2. Пән бойынша оқу бағдарламасы – sillabus


Глоссарий 1/ өзіндік сана субъектісі



бет37/42
Дата20.07.2020
өлшемі0,63 Mb.
#63318
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Глоссарий

1/ өзіндік сана субъектісі ретінде қалыптастыру үрдісі тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынасы негізінде жүргізіледі. Оның мазмұны:



  • білімдік;

  • әрекеттік;

  • құндылықтық бөліктерден тұрады, олардың тығыз байланысы негізінде жүзеге асырылады. Психологтардың айтуынша, бұл құрылым субъектінің тұлғалық өзін-өзі тану негізінде пайда болатын білімі /танымы, көзқарасы/ белгілі бір әрекеттерге негіз болып, тұлғаның өз құндылықтарын құрайды /Ж. Пиаже, Л. Выготский, т.б./.

2/ өзіндік таным субъектілігі тұлғалық өзін-өзі тануы қатынас шарттарының барысында іске асырылады. Бұл жағдайда тұлғаның дербестігін қолдау, өз әрекеттерін ойша талдауға мүмкіндік жасау, өзіндік бағалауға жағдай туғызу арқылы айналаны тануға, рухани, адамгершілік құндылықтарды өз бетімен игеруге қажеттік пайда болады. Оның бөліктері:

  • өз әрекетін ойша талдау,

  • өз мүмкіндігін бағалау,

  • өзіне қажетті салада өз бетімен танымдық әрекеттерін жүзеге асыру/П.Я. Гальперин, И.И. Зимняя/.

3/ өзіндік білім алу субъектісі болып педагогикалық үрдістегі субъектаралық қатынастар нәтижесінде қалыптасады. Оның кезеңдерін педагог-психологтар былайша белгілейді:

  • тұлға үшін білімнің өзектілігін туғызу;

  • өз деңгейі мен субъектілік тәжірибесі тұрғысынан қайта қарастыру;

  • өз білімін толықтыру, жаңа ақпаратты меңгеру;

  • өзіндік білім алу әрекеттерін ұйымдастыра білу/А.К. Маркова, В.К. Дьяченко/.

4/ өзіндік қарым-қатынас субъектілігі тұлғаның өз тәжірибесі негізінде өзгелермен қатынасы арқылы қалыптасады. Қарым-қатынас әрекеттері төмендегі бөліктердің бірлігі барысында жүргізіледі:

  • қарым-қатынас субъектілерінің өзара бір-біріне ықпал етуі нәтижесінде өздерін және бірін-бірі өзгерте алады;

  • қарым-қатынас мазмұны субъектілердің диалогтық, ынтымақтастық, бірін-бірі қолдау, көмек көрсету, жетістіктерге жетелеу т.б. адамгершілік тұрғыдан іске асырылады/В.В. Сериков, Ә.М. Мұханбетжанова/.

  • 5/ өз өмірінің субъектілігі сапасы тұлғалық – рефлексиялық әрекеттер негізінде қалыптасады. Оның бөліктері:

  • - тұлғаның өз мүмкіндіктерін тани білуі;

  • өзінің өмірлік бағдарын айқындай алуы;

  • өз дамуының нақты жолдарын белгілей алуы;

  • өз әрекеттерінен күтілетін нәтижені болжай білуі;

  • проблемаларды шешу жолдарын айқындай алуы;

  • өз мүмкіндіктерін толығынан жүзеге асыруы /Дьюи, А.А. Бисенбаева, Ш. Майғаранова/.

Аталған рефлексиялық сапалардың қалыптасуы педагогикалық шарттар ретінде белгіленген қарым-қатынастар негізінде жүзеге асырылады. Сөтіп біздің оймызша тұлғаның өзін-өзі тануын рухани адамгершілік құндылықтар негізінде қалыптастырудың негізі сыртқы ортаның ықпалы мен ішкі өзіндік даму үрдісі. Оқу үрдісінде тұлғаның өзін-өзі тануын рухани адагершілік құндылықтар негізінде қалыптастырудың бағыттары студенттер мен оқытушылардың өзара белсенді қарым-қатынасын көздейді, бірлескен әрекеттерге негізделеді және өзара түсіністік пен рухани шығармашылық негіздерін қалыптастырады. Сондықтан студенттердің оқу үрдісіндегі аталған педагогикалық қарым-қатынас шарттары орындалса, онда тұлғалық өзін-өзі тану тұрғысындағы субъектілер – студент, студенттің ішкі рухани дүниесі, оқытушы арасындағы қатынастың мәні ерекше сипатқа ие болып, субъектаралық , диалогтық, рефлексиялық мазмұн қалыптасатыны анықталды. Осылай «тұлғалық өзін-өзі тануын рухани адамгершілік құнлықтар негізінде қалыптастыру-педагогикалық үрдіс субъектілерінің өзіндік сапаларының қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін ұстанымдарға, шарттарға және іс-әрекеттерге негізделген өзін-өзі тану мен өзарақарым-қатынастар»- деген анықтама бере аламыз.

Жоғарыдағы ұстанымдар, педагогикалық шарттар мен іс-әрекет мазмұны негізінде және тәжірибелік-экспериментжұмысының анықтау кезеңіндегі көрсеткіштерді талдай отырып тұлғаның субъектілік сапаларын қалыптастыратын теориялық моделі құрастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет