі тәрбиелуге жетелей бермейді. Өз кемшіліктерінің немқұрайды пайымдаушысы болып қала береді. Оларды түзетуге тырыспайды. Бұл жағдайда түсіндіру ұжым тарапынан сынау арқылы, өз кемшіліктерін түсініп күйзеліске келтіру арқылы сезіміне қозғау салу қажет.

Өзіндік міндеттеменің орындалуына, өз кемшіліктерін түзетуге оқушының бүкіл еркін жұмылдыруға өзіндік бұйыру көмектеседі. Оқушыларға сөз түрінде берілген: “қажет”, “жетеді”, “орындау крек”, “шыдау керек”, “тұр”, “өзіме бұйырамын” және басқа өзіндік бұйыру еркін жұмылдыруға және қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Өзіндік бұйырумен орынды қылықтарды орындаудың сапалы жаттығулары өзін-өзі тыңдаудың берік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Өзіндік бұйырумен таңертең белгілі уақытта тұруға, күнделікті жұмыс ырғағын орындауға, тәртіп сақтауға және т.б. орындауға болады.

Өзін-өзі тәрбиелеуде алдын-ала дайындық негізгі іс-әрекеті, қарым-қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік есеп беру де қолданылады.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне педагогикалық басшылық оралымды, икемді болу керек және олардың өзін-өзі тәрбиелеу құралдарын меңгеру барысындағы түрі өзгеріп отыруы керек. Алғашқы кезде мұғалімдер арнайы ұйымдастырылған іс-шараларына, өзін-өзі тәрбиелеудің ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекеттерге сүйенеді. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеудің құралдарын меңгере түсу барысында бұл шаралар бәсеңси түседі. Әрине, бұл оқушыларды бетімен қоя беру деген емес. Онан әрі де ұжымда бірлескен іс-әрекет, қоғамдық пікір ықпалы, бетпе-бет пікірлесу арқылы көмектесіп отырған жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет