2. Судың жер бетіндегі процестерге тигізетін әсері Судың халық шаруашылығында атқаратын рөлі Пайдаланатын әдебиеттер



бет6/15
Дата28.11.2019
өлшемі0,75 Mb.
#52650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Гидрология 1


Кішгірім және орташа қалаларды, ауылдық жердегі елді мекендерді шаруашылық ауызсумен қамтамасыз ету айтарлықтай мөлшерде тұщы жер асты су қорларының есебінен жүргізіледі. Ал, аса ірі қалалар (халқының саны 1 млн-нан асқан) негізінен жер үсті сулары­мен камтамасыз етіледі.

ТМД елдерінде негізгі су көзі болып жер асты табылатын айтарлықтай іpi аудандардың саны едәуір (Өзбекстанның, Орталық Қазакстанның шөл және шөлейт аудандары).

Термальды жер асты сулары халық шаруашылығында негізінен парниктерді жылумен қамтамасыз ету үшін, ғимараттарды жылыту және бальнеологиялық мақсаттар үшін пайдаланылады.

Жоғары температуралы (60-100°С) және қайнаған (>100°С) жер асты сулары электр энергиясын шығаруға қолданылады. Камчаткада, КСРО-да бірінші рет Паужет тәжірибе-өнеркәсіптік геотермальды электр станциясы пайдалануға берілді.

Тау-кен өнеркәсібінде шахталардағы жер асты суларымен күресу іci күрделі мәселеге айналып отыр. Кейбір жағдайларда шахталардағы жер асты сулары химия өнеркәсібінің бағалы элементтерді алудағы (йод, бром, литий; стронций, рубидий ж. т. б.) әжептәуір минералдық базасына есептелінеді.


Лекция № 18

Тақырыбы: Жер асты суларының қалыптасуы және режимі (1 сағат)

Жоспар: 1. Жер асты суларыынң қалыптасуы

2. Жер асты суларының режимі

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Ж. Достайұлы. Жалпы гидрология. А. 1996

2. Н. П. Неклюкова. Жалпы жертану. А. 1980.

3. Зологин Б. Мировой океан . М. 2001.

4. Богданов Д. В. География Мирового океана. М. 1978.

5. Шубаев Л. П. Общее землеведение. М. 1990.

6. Мильков Ф. Н. Общее землеведение. М. 1990.

7. Құсаинов С. А. Жалпы геоморфология. А. 1998.

8. Достав Ж. Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан қорғау. А. 1993.

9. Мехаилов В. Н, Добровольский А. Д. Общая гидрология. М. 1991.

10. Горбунов А. П. Льды под землей. А. 1982.

б) қосымша

11. Достав Ж. Жалпы гидрология. А. 1993.

12. Долгушен Л. Д. Ленники. М. 1989.

13. Жаппарханов С, Бәкіров Н. Көгілдір континент құпиялары. А. 1985.

14. Омаров Т. Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. А. 1975.

15. Кан С. И. Океан и атмосфера. М. 1982.

16. Алексин О. А, Ляхин Ю. И. Химия океана. М. 1984.
Лекция мәтіні:

Жер асты суларының қалыптасуы жөнінде негізінен-екі теория қалыптасқан: сорғу (инфильтрация) және конденсациялық теориялар.

Сорғу теориясы жер асты суларының қалыптасуын атмосфералық жауын-шашындары мен жер үсті суларының жерге сіңуі (топырақ қабатынан сорғуы) арқылы түсіндіреді, (Беруний). Ірі жер жарықтары және қуыстарымен сорғыған сулар, су еткізбейтін қабаттарға жиналады да, жер асты суларына бастау береді.

Жер асты суларының сорғу жолымен қоректенуі мерзімдік құбылмалылығымен ерекшеленеді және табиғат жағдайларына тәуелді (жер бедері, өсімдік жамылғысы, адамның қызметі).

Конденсациялық теория жер асты суларының қалыптасуын су буларының жер жарықтары мен қуыстары арқылы атамосферадан конденсациялану жолымен жинақталатындығымен түсіндіреді.

Бұл екі теория қазіргі кезеңде бір-біріне қарама-қарсы қойылмайды, бірін-бірі өзара толықтырады. Себебі көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жер қыртысына сулар сұйық тамшылар түрінде де (көпшілік жағдайда) және су буы түрінде де (айтарлықтай аз) өтетіні дәлелденді.

Атмосфералық жауын-шашыны көп аудандарда жер бетіне жақын орналасқан (/г==;300...40О м) су алмасу жылдам өтетін қабатта жер асты сулары негізінен сорғу жолымен қалыптасады.

Жауын-шашыны аз әрі ылғал көп буланатьш аудан­дарда (шөл, шөлейт) жер асты сулары негізінен су буларының конденсациялануымен қоректенеді.

Жер қыртысының терең қабаттарында орналасқан жер асты суларының су алмасуы өте төмен. Олар өте ертеде теңіз шөгінділерінің тығыздалу кезінде өз бойынан суды қысып, ығыстырып шығару нәтижесінде қалыптасқан. Бұл сулар әдетте, өте тұзды болып келеді;

Сонымен қатар жер асты суларында ювенялді сулар-ды да беліп қарайды. Бұл судар жер ядросындағы маг-мадан бөлініп шыкдан су буларының конденсацияға үшырауы арқылы қалыптасқан. Ювениль суларыньщ жер бетіңе тікелей шығуы вулкандардың жұмыс істеу кез-дерінде күшейеді.

Жер асты сулары жер қыртысында, тау жыныста-рында сорғу арқылы немесе сіну жолымен қозғалады. Сорғу кезінде судың^қозғалысы жарықтар мен қуыстар-дың бір бөлігінін су буы немесе ауамен толтырылуы арқылЫ жүргізіледі (аэрация белдемі). Сіңу "^процесі жарықтар мен куыстар суға түгел толған жағдайда жү-реді. Бұл козғалыстағы судьщ массасы сіну ағысын ту-ғызады.

4\Жер асты суларыньщ қозғалысы кальштаскан және калыптаспаған, тёгеурінді және тегеурінсіз, ламинар және турбулёнтті болып келеді.

Жер асты суларыньщ қалыптаскан қозғалысы ке-зінде сіңу ағысының барлык элементтері (ағыс жыл-дамдығы, шығыны, бағыты т. б.) мерзімдік өзгерістерге ұшырамайды. Егер сіңу ағысының негізгі элементтері мерзімдік өзгерістерге үшырайтын болса, онда бүл ағыс-ты калыптаспаған деп атайды. Жер асты суларыньщ ағыеы мұндай сипатка әр түрлі табиғи және жасанды факторлардың (атмосфералық жауын-шашынның бір-келкі сорғымауы, скважиналардағы су copy, егістіктерді суғару, т. б.) әсерінен пайда болады.

Гидравликалық сипатына карай жер асты суларын тегеурінсіз (суөткізгіш кабаттьщ көлденең кимасының суға. толмауынан) және тегеурінді (сулы кабат суға толған) жер асты.су ағыстары депбөледі.

Жер асты суларының ағысы ламинар немесе турбулентті болуы мүмкін. Ламинар козғалыс кезінде су акпалары Хструя) құйындалмай бір-біріне параллель ағады. Ламинар қозғалыс қуысты жер қыртысындағы жер асты суларында кездесуі мүмкін. Ірі жарықтары бар, қуыс тау жыныстарында (сіңу коэффициенті Қф >300... 400 м (тәулік) және жақсы шайылған малта тастарда сулардың қозғалысының бұл түрі тау жыныстарында сирек байқалады.

Жер асты суларының қозғалысы гидравликалық тегеуріндердің айырмашылығы (деңгейлердің) болған жағдайда байқалады. Сулар биік тегеурінді орынңан (деңгей) пәс тегеурінді орынға (деңгей) қарай қозғалады.



Тегеуріндердің айырмасынеғұрлым көп болса, соғұрлым жер асты суларының қозғалысы жылдам, Тегеуріндер айырмасының (АН) сіну жолынын ұзындығына (/) қатынасын тегеуріннің немесе гидравликалық градиент деп атайды.



6.1-сурет. Жер асты суларының қозғалысы. ;

 (6.1)

Тегеуріннің градиенті — өлшемсіз шама.

Суға толығымен қанған грунттарда, қозғалыстың ламинар режимінде сіңу Дарси заңына бағынады.

 (6.2)

Мұндағы Q — су шығыны, м3/тәулік, Ғ — ағыстың неме­се сулы қабаттың көлденең қимасы, м2Кф — сіңу коэф­фициенті, тегеуріннің градиенті бірге тең кездегі сіңу жылдамдығы, м/тәулік.

Теңдеудің екі жағын бірдей көлденең қиманың ауданына (Ғ) белсек және еіңу жылдамдығының (v) түсінгін кіргізсек, яғни су шығынының. ағыстың көлденең қимасына қатынасын v^Q/F деп алсақ, онда

 (6.3)

Дарси заңының бұл көрінісінен шығатыны сіңу жылдамдығы тегеуріннің бірінші дәрежелі градиентіне тура пропорционалды (ламинар режимде).

Дарси Заңы, немесе сіңудің түзу сызықтық заңы әр түрлі тау жыныстарында болатын сіңу жағдайларынын басым көпшілігінде әділетті, сондықтан бұл заңды жер асты суларының қозғалысының негізгі заны деп атайды, Турбулентті ағыстың қозғалысы Дарси заңына бағынбайды. Бұл режим үшін А. А. Краснопольский мыңа теңдеуді ұсынды.

 (6.4).

Мұндағы Кт — далалық тәжірибе жағдайда анықталатын сіңу коэффициенті.

Жер асты суларының режимі дегеніміз—олардың дейгейінің, химиялық құрамының, температурасының және шығынының мерзімдік өзгеріске ұшырауы.

Табиғи жағдайда жер асты сулары бұзылмаған (табиғи) режимімен сипатталады. Бұл режим метеорологиялық және геологиялық факторлардың әсерімен қалыптасады.

Жер асты суларының режимінің қалыптасуына негізгі әсер ететін метеорологиялық факторлар (жауын-шашын, булану, ауаның температурасы, ауа кысымы) болып табылады. Олар жер астыларының деңгейінің химиялық құрамының, температурасының және шығынының маусымдық, жылдық және әп-сәттік кұбылмалылығын калыптастырады.

Маусымдық құбылмалық айтарлықтай амплитуда мен сипатталады, себебі жауын-шашын мен буланудың жыл бойы үлестіріміне тәуелді. Яғни, бұрынғы КСРО-ның көпшілік аудандары үшін жер асты суларының көктемгі деңгейінің көтерілуі сәуір-мамырдағы қар ерудің артынан байқалады. Солтүстік аудандар үшін жер асты суларының теменгі деңгейі қыс мерзіміне, терең тоңның әсерінен жер асты суларының қоректену кездері шорт қысқарған шаққа тура келетін болса, ал онтүстік аудандарда төменгі деңгей күшті булану болатын жазғы мерзімге қабаттас келіп отырады.

Жер асты суларының көпжылдық құбылмалылығы айтарлықтай заңдылықпен сипатталмайды. Сулы және құрғақшылық жылдар бірінің артынан бірі кезектесіп келіп отыруы мүмкін; ұзақ мерзімді сулы және құрғақшылық жылдары қабаттасып келетін жағдайлар да кездеседі, оларға жер асты суларының жоғары немесе темен деңгейлері тура келіп отырады. Жауын-шашын мол жылдары жер асты суларының коры толығьш отырса, кұрғакшылық жылдары — керісінше, шығынға ұщырайды. Бұл жер асты суларымен қоректенетін өзендердің жылдық ағындысының кұбылмалық амилитудасын азайтады.

Қысқа мерзімдік қысқы жылымық пен жазғы жауын-шашындар жер асты суларының деңгейінің қысқа уакытқа үлкен дәрежеде құбылуына әкеліп соғады. Бұл өзгерістердің амплитудасы жоғары мөлшерге жетуі мүмкін.

Жағалауда орналасқан жер асты суларының режиміне жер үсті су көздері әсер етеді. Мысалы, өзен, көл және бөгендердегі су денгейінің құбылмалылығы жер асты суларының денгейі мен химиялық құрамына жағалау манының ені 0,2...0,5 км жолағына (құмдақ-балшықты тау жыныстары) әсер етсе, ал су өткізгіштігі жоғары тау жыныстары үшін 2...6 км-ден астам кашықтықта әсер етеді. Өзен аңғарындағы немесе көл казан-шуңқырындағы жер асты суларынын денгейінің құбылмалылығы өзен немесе көлдегі су деңгейінін едәуір мерзімге кешігіңкіреп қайталап отырады. Сонымен бірге, жер асты суларының өзендер мен көлдерді коректендіріеді отыратын атап кетуіміз керек, әсіресе құрғакшылық жылдары жер үсті ағындысы жоқ немесе жоқтын қасы шамасында болған жағдайда.

Теңіз жағалауына жақын аудандарда жер асты суларының деңгейі теңіз деңгейінің өзгеруімен сәйкес кұбылып отырады. Жер асты суларының режиміне әсер ететін геоогиялық факторлардың ішінде ерекше атауға тура келетіндері тектоникалық козғалыстар, жер сілкіністері, вулкандық әрекеттер және т.б.



Лекция №19

Тақырыбы:Жер асты сулары (1 сағат)

Жоспар: 1.Грунт сулары

2. Пластаралық сулар

3. Артезиан сулары

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Ж. Достайұлы. Жалпы гидрология. А. 1996

2. Н. П. Неклюкова. Жалпы жертану. А. 1980.

3. Зологин Б. Мировой океан . М. 2001.

4. Богданов Д. В. География Мирового океана. М. 1978.

5. Шубаев Л. П. Общее землеведение. М. 1990.

6. Мильков Ф. Н. Общее землеведение. М. 1990.

7. Құсаинов С. А. Жалпы геоморфология. А. 1998.

8. Достав Ж. Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан қорғау. А. 1993.

9. Мехаилов В. Н, Добровольский А. Д. Общая гидрология. М. 1991.

10. Горбунов А. П. Льды под землей. А. 1982.

б) қосымша

11. Достав Ж. Жалпы гидрология. А. 1993.

12. Долгушен Л. Д. Ленники. М. 1989.

13. Жаппарханов С, Бәкіров Н. Көгілдір континент құпиялары. А. 1985.

14. Омаров Т. Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. А. 1975.

15. Кан С. И. Океан и атмосфера. М. 1982.

16. Алексин О. А, Ляхин Ю. И. Химия океана. М. 1984.


Лекция мәтіні:

Грунт сулары – тұрақты сулы горизонттың бетінен бірінші су өткізбес қабат жауып жатпаған су. Бұлар барлық жерде дерлік таралған ұзақ уақыт бола алады. Грунт суымен тұйықталған тау жыныстарының пластары сулы горизонттар деп аталады, ал грунт суларының беті бұлардың, - айнасы делінеді. Сулы горизонттың қалыңдығы – су өткізбес пластының бетінен грунт суы айнасына дейінгі аралық.

Грунт суының қоректену обылысы оардың таралуымен сай келеді. Қоректенуде ұзақ ақ жаңбырлар мен көктемгі еріген сулар үлке роль атқарады. Бірақ су баяу сіңетін болғандықтан грунт суының деңгейі бірдей көтерілмейді, жауын – шашын түскеннен немесе қар еріненнен – кейін едәуір уақыт өткен соң барып көтеріледі. Тек жарықшақты және қарастырылған жыныстарда ғана грунт суы деңгейінің көтерілуі біршама тез болады (кейде бірнеше сағаттан соң). Грунт суы деңгейінің маусымдық ауытқуы бірнеше метрге жетуі мүмкін. Қоңыржай ендіктерінің континеттік климат жағдайында ең жоғары деңгей көктемге (қар ерігеннен кейін) тура келеді. Теңіз климатында қыс кезіне (жауын – шашын жеткілікті болғанда ең аз булануда) келеді.

Грунт сулары деңгейінің жағдайына орман әсер етеді. Мұнда ашық жерге қарағанда жер бетінен булану,а ылғал шғыны аз болады. Қар ериді де ылғал көп сіңіріп үлгереді, бұған ормандағы тоопырақтың жоғары инфльитрациялығы мүмкіндік береді. Мұның бәрі грунт суының көтерілуіне тиіс. Бірақ сонымен бірге горизонтта орналасқан ағаш тамыр системасы арқылы оны жинап алып, ылғалды өте көп уландырады да грунт суының деңгейінің төмендеуін тудыру мүмкін. Сонымен грунт суларының деңгейіне орманның ықпалы туралы мәселені нақтылы жағдайларды ескере отырып қарастырған жөн.

Грунт суларының айнасының беті әдетте рельефтің төмендеуіне қарайғы бағыт бойынша еңісті толқын тәрізді болады (өзен аңғарлары, сайлар т.б.). грунт сулары грунт тасқындарын түзе отырып еңіс жаққа қарай фильтірленді. Сирек су өткізбейтін пластик беті үңгіме болады әдетте сол жерде грунт бассейіні пайда болды.

Ірі түйірлі құмдарда грунт суларының қозғалу жылдамдығы тәулігіне 1,5-2,0 м, ұсақ түйірлі құмдар мен құмайттарда 0,5-1,0 саз дақтар мен лестерде тәулігіне 0,1-0,3м.

Грунт суларының температурасы әдетте ауа температурасына қарай өзгеріп отырады. Су неғұрлым терең жатса, максимум мен менимум моменттері соғұрлым көп кешігіп отырады. Жер бетіне жақын грунт суық қыстары қатып қалуы мүмкін.

Грунт суларының химиялық құрамы мен минералдану дәрежесі олар орналасуынан жыныстардың құрамы мен ұоректендіретін суға, жату тереңдігіне және климат жағдайларына байланысты. Ылғалдылыңы мол болғанда грунт сулары тұщы немесе минералдану төмен, ал жеткіліксіз ылғалданғанда олардың минералдануы арта түседі. Сондықтан да климат неғұрлым құрғақ болса, минералдану дәрежесі соғұрлым жоғары болады. Жыл бойында жауын – шашынның және буланудың әркелкі таралуы, қардың еруі грунт суларының минералдануының маусымдық өзгерістерін тудырады. Бұлардың тұщылануы әсіресе өзендерде тасқындармен су тасуларында байқалады, бұл кезде грунт суларының деңгейі өзендегіден төмен болады және өзен оларды қоректендіреді.

Грунт суларының режимі мен минералдануы географиялық зоналыққа бағынатын климатқа, топырақ және өсімдік жамылғысының сипатына байланысты болғандықан грунт сулары да зоналы болады.

1) мол ылғалды – тундра, ылғалды тропиктік ормандар (ылғалдану коэффиценті 1,5) зоналарында грунт сулары тым тұщы да да жер бетіне өте жақын орналасқан.

2) ылғалды зоналарда – қоңыржай ендіктердің орманды зонасы мен саванналы ылғалды тропиктік орман шекарасы (ылғалдану коэффиценті 1,5-1) – грунт сулары тұщы, жоғары тұрақты келеді.

3) қоңыржай ылғалды (ылғалдану коэффинценті 1-0,3) – орманды дала, саванналары – грунт сулары нашар минералданған, тереңде жатады.

4) құрғақшылық зоналарда (ылғалдану коэффинценті – 0,3 тен аз) – шөлейттерде – грунт сулары минералданған және тереңде жатады. Тұщы су қазбалы линзалары, осы кездегі ылғал айналымына нашар қатыстаны тұнба сулар.

Екі су өткізбес пластылардың арасындағы қабатта пластаралық сулар болады. Олардың атмосфера суларымен қоректенуі жоғары су өткізбес пласт жоқ жерде ғана болады.

Қысымсыз пластаралық сулар сулы қабатты толтырмайды да грунт сулары сияқты еңіспен ағып келеді.

Қысымдық пластаралық артезиан сулары жату жағдайлары жағынан су қысымды болатындай, екі су өткізбейтін пласттарарсында орналасқан сулы қабатта болады да, тбұрғалағында су өтпейтін жабындыдан жоғары көтеріледі. Оның өзі ағып, тіпті фантанша атқылауы мүмкін, бірақ көбіне оны сыртқа насоспен шығарады.

Геологиялық структуралары төменнен алмасып келетін қабаттарының майысуымен (синеклизалар, синклинальдар) ерекше, сондықтан да ішіндегі қысымды сулар артезиан бассейіндері деп аталады. Түрлі көлемді артезиан бассейіндері (бірнеше ондаған кв. км-ден бірнеше мың км-ге дейін) өте көп тараған.

Артезиан бассейінде қоректену, қысым, аршылу обылыстары бөлінеді. Қоректені обылысында сулы пластар су өткізбейтін пластармен жабылмайды. Мұнда қысымсыз су да болуы мүмкін. Қысым обылысында скважиналар болса су көтеріліп шапшып атуы мүмкін. Аршылу обылысында су сыртқа ағып шығып грунт суына айналады немесе өзенді тікелей қоректендіреді.

Артезиан сулары түгелінен атмосфералы жауын – шашынның сіңуі есебінен түзіле алмайды, сірә олар жауын – шашынның жиналмауымен (седиментация) бір мезетте туса керек. Теңіз трансгрессиялары кезінде су жынысқа сінгенде солардың ішінде бірте – бірте өзгеріске ұшырап қала берген.

Артезиан суларының химиялық құрамы мейлінше сан алуан. Жоғарғы сулы пластар (100-600м тереңдікте) тұщы (1 г/л-ге дейін) немесе нашар минералданған, гидрокорбанатты келеді; бұларға атмосфералық, бекеті және грунт сулары тұщыландырып әсер етеді. Тереңде жатқан сулар көбіне хлоридке тән тұздықтар (50 г/л-ден астам) боллып келеді. Тұздардың пайда болуы осы сулардың шығуымен байланысты (негізінен седиментациялық). Артезиан суларының аралық горизанттарында минералдану өзгерісі қосарланып әлсіз және жоғары минералданған суларының араласуы болады. Емдік қасиеттері бар минералды суларға зор ынта қояды. Бұлар көмір қышқылы, күкірт сутекті, радонды әрі темірлі т.б. сулар болып келеді.

Артезиан сулары беті жабылып ластанудан қорғалғандықтан өте сапалы болады.

Лекция №20

Тақырыбы:Өзендер (1 сағат)

Жоспар:1. Гидрографиялық тор

2. Өзен жүйелері және олардың типтері

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Ж. Достайұлы. Жалпы гидрология. А. 1996

2. Н. П. Неклюкова. Жалпы жертану. А. 1980.

3. Зологин Б. Мировой океан . М. 2001.

4. Богданов Д. В. География Мирового океана. М. 1978.

5. Шубаев Л. П. Общее землеведение. М. 1990.

6. Мильков Ф. Н. Общее землеведение. М. 1990.

7. Құсаинов С. А. Жалпы геоморфология. А. 1998.

8. Достав Ж. Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан қорғау. А. 1993.

9. Мехаилов В. Н, Добровольский А. Д. Общая гидрология. М. 1991.

10. Горбунов А. П. Льды под землей. А. 1982.

б) қосымша

11. Достав Ж. Жалпы гидрология. А. 1993.

12. Долгушен Л. Д. Ленники. М. 1989.

13. Жаппарханов С, Бәкіров Н. Көгілдір континент құпиялары. А. 1985.

14. Омаров Т. Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. А. 1975.

15. Кан С. И. Океан и атмосфера. М. 1982.

16. Алексин О. А, Ляхин Ю. И. Химия океана. М. 1984.


Лекция мәтіні:

Өзен деп едәуір мөлшерде айқын қалыптасқан тұрақты арнасы бар, өзінің су жинау алабына түсетін атмосфералық жауын-шашындармен әрі жер асты суларымен қоректенетін ағын суды атаймыз.

Өзен арнасы әдетте, тұрақты ағын су, ал кейбір құрғақшылық аудандарда уақытша тартылып қалуы мүмкін, климаты қатаң, суық аудандарда қатып қалады.

Ағып өтетін жердің бедеріне байланысты өзендер мынадай түрлерге бөлінеді: 1) жазық жер өзендері — биіктігі 300—500 метрлік ойпаттар мен жазықтарда ағады; 2) тау өзендері — бедері 300—500 м-ден биік тау жоталары мен қыраттарды басып өтеді.

Климаттық жағдайы мен су жинайтын алабыньң мөлшеріне байланысты, өзендер тұрақты немесе уақытша әрекет етуі мүмкін. Аумақтағы тұрақты өзендер мен уақытша ағын сулар, көлдер және батпақтар жүйесі осы аумақтың гидрографиялық желісін қүрайды. Гидрографиялық (өзен) желісінің құрылымын мынадай буындарға бөлуге болады.

  1. Қолат — гидрографиялық желінің ең жоғары буыны. Беткейлері шымдақ әрі көлбеу жатқан, табаны тегіс келген еңістеу жердің ойдымы.


  2. Өзек — қолаттан өзінің қазған орының тереңдігі, беткей-биіктігі және құламасымен ерекшеленеді.


  3. Құраңғар — гидрографиялық желінің беткейлерінің ассимметриялылығымен және ирек арналы уақытша ағын сумен сипатталатын аңғар алды буыны.


  4. Аңғар — тұрақты өзен ағындысы басталатын гидрографиялық желінің соңғы буыны.


Гидрографиялык желінің негізгі элементтерінің (мөлшері, қазу тереңдігі, беткейінің құламалығы) қалыптасу процессі ұзақ уақыттар бойы істеліп келсе, ал осы буын табанында әрі беткейлерінде қазіргі уақыт эрозиясы жер бетін жыру, опыру, жарлауыттар қазу арқылы бұл жұмыс жалғаса беруде.



Гидрографиялық, желінің негізгі буындарының нобайы (А. С Козмецко): І-желінің негізгі буындары; 11-көлденең қималары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет