2. Пән бойынша оқу бағдарламасы – sillabus



бет30/42
Дата20.07.2020
өлшемі0,63 Mb.
#63318
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Тірек ұғымдар: тәрбие теориясы, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаты

Жоспары

1. Тәрбие теориясы және тәрбиеге жалпы сипаттама.

2. Тәрбиенің мақсат-міндеттері, категориялары және тәрбие-білім беру мақсатын орындаудағы арнайы ұйымдастырылған әрекет ретінде.

3. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбиеге көзқарастар эволюциясы.

Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастыру олардың бойында төмендегі қасиеттердің пайда болуына ықпал етеді:


  • жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық;

  • интелектуальдық сипаты: ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық өріс-өресі, терең танымдық, өзін-өзі сыни ойлау қабілеті;

  • ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық;

  • өз көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек көрсетуге даярлық;

  • болашаққа көзқарас сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, адамгершілік қасиетіне сыни көзқарас, өзінің адами даму сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім алуға қажеттілігінің болуы;

  • өз мамандығы бойынша студенттер өз бойындағы адамгершілікке жатпайтын олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға ұмтылуы;

Біз жүргізген нақты сауалнамалық зерттеу мәліметтері көрсетіп отырғандай, студенттердің басым көпшілігі ізгілік, адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, ар-ұят, имандылық, адамшылық, сүйіспеншілік, от басы татулығы , т.с.с. өмірлік принциптік мәні бар құндылық бағдарды әрбір жеке бастың бойынан табылуға тиісті қадір-қасиеттерден гөрі, студент жастарымыздың арасында қазіргі уақытта белең алып отырған келеңіз қоғамға жат қылықтар да аз емес. Оларға қазіргі жастар арасындағы кездесетін әлеуметтік енжарлық , қоғамдық өмірге деген селқостық, жалпы мәдени деңгейлерінің төмен қарай қатты құлдырауы, ішкілікке, нашақорлыққа салыну, қылмыс жасау жайлып бара жатқандығы ақиқат. Сондай-ақ дүниеқоңыздық, пайдакүнемдік, экстремизм, қайткен күнде баюға жанталаса ұмтылу сияқты дерт те кеңінен жайылып отыр.

Әрине, студенттерге жүргізіліп отырған философия, мәдениеттану, саясаттану пәндерімен мазмұны сабақтасып жатқан өзін-өзі тану пәнінен факультативтік сабақтар бағдарламасын құрып жүргізу оларды рухани – адамгершілік құндылықтарға оқытып, тәрбиелеу процесінде олардың әрқайсысының жеке басын жан-жақты үйлесімді қалыптастырып, тұлғалық, кісілік деңгейге жеткізу үшін көп іс атқарылуы тиіс. Себебі, студенттердің жеке тұлғасының, кемелдік бітім – болмысының қалыптасуына тек білім мен тәрбие беру процесі ғана әсер етпейді. Олардың жеке тұлғаларының қалыптасуына өзі өмір сүріп, іс-әрекет жасап отырған қоғамдық орта /ғылымда оны шартты орта деп атайды/, микроорта-нақты қоршаған орта, отбасы, ұжым, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, оқу орны, дос-жарандары, т.б. ықпал етеді. Үшіншіден, әрине, студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына білім беру мен тәрбиелеу процесі әсер етеді. Төртіншіден, олардың жеке бастарының жан-жақты әрі үйлесімді қалыптасуына өздерін-өзі тәрбиелеу жатады. Негізінен, осы жоғарыда аталған 4 фактордың ықпалының нәтижесінде студентердің жеке тұлғалық келбеті қалыптасып, нақтыланады.

Қазір Республикада жастарды тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамыту, жетілдіру бағытында үлкен ізденістер қолға алынып келеді. Ондағы ұстанған басты қағида – адамның кісілік келбеті мен адам деген атқа лайықты бола білуін қалыптастыру, адамның табиғатпен, әлеммен үйлесуі, халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін жүзеге асыру көзделуде.

Ойымызды қорытар болсақ, білім үрдісінің мақсаты – жастар рухының ішкі қуаты, ой-жігерін айқындауға, болашақ тұлғалық сапасын және осы өмірдегі өз міндетін анықтау ізденісіне басшылық жасау. Адам өзін-өзі танып, өз мақсатын анықтаса және оны ешқандай қиындықтарға қарамастан іске асыра білсе, сонда ғана ол тұлға бола алары сөзсіз. Осы орайда, Ш. Амонашвлидің …тәрбие- материалистік тар ұғымдағы адамгершілік сапасының сыртқы мазмұны ғана емес, тәрбие алатын тұлғаның жан-рух дүниесінің өрлеуі, адам өмірін белгілі мақсатқа бағыттаушы бастауы – деген тұжырымдарынан адамгершілік қадір қасиеттер, тұлғаның ішкі жан - дүниесімен /жан, рухымен/ астасып жатуында екендігін көрсетеді. Адамгершілік тәрбиесі сыртқы жалаң түрде емес, адамның жан дүниесінен өзіндік орын алып, оның қажеттілігін жанымен сезінгенде ғана рухани-адамгершілік қадір-қасиеттер өз бойында кемелдене дамып, сыртқа шапағатын төгері сөзсіз. Осыдан келе, қазіргі кезеңде жоғары рухани дүние құрылымын, табиғат заңдылықтарының сырын “жүрегі қатты, ойы суық адамдарға” айтып жеткізуге болмайды дегіміз келеді.

Жас ұрпақты тәрбиелеуді көздейтін дүние жөніндегі білім, табиғат, психика күштері адамды ізгілендіреді, олардың жүрегін оятады.

Рухтың ұясы-жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, неғұрлым рахымға толы болса, соғұрлым адамды ізгілендіреді.

Жүрек жылуынсыз тек қана ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да болашаққа да теріс ықпал етеді. Жастардың даму кезеңдерінде адамның рухани өзегін қоректендіруші ретінде тәрбие, біліммен қатар қолға алынуы тиіс, яғни білімге адами және рахымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жылуымен нұрландырған жөн.

Ойымызды қорыта келе айтарымыз, студент жастарға білім берудегі рухани-адамгершілік құндылық сезім мен ақыл-ойға тең дәрежеде сүйену қажет. Осы тепе – теңдіктің болмауынан білім жүйесінде сыңаржақты педагогикалық көзқарастар орын алып келгені белгілі. Содықтан да, жоғары оқу орындарында тәрбие рухани-адамгершілік құндылық – өзін-өзі тану арқылы өзін-өзі тәрбиелеу үлгісін ұстанып, оны өмірге ендіру көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады.

Тәрбиедегі басты мәселе - студенттердің тұлғааралық қатынасын дамыту, яғни өз құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуі, ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, әр адамның құндылығын және даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түрде түсіне білуі және өзіне сырт көзбен қарап, өзінің көңіл-күйін, атқарған іс-әрекетінің себебін түсініп, істеген ісінің нәтижесінде өзіндік баға беруі тиіс.

Студенттердің танымдық ұмтылысын дамыту үшін олардың өз артықшылығы мен кемшілігін көре білуіне және өзінің жеке басының құндылығын, даралық сипатын саналы сезінуге тәрбиелеу қажет.

Студенттік өмірдің алғашқы жылдарында мамандығына қарай білімді игеруге қажетті қабілет пен дағдылардың дамуын қалыптастырумен бірге студенттерді өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін саналы сезінуге бағыттау қажет.

Тәрбиені ізгілендірудегі басты мақсат- студенттерді ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға назар аудару.

Тұлғаға бағытталған тәрбиеде рухани- адамгершілік ұстанымдарын жүйелі түрде жүргізу тиімділікке жеткізеді. Ол үшін студенттердің мәдени құндылықтарды игеруіне, өзін-өзі дамыту дағдыларына, өмір сүре білуге бейімділігіне, тұлғааралық қатынастарды, дағдыларды игеруіне, өзіне және өзгеге жауапкершілікпен қарауына көмектесу басты нысана болып табылары сөзсіз.

Жетілген тұлға-ақыл-ойын, сезімін, еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген адам. Оның барлық ақыл-ойы мен іс-әрекетінің түп-төркінінде адамды құрметтеу, жақсы көру, сүю, өз махабатын адамдарға арнау ұмтылысы басым болады. Жетілген тұлғаның өзгелермен қарым-қатынасы махаббатқа негізделуі және оның бойындағы әдептік сипаттарын Майғаранова Ш. “Мектеп оқушыларына рухани-ізгілік тәрбие беру” еңбегінде төмендегідей тұжырымдайды:



  • өзгелердің мүддесін өз мүддесінен жоғары қою, кеңпейіл болу, тәккапарлыққа жол бермеу;

  • ата-анаға балалық құрмет көрсете білу, оларды құрметтеу, ата-анаға адал болу, оларды сүю;

  • достарының, отбасының Отанының сенімін ақтау;

  • өз ісін ізгілік мақсатқа арнау – басқалардың мүддесіне қызмет ету және маңызды істің шешіміне жету үшін өзінің іс-әрекетін, күш-қайратын жұмсау;

  • барлық адамдардың пікірін сабырлылықпен қабыл алу, алайда жағымсыз іс-қылықтардан, шектен шыққан істерден бойын аулақ сала білу;

  • шығармашылық ізденіске түсуден тайынбау, ортақ мақсатқа жету үшін көпшілікпен бірге жұмыс жасай білу;

  • жанашырлық таныту, өзгелердің қайғы-қасіретіне, мұң-мұқтажына ортақтаса білу, оларға көмектесу;

  • кешірімді болу, ренішке, өшпенділікке жол бермеу, ол үшін жамандық ойлап, кек алудан аулақ болу;

  • қайшылықтарды, түрлі көзқарастарды, ой-пікірлерді түсініп, ортақ шешім табудың жолын іздестіру;

  • рақымды, мейірімді болу, адамның көңіл-күін алдын-ала сезе білу;

  • көмектесу, көмек күткен адамға көмек көрсетуге әзір тұру.

13 дәріс тақырыбы: Өнер құдіреті .




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет