2 Тақырып. Қаржылық бақылаудың түрлері мен формалары. Дәрістің мақсаты



Дата15.03.2022
өлшемі14,47 Kb.
#135524
Байланысты:
2 Дәріс ҚБжМ (1)


2 Тақырып. Қаржылық бақылаудың түрлері мен формалары.
Дәрістің мақсаты: Қаржылық бақылаудың түрлері мен нысандарының жіктемесін қарастыру 
Экономикалық бақылаудың сәйкесінше ұйымдастырушылық және әдіснамалық жіктеу сипаттамаларына байланысты, келесідей түрлері мен формаларын бөліп көрсетуге болады.
Экономикалық бақылау органдары оның ұйымдық құрылымын құрайды және мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі тиісті қызметтермен де, тәуелсіз ұйымдармен де (шаруашылық қоғамдары, серіктестіктер, кооперативтер, аудиторлық одақтар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. түрінде), сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішкі бақылау қызметтерімен ұсынылады.
Түрлері бойынша экономикалық бақылау келесідей бөлінеді: мемлекеттік, ішкі, аудиторлық және қоғамдық. Бақылаудың әр түрі бір-бірінен жүргізілетін бақылаудың маңыздылығымен, тексерумен шешілетін мәселелердің кеңдігімен ерекшеленеді, басқаша айтқанда, барлық бақылау сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Мемлекеттік бақылауды мемлекеттік аппараттың арнайы органдары ұсынады, олардың құзыреті экономиканың барлық салаларындағы тиісті мәселелерді тексеру.
Қоғамдық бақылауды бұқаралық ақпарат құралдары, өз азаматтарының мүдделерін қорғау үшін құқық қорғау және қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады.
Әдіснамалық тәсілдің негізінде экономикалық бақылаудың әртүрлі формаларын бөліп көрсетуге болады. Жіктеу мынадай белгілер бойынша жүргізіледі: бақылауды қолдану салалары бойынша, оны жүргізу уақыты бойынша, бақылау деректерінің көздері бойынша, бақылау объектілерін қамту толықтығы бойынша, жүргізу мерзімділігі бойынша, оны жүргізу тәсілдері бойынша.
Экономикалық бақылауды қолдану саласы бойынша келесідей 2-ге бөлінеді: қаржылық және мамандандырылған бақылау.
Қаржылық бақылау қаржы саласын ақша қаражат қорларын құру мен пайдалануға байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде қамтиды. Оған қаржы-шаруашылық, салықтық, бюджеттік, Кедендік бақылау, банктік бақылау және сақтандыру қадағалау кіреді.
Мамандандырылған бақылау технологиялық бақылауды, санитарлық, ветеринарлық, көліктік, иммиграциялық, метрологиялық бақылауды қамтиды. Мамандандырылған бақылауды негізінен тиісті өкілеттіктер берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Бақылау деректерінің көздері бойынша құжаттық және нақты бақылауды ажыратады.
Сонымен қатар, құжаттық бақылау кезінде нақты әдістерді қолдану қажет.
Себебі бұл сайып келгенде бақылау-тексеру жұмыстарының сапалық деңгейін арттырады.
Тексерілетін объектілерді қамту бойынша: жаппай және іріктеп бақылауды бөліп көрсетеді.
Бақылау жүргізудің кезеңділігі бойынша мыналарды бөліп көрсетуге болады: жүйелі және бір реттік (эпизодтық) бақылау.
Экономикалық бақылаудың аталған нысандары бақылау және тексеру тәжірибесінде бөлек емес, үйлесімді түрде қолданылады, яғни экономикалық бақылаудың тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет