2. Судың жер бетіндегі процестерге тигізетін әсері Судың халық шаруашылығында атқаратын рөлі Пайдаланатын әдебиеттер



бет1/15
Дата28.11.2019
өлшемі0,75 Mb.
#52650
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Гидрология 1

№ 1 кредит I-лекция.

Тақырыбы: Кіріспе (1 сағат)

Жоспар:1Жалпы гидрология пәні: мақсаты мен міндеттері

2. Судың жер бетіндегі процестерге тигізетін әсері

3. Судың халық шаруашылығында атқаратын рөлі

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Ж. Достайұлы. Жалпы гидрология. А. 1996

2. Н. П. Неклюкова. Жалпы жертану. А. 1980.

3. Зологин Б. Мировой океан . М. 2001.

4. Богданов Д. В. География Мирового океана. М. 1978.

5. Шубаев Л. П. Общее землеведение. М. 1990.

6. Мильков Ф. Н. Общее землеведение. М. 1990.

7. Құсаинов С. А. Жалпы геоморфология. А. 1998.

8. Достав Ж. Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан қорғау. А. 1993.

9. Мехаилов В. Н, Добровольский А. Д. Общая гидрология. М. 1991.

10. Горбунов А. П. Льды под землей. А. 1982.



б) қосымша

11. Достав Ж. Жалпы гидрология. А. 1993.

12. Долгушен Л. Д. Ленники. М. 1989.

13. Жаппарханов С, Бәкіров Н. Көгілдір континент құпиялары. А. 1985.

14. Омаров Т. Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. А. 1975.

15. Кан С. И. Океан и атмосфера. М. 1982.

16. Алексин О. А, Ляхин Ю. И. Химия океана. М. 1984.
Лекцияның мәтіні:

Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде және адамзаттың тұрмыс – тіршілігінде үлкен рөл атқарады.

Су – зат алмасу мен ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта. Адамзат өмірі мен мәдениетінің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында, медицинада және т.б. толып жатқан салаларда кеңінен қолданылады. Су- физика, химия, механика және басқа да ғылым салаларының зерттеу обьектісі.

Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын су айналымы – құрлықтарды сумен қамтамасыз етудің кепілі. Су тау жыныстарын механикалық бұзу және еріту арқылы жер бетінің сыртқы көрінісін қалыптастырады.

Жер қыртысындағы судың мөлшері өте мол. Құрлықтың негізгі бөлігін басып жатқан топырақ қабатындағы судың көлемі осы топырақ қабатының 70 пайызын немесе одан да көп мөлшерін құрауы мүмкін. Топырақтағы су топырақ құрамының қалыптасуына, құнарлылығына және басқа да қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді.

Жер асты сулары жалпы көлемі жағынан теңіздер мен мұхиттардағы сулардан кейін екінші орында. Су жердің терең қабаттарына дейін ұшырасады. Аса тереңдіктердегі зор қысымға байланысты таза су сұйық күйінде өте жоғары температураларда да (300 С – дан жоғары) кездеседі, ал әр түрлі тау жыныстарымен араласу арқылы пайда болған ерітінділер + 400 С-ден жоғары температурада сұйық күйінде болады. Жер асты суларының ең төмендегісі шамамен жер бетінен 13-14 км тереңдікте. Одан тереңде су бу күйінде кездесуі мүмкін.

Судың еріткіш ретіндегі рөлі аса зор, себебі заттардың ерітіндіден тысқары жерде бір – бірімен қарым –қатынасқа түсуі өте қиын. Жер қойнауындағы химиялық заттар су ерітіндісі арқылы көптеген жаңа қосылыстар түзе алады. Химиялық заттар су ерітіндісімен жер қабатында үлкен қашықтықтарға еркін орын алмастырады және қолайлы жағдайларда олар химиялық құрамы біртекті, аумақты шөгінділер құрайды.

Судың маңызы әсіресе жер бетіндегі органикалық өмірдің дамуы мен сақталуы үшін өте зор.

Биологиялық өмірде су зат алмасу мен ағзалардың дамуын қамтамсыз ететін бірден – бір негізгі орта болып табылады. Мысалы, су өсімдіктерге топырақтан қоректік заттар жеткізеді және температурасын реттеп тұрады: жапырақтың бетінен буланып шығу арқылы су оларды шілденің аңызағында күйіп кетуден сақтайды. Өсімдіктер өздерінің биологиялық тіршілігінде топырақ арқылы бойларына өте көп мөлшерде су сіңіреді.

Атмосферадағы су жазда жерді құрғап қалудан сақтаса, қыста аса суып мұздыққа айналып кетуден қорғайды, яғни ғаламшардың біркелкі климаттық жағдайын қамтамасыз етеді.

Су халық шаруашылығында кең көлемде пайдаланылатын әркім жақсы біледі. Жергілікті тұрғындарды, кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету, судың ағын күшін пайдалану су көлігін дамыту, жер суару және де басқа маңызды мәселелерді шешу әрқандай өлке аумақтардың су қорларын пайдаланумен тығыз байланысты.

Үстіміздегі ғасырдың басына дейін өзендеріміз бен көлдерімізді негізінен тек су жолы ретінде және жер суару үшін қолданып келгеніміз белгілі. Ескеретін жайт: өзендер мен көлдердің энергетикалық қуат қоры да өте мол.

Бұрынғы КСРО өзендерінің жалпы қуат мүмкіндіктері шамамен 280 млн кВт болса, ал АҚШ – та – 80 млн кВт, Канадада –30 млн кВт,Норвегияда –10 млн кВт, Францияда – 6 млн кВт, Италияда – 8 млн кВт. КСРО – да су қуатының қорларын қарқынды түрде пайдалану 1921 жылғы ГОЭЛРО жоспарынан басталды. 1926 жылы сол электр станциясы, ал 1932 жылы Днепр ГЭС –і іске қосылды. Осы кезде Беломор – Балтық каналы, Москва атындағы канал, Волга – Дон кеме қатынайтын канал, Рыбинск және басқа да ірі су қоймалары салынып бітті. Сонымен бірге жақсарту (мелиорациялық) және су көлігін дамыту жөніндегі жұмыстар басталды.

Су шаруашылық құрылысы әсіресе соғыстан (1941-45 ) соң зор қарқынмен өрістеді. Бұл жылдары ондаған аса ірі СЭС –тер (Нева, Өскемен, Храм, Минчегаур, Цимлян, Кахов, Нижний Новгород, Кама, Волга) іске қосылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде КСРО – дағы көптеген өзендер мен көлдер өзінің табиғи қалпын өзгертті.

Сібір су қуатының қорларын игеруге байланысты су қуатын пайдалану құрылысының жаңа кезеңі басталды. Иркутск және Братск СЭС –сі іске қосылды. Ангарадағы Усть- Илим СЭС –інің құрылысы, Енисейде Краснояр СЭС –і тұрғызылды, ал өзеннің жоғарғы саласында одан да зор Саяно – Шушенск СЭС –інің құрылысы басталып кетті. Обьта,Амур алқабында аса ірі су қуатын пайдалану құрылыстарын салу іске асырылды, су жолдарын жақсарту жөнінде көп жұмыстар істелінді.

1971 жылы КСРО – да электр қуатын өндіру 800 млрд кВт сағ- қа жетті, ал барлық электр станцияларының бірлескен қуаты 175 млн кВт – тан асып кетті. Су электр станцияларының электр қуатын өндіру 128 млрд кВт сағ-қа (16 пайыз), жетті, ал олардың қуаты 33,5 млн кВт- қа ұлғайды, яғни барлық электр станциялардың жалпы қуатының 19 пайызына теңелді.

Сатылы СЭС электр қуатын берумен бірге терең су жолдарын дүниеге әкелді. Днепрде, Припятьтың сағасынан Қара теңізге дейін, Волга мен Камада жалпы ұзындығы 4800 км су жолы т.б. іске қосылды. КСРО – ның еуропалық бөлігінде біркелкі терең су жолының жүйесін құруға қол жеткізілді.

Су қорларын кешенді пайдалануда жер суару мен жайылымдарды суландыру - өте маңызды мәселе. КСРО – дағы суаруға жарамды жердің жалпы аумағы 140 млн. гектарға тең десек, қазіргі кезде суаруға дайындалған жердің көлемі 10-12 млн гектарға жетті, оның 10,2 млн гектары – егістік, нақты суарылатыны – 9,8 млн га. Осынша зор көлемді жерді суару үшін өзендердің ағын суынан жылына 130 км3 суды алуға тура келеді. Осыншама судың негізгі бөлігі - өзендерге қайта құйылмайтын сулар. Елімізде, жалпы алғанда арналарға қайтып оралмайтын су көлемі қант қызылшасына байланысты – 130- 160 м3, бидайға –800-1200 м3; пішен –шөпке –1000-1600 м3, мақтаға –4000-5000 м3, күрішке –600 –700м3.

1940 –1980 жылдар аралғында, халық шаруашылығының негізгі салаларындағы суды пайдалану шығыны 4 еседен де көп мөлшерге өсті, соның ішінде өндірісте 8 еседен көбірек, ал ауыл шаруашылығында 3 есеге жуық.

Елімізде өнеркәсіп пен коммуналдық шаруашылық үшін алынған судың көлемі 1980 ж. 295 км3 –ге жетті. Судың ең көп шығындайтын сала жалпы өнеркәсіптік су шығынының 35- 40пайызға кететін жылу энергетикасы болып есептеледі. Ал қара металлургияның үлесіне өнеркәсіптегі барлық су шығынының 13 пайызға тиесілі, келесі орындарды түсті металлургия (10 пайыз), химия (9 пайыз), отын және мұнай –химия (7 пайыз), қағаз –целлюлоза (6 пайыз) өнеркәсіптері алады.

Су тасымалдауда адам баласы ертеден –ақ түсінген. Адамзатқа тән өркениет қанат жая бастағанда- ақ су тасымалдаудың ең қолайлы тәсілі – су ылдиға қарай өздігінен ағатын арна – арықтар пайдаланылды. Ертеде су жүйелерін (ирригация) халықты сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланды. Ол кезде су шағын қашықтықтарға апарылды: Қытайдағы ұлы канал мен қазіргі Суэц каналы секілді алып су арналары болғанымен, ең үлкен каналдар мен су науаларының (акведуктер) ұзындығы жалпы алғанда 100 км –ден асқан жоқ.

Көне дәуірлердегі суару мен су құбырларының жүйесі көп тармақты және аса ұзын болды. Император Трояның кезеңінде (б.з.д. 117-53 ж.ж. ) Римнің 9 су құбыры жүйесінің жалпы ұзындығы 443 км болды, оның ішінде 50 км –ге жуығы су науалары еді. Ал Римнің нағыз гүлдену шағында қаладағы 14 су құбырының ұзындығы 570 км жетіп оның 80 км су науаларының үлесіне тиді. Бірақ та көне дәуірдегі барлық аса ірі жүйелермен тасымалданатын судың көлемі жылына 1 текше км –ге жеткен жоқ, ал су алмасу тек әр алаптың (бассейнінің) өз ішінде жүргізілді.

Ғалмшарымызда ірі қалалардың тез өсуі, олардағы өнеркәсіп орныдарының аса үлкен жылдамдықпен дамуы су тасымалдау көлемінің өсуін жылдамдатты. ХХ ғасырдың басында аса ірі су тасымалдау жүйелері арқылы тасылған судың көлемі 1,5 текше км –ден асқан жоқ.

Ғасырымыздың басынан бастап аса ірі су жүйелері салына бастады. Мысалы Суэц, Панама каналдары және ХХ ғасырдың бірінші жартысында бірден бірнеше текше км су тасымалдай алатын жүйелер салынды. Олар: КСРО – дағы Үлкен Ферғана каналы – жылына 6 км3, Москва –Волга каналы- жылына 2,3 км3, Америкадағы Нью –Йоркте Далавер өзенінде сумен қамтамасыз ету жүйесі – жылына 1,3 км3 және т.б. Аталған жүйелердің әрқайсысымен көне дәуірде салынған жүйелердің барлығын қосқандағыдан да көп су тасымалданатын болды. Әсіресе аса ірі су жүйелерін салу ХХ ғ екінші жартысында жоғары қарқынмен іске асырылды. Бұл кездегі салынған жүйелер негізінен алап аралық сипатта болып, жекелеген жүйелермен тасымалданатын судың көлемі 10 текше кем –ге жуықтады.

КСРО – дағы барлық ірі су жүйелерін қосқанда су тасымалдаудың көлемі жылына 50 текше км –ге жақындап, ал жалпы ұзындығы 3400 км –ден асты. Бұл – дүние жүзінің аса ірі өзендерімен бара – бар келетін қашықтық, ал судың көлемі Еділ өзенінің жылдық ағысының бестен бір бөлігіне теңесті. Жалпы КСРО – да ұзындығы 4500 км – ден асатын каналдармен жылына 110 текше км су (Еділдің жарты жылдық ағысы) тасымалданды.

Еліміздегі су қорларын пайдаланудың жылдам өсуіне байланысты суды реттеу және қайта бөлу мақсатында істеліп жатқан инженерлік шаралар көп жағдайда су обьектілерінің режиміне және сапасына үлкен әсер етті. Суды шаруашылыққа пайдалану мақсаттар кешенді түрде шешіле бастады. Кешенді шешім жекелеген аймақтық шешімдерден су шаруашылығы шараларын шешудің бірыңғай жүйесіне көшуді қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет