2 практикалық сабақТЫҢ тапсырмалары тақырыбы: Қанның корғаныс қызметтері: Лейкоциттер. Иммунитет. Гемостаз Хаттама құрастыру: Тапсырма. Кестені толтыру «Лейкоциттер қызметтері»


Эозинофил Гистаминді ыдырататын гистаминаза



бет2/3
Дата18.04.2023
өлшемі28,37 Kb.
#174803
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
7 бөж хаттама Нақыпбек Аяжан
mzh.-trkter-turaly-tarihi-derekter 3
Эозинофил



Гистаминді ыдырататын гистаминаза ферментін бөліп шығарады және құрамында гистамині көп өлі базофил түйіршіктерін қармап алып қорытады. Сондықтан да эозинофилдердің саны аллергиялық реакция кезінде көбейіп кетеді және қанда гистамин көбейеді. Эозинофил белоктан тұратын уытты заттарды залалсыздандырады, антидене қалыптастыруға қатысады, плазмоген жасайтын затты бөліп шығарады.

Лимфоциттер



Лимфоциттер арнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл денедегі иммунитет жайын қадағалайды. Олар залалды заттарды, клеткаларды жоятын арнайы клеткалар және плазмалық антиденелер бөліп шығарады. Лимфоциттер Т(тимуске байланысты), В(бурсаға байланысты),
О-лимфоциттер болып бөлінеді.



Т-лимфоциттер



Т-лимфоциттер сүйек кемігінде,жілік майында түзіледі де тимус безінде одан әрі дамиды. Олар киллер, хелпер, супрессор деп аталатын клеткаларға бөлінеді. Киллер-өлтіруші клетка ісік жасушаларын, адам денесіндегі жат ағзалар мен ұлпаларды дамытпайтын иммунитет клетка.
Хелпер-көмекші клетка, В-лимфоцитпен әрекеттесіп,оны плазмалық антидене шығаратын клеткаға айналдырады. Супрессор-қысым көрсетуші клетка. Ол В-лимфоциттің және Т-киллер реакциясын күшейіп бара жатса,тежеп отырады.

В-лимфоциттер



В-лимфоциттер жілік майында түзіліп, ішек пен бүйеннің (тоқ ішектің) лимфоидтық тіндерінде, бадамша бездеріне одвн әрі дамиды. В-лимфоциттер мен Т-лимфоциттер өзара әрекеттескен соң иммунды глобулиндер (антиденелер) шығарады (гуморалдық иммунитет).

О-лимфоцит

О-лимфоциттер Т немесе В белгісі жоқ лимфоциттер,басқа клеткаларды ерітіп ыдырататын ауытқыған жасуша. Лейкоциттердің барлық түрі опсонин бөліп шығарады.

2. Тапсырма




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет