(2.*)
m-ның болуы мумкін ең аз мәні 1-ге тең; ол өскен сайын өзен алабының формасы шеңбердің формасынан өзгешелене береді.
Алаптағы көл, батпақ, орман-тоғайлар өзеннің, гидрологиялық режиміне және ағындының көлеміне тигізетін әсерін бағалау үшін көлдің {Кк), батпақтың (К6 } және ормандың (К0) коэффициенттерін анықтаймыз.
Мұндағы — берілуіне сәйкес, өзен алабының
шөгіндегі көлдер, батпақтар және ормандар алып жатқан кеңістіктердің аудандары (км2).
Алаптың орташа биіктігі Н(м) горизонтальдар жүргізілген ірі масштабты картаның көмегімен төмендегі формуламен анықталуы мүмкін.
(2.10)
Мұндағы һ'Гһ---Іп — горизонталь аралық кеңістіктердің жеке-жеке аудандары,—екі горизонтальдың арасындағы кеңістіктің орташа биіктіктері, м:Ғ —алаптың ауданы, м2.
Алаптағы биіктік аймақтары бойынша аудандардың, проценттік таралуының графикалық түсінігін өзен алабының гипсографиялық қисығы бере алады. Оны салу үшін берілген биіктік аралықтарының (интервал) аудандары анықталады. Биіктік аралық алаптың биіктік құрылымына байланысты әр 10, 100 немесе 200 м және т. т. сайын белгіленеді.
Егер абцисса өсіне биіктік аймақ аудандарын бір-біріне біртіндеп қосқандағы қосындыларын салып, ал ордината өсіне — осы аймақтарға сәйкес биіктіктерді салсақ,онда өзен алабының ауданының биіктік аймақтарындағы өсуінің; қисығын аламыз. (2.3-сурет) .-
Гипсографиялық кисық осьі алапта қандай ауданның бізге керек биіктіктен жоғары немесе төмен деңгейде жатқанын білу үшін керек. Көктемде қар еруі басталатын кезде қар басқан алқаптың ауданын табу үшін (қар жамылған алқаптың шекарасы белгілі болған жағдайда) бұл көрсеткіш гидрологиялық алдын ала болжау есептеулерінде кеңінен қолданылады.
, Алаптың орташа еңістігін Ja келесі формула бойынша анықтаймыз. - v
Мұндағы һ — горизонтал аралық қашықтық, км.: /о, £Q» ... tn —горизонтальдардың ұзындықтары, км; Ғ — өзен алабының ауданы, км2.
Лекция № 22
Тақырыбы: Өзен аңғары (1 сағат)
Жоспар: 1. Өзен аңғарының қалыптасуы
2. Өзен аңғарының типтері
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Ж. Достайұлы. Жалпы гидрология. А. 1996
2. Н. П. Неклюкова. Жалпы жертану. А. 1980.
3. Зологин Б. Мировой океан . М. 2001.
4. Богданов Д. В. География Мирового океана. М. 1978.
5. Шубаев Л. П. Общее землеведение. М. 1990.
6. Мильков Ф. Н. Общее землеведение. М. 1990.
7. Құсаинов С. А. Жалпы геоморфология. А. 1998.
8. Достав Ж. Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан қорғау. А. 1993.
9. Мехаилов В. Н, Добровольский А. Д. Общая гидрология. М. 1991.
10. Горбунов А. П. Льды под землей. А. 1982.
б) қосымша
11. Достав Ж. Жалпы гидрология. А. 1993.
12. Долгушен Л. Д. Ленники. М. 1989.
13. Жаппарханов С, Бәкіров Н. Көгілдір континент құпиялары. А. 1985.
14. Омаров Т. Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. А. 1975.
15. Кан С. И. Океан и атмосфера. М. 1982.
16. Алексин О. А, Ляхин Ю. И. Химия океана. М. 1984.
Лекция мәтіні:
Өзен аңғары деп жер бетіндегі өзі аса енді емес, әдетте ұзына-бойы ирелеңдеп созылып жатқан ойыстау, жалпы еңістігі өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған жерді айтамыз. Бірнеше аңғарлар бірімен бірі қосылып ірі аңғарлар құрайды, еш уақытта бір аңғар екінші аңғарды кесіп өтпейді. Олар бір-бірінен тереңдігі, ені және ұзындығымен ерекшеленеді.
Аңғарлардың қалыптасуы жер бетінде өтіп жатқан
аса күрделі климаттық, эрозиялық, мұздық, тектоникалық процестер мен карст құбылыстарына тікелей байланысты. Аңғардың қалыптасу процесіне қай фактор көбірек әсер етсе сол фактордың атына сәйкес типтендіріледі. .
Эрозиялық аңғар деп ағын сулардың әрекетінен пайда болған аңғарларды атаймыз:тектоникалық шет тасуынан тектоникалық әсер (тау қалыптасу процестері)көрінетін аңғарлар; еңістігінің-құрылымына вулкандық әрекеттер әсер еткен аңғарлар; мұздық-құрылымына
мұздықтардың әрекетінің ізі бар аңғарлар.
Өзен аңғарларының қалыптасу, даму процестері ондаған мың жылдарға созылып жатыр. Аңғарлардың щ алғашқы формаларына уақытша ағын сулар жасаған жыралар жатадыХ
Аңғарлардың табанымен беткейлерін құрайтын тау: жыныстарының қасиеттеріне байланысты олардың ұзына бойы, көлденең көріністері өзгеріп отырады. Кесе көлденең қимасының сипатына қарай аңғарлар төмендегідей типтерге бөлінеді:
саңылау — терең әрі тар аңғар, беткейлері әдетте тіптік, кейде арнаға қарай еңкіш келеді, аңғардың табанын түгелдей су алып жатады: Тек таулы аудандарда кездеседі;
каньон —өте құлама беткейлі терең аңғар, әдетте табаны тар, таудан шыға берісте немесе тауларда кездеседі;
шатқал — терең жартасты тау аңғары, әдетте беткейлері шығыңқы келіп етегіне қарай құламасы өседі;
4) трапецияға ұқсас — шығыңқы немесе түзу көлбеу кең аңғар, Бұл жазықтағы аңғардың сипаты. Бұл типтің бір түрі—жәшік тәрізді табаны тегіс, беткейі құлама аңғар;
5) астау тәрізді — беткейлері ойыс (батыңқы), етегіне жақын біртіндеп көлбей түседі. Мұндай көрініс мұздықтар әрекетінен болған.
Табиғатта жоғарыда келтірілген типтердің, біріне айқын жатқызуға болатын өзен аңғары өте сирек кездеседі. Оған аңғарда өтіп жатқан опырылыстар, тay жыныстарының сырғуы, су тасындылары мен ағын судың эрозиялық әрекеттері кінәлі. Әдетте бір өзеннің ұзына бойынан аңғардың бірнеше типін кездестіруге болады.
Өзен аңғарының элементтері. Өзен аңғарының элементтеріне оның: табаны, тальвегі (фарватері), арнасы, жайылмасы, өзен аңғарының беткейлері, террасалары және аңғардың жар қабағы (кемері) жатады.
Табаны деп өзен аңғарының тегіс келген еңістігі бар бөлігін айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |