2. Пән бойынша оқу бағдарламасы – sillabus



бет34/42
Дата20.07.2020
өлшемі0,63 Mb.
#63318
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
Тірек ұғымдар: Мәдениет, өркенитті қоғам, тәрбие принциптері

Жоспары:

1. Әлем даму заңдылықтарына сипаттама.

2. Өмір теңіз сен сүрінбей өте біл…

3. Таңғажайып үзінділер. Адам жерді гүлдендіруге тиіс. Төрт ана(М.Шаханов).

“Қазір қоғам адам болмысындағы мейірім, шапағат, төзім, махаббат… сияқты құндылықтардың жаңғыруына зәру болып отыр”.

Адамдарға сенім арту және оларды сүйе білу, олардың сыртынан ғайбат сөйлемеу, олар туралы жағымсыз танымына, тұлға мен ортаның дамуы көзқарасы мен қарым-қатынасына тікелей байланысты болып отыр. Адам өз бойындағы қараулықты, жалқаулықты, масаттануды, ашкөздікті, үрейді, екіжүзділікті, менмендікті жеңе білудің жолы ол адамның өзін-өзі тануы болып табылады.

Тұлғалық өзін-өзі тану бағыттарын саралау оның ішкі дүниесіне өзінің үңіліп, болашаққа берік сеніммен, биік адамгершілік тұрғыдан дайындалуына негіз болады. Бұл тұрғыда Ә.Мұқанбетжанова “Тұлғаны дамыту-өзекті мәселе” –атты, Қазақстан мектебі журналында жарық көрген мақаласында Ш. Амонашвилидің тұлға туралы айтқан ой пікірін келтіреді: “… тұлға өз-өзімен күресте болады, өзін-өзі тану және өзін-өзі анықтау үрдісінде туады, тәрбие және оқыту тұлғаның тұрақтану жолына бағытталады, сол жолда жеңіске жету үшін көмек беруге тиіс…” – деп келтіреді. Сөйтіп, студент тұлғасының бойында рухани-адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы тұлғаның өзін-өзі тануына бағытталуы оның ең тиімді құрылымы бар өзіндік даму жүйесінің болуын қажет етеді.

Осы орайда студенттің өзін-өзі тануы мен өзін-өзі түсінуінің қалыптасуын зерттейтін салалар тұлғаның біліктілігін көтеру мен оларды өмірге даярлау сапасын көтерудің тың көкжиектерін ашады. Себебі психикалық өмірдің бұл жағын қалыптастыру тұлғаның еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісі ретіндегі адамгершілік тұрғыдан жетілуінің алғы шарты болып саналады . Өзін-өзі танудың тағы бір қырын жеке тұлғаның белгілі бір іс-әрекетке бағыттаушы, бағдарлаушы ролін арнайы зерттеу ісін Ю.Н. Кулюткин, Г.С. Сухобская, В.Д. Шадринов және т.б. [95,96,97]. бастады. Болашақ маман ретінде өзін-өзі осы жолға бағыттап отырған студенттердің өзін-өзі тану дегеніміз нақты осы жолдағы оқу түрінің шарттары мен талаптарын, сонымен қатар болашақ мамандық иесінің мінез –құлық пен қатынастарының белгілі үлгісін қабылдау мен ұғынуды ғана емес, таңдап алынған әлеуметтік қарым-қатынастар саласындағы тұлғаның өзінің ролін, міндеттері мен мүмкіндіктерін тану мен пайымдауды білдіреді. Бұл процесс тұлғаның өзін іс-әрекет субъектісі ретіндегі тану үрдісіне негізделген. Бұл субъектінің нәтижелік жағын “Мен бейнесінің” студенттің тұлғалық аспектілерін құрайды – деп Васьковская С.В. өзінің психология ғылымдарының кандидаттық диссертациясында дәлелдейді.

Зерттеу барысымызда студенттердің өзін-өзі тануын зерттеген ғалымдар еңбектеріне шолу жасау, студенттің өзін-өзі тану барысында қандай қырларын дамытып жетілдіру керектігін шыңдай түсуге көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет