УДК 658.14/17
Боканова Г.Ш. Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралау. Дәрістер жинағы. Алматы, АУЭС, 2011.
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ
Экономика, кәсіпорынды басқару және ұйымдастыру кафедрасы
Дәрістер жинағы
RET 4335 «Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралау» пәні бойынша
050719 – РЭТ мамадығы бойынша
АПРОБАЦИЯ
Алматы 2011
Лекция 1 Қаражаттық - шаруашылық қызметін талдау және саралау пәнінің мақсаты, оны ұйымдастыру маңызы. Қаражаттық - шаруашылық қызметін талдау және саралау тәсілдері
Лекцияның мақсаты байланыс саласындағы кішігірім салалардағы өндіріскәсіптік-шаруашылық қызметіндегі іс-нәтижелеріне яғни экономикалық көрсеткіштерге талдау жасап үйрету. Студенттерге талдау жасаудың тәсілдері мен әдістерін қолдана білуді үйрету.
Лекцияның мазмұны:
Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралау пәні, оның басқару жүйесіндегі орны.
Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралаудың негізгі міндеті мен мақсаты. Экономикалық талдауға қойылатын біліктілік талаптар, оның түрлері, классификациялары. Байланыс кәсіпорындарындағы талдау жұмыстарының реттері мен мазмұны.
Талдау жұмысын жасау үшін ақпараттық (информациялық) база, оның көлеміне, мазмұнына, толығына, сақталуына, жаңаруына қойылатын талаптар. Технико-экономикалық талдау жасау үшін автоматтық банк деректер құрылуының керектігі.
Байланыс саласындағы әр деңгейдегі объектілер үшін талдау және саралау жұмыстарын ұйымдастыру, оның ерекшелігі. Қаржы-шаруашылық қызметтерін кәсіпорындарда талдау және саралау тәсілдері.
Технико-экономикалық талдаудың білімдік негіздері. Өндірістік – шаруашылық процестеріне талдауға диалектілік көзқарас. Қаржы-шаруашылық қызметтерін кәсіпорындарда талдау және сараптауды жүйелік түрде тәсілдеу керектігінің мәні. Комплекстік түрде шаруашылықты талдаудың мазмұны.
Негізгі технико-экономикалық көрсеткіштердің комплексті талдау жүйелеріндегі қарым-қатынасы. Талдаудың әртүрлі тәсіптерін қолдану облысы (жоспарды іске асыру, көрсеткіш серпінін қарастыру, көрсеткіш құрамын зерттеу, оған әртүрлі факторлардың ықпалы, көрсеткіштердің бір-біріне қарым-қатынасы). Салыстыру тәсілі, индекстік тәсілі, топтау, факторлық талдау тәсілдерінің мәні, ерекшілігі.
Байланыс саласы инфраструктураға жатады. Байланыстың негізгі міндеті – хабарлар беру, тарату талабын қамтамасыз ету. Байланыс құралы арқылы информацияның ауысып отыруындағы материалдық процесс – байланыс өнімі болып есептеледі. Байланыс саласы төмендегі кіші салаларға бөлінеді, олар:
а) Пошта байланысы – материалдық объект түрінде информацияны жеткізуді іске асырады, поштамен хаттар, сәлемдемелер, бандерольдар, ақша аудармалары, басылымдар жіберіледі.
б) Электрлік байланыс – ол техникалық жеткізгіш – беру құралдары арқылы және информациялық тарату электрлік сигнал көмегімен жүргізіледі. Электрбайланыс туралы халықаралық конвенция электробайланысты сәуле тарату және белгілерді қабылдау, сигналдарды, жазба текстерді, бейнелеуді, дыбысты сым арқылы беру, немесе әртүрлі хабарларды радио, оптика немесе басқа да электромагниттік жүйелерде тарату деп анықтады. Оған телефон, телеграф байланыстары, хабарлар тарату жүйелері, газет беттерін байланыс арналары арқылы беру және т.б.
в)Радиобайланыс, радиохабарларын тарату, теледидар, және космос байланыстары.
Пәннің мақсаты осы байланыс саласындағы кішігірім салалардағы өндіріскәсіптік-шаруашылық қызметіндегі іс-нәтижелеріне яғни экономикалық көрсеткіштерге талдау жасап үйрету. Қаражаттық - шаруашылық қызметін талдау және саралау білу байланыс саласындағы басқару жүйесіне үлкен әсер етеді. Өйткені қаражаттық - шаруашылық қызметін талдау және саралау жұмыстары жоспарды, бизнес-жоспарды қарастыру кезінде әртүрлі есептерді (отчеттерді) жасау кезінде және де т.б. экономикалық жұмыстарын атқару кезінде маңызы өте зор.
Талдау жұмыстарын байланыс саласында басқаратын өнеркәсіп бастығы және ол жұмыстар барлық бөлімдерде, цехтарда т.б. қызмет бабымен жүргізіліп отырады.
Талдау жұмыстарын қаржы-экономикалық жұмыс қызметкерлері атқарады, ондай болмаған шақта экономистің өзі атқарады.
Анализ (грек тілінен analisis) – қарастырып отырған объектіні бөлшектерге, элементтерге бөліп, ыдыратып талдау деп аударылады. Анализ әрқашан «синтез» (грек тілінен sinthesis) түсінігімен бірге қарастырылады – алдында бөлінген, ыдыратылған бөлшектерді біркелкі, бірыңғайда жинау деген мағынада.
Экономикалық анализ немесе талдау - әр түрлі есептеулер мен үлкен көлемді шамалардың көрсеткіштерге әсерін: абсолютті және салыстырмалы шамалар, орта мөлшерлер мен дисперсиялар, пайызды мөлшерлер және т.б. шамалар қарастырады. Талдау барысында түрлі бағалау, топтастық, салыстырулар және бастапқы берілгендерін сорттау, максималдық және минималдық мағыналарын табу сияқты және басқа да көптеген операциялар орындалады.
Экономикалық талдау - ғылыми бекітілген жоспарлауға, қадағалауға, басқаруға керекті ең бір өзекті мәселе. Әрбір өнеркәсіп нарық экономикасы кезінде өзінің атқаратын қызмет бабын қалай жоспарлайтынын ең терең түрде, ғылыми талдағаннан кейін ғана бастау керек.
Білікті экономист экономикалық талдау арқылы және қаржы қызметін саралағанда ғана көрінетін белгілер арқылы шаруашылық организмінің іркілісін тауып алып, қаржылық жаңсақтып болдырмайтын жағдайларды туғыза алады.
Қаржы-шаруашылық қызметтерін кәсіпорындарда талдау және саралау тәсілдері
Экономикалық талдау тәсілдері дегеніміз, өндірістік – шаруашылық процестері қалай қамтамсыз етіледі, олардың даму талаптарына деген диалектілік көзқарас аталынады. Экономикалық талдау тәсілдеріне тән нәрселер: қаржы-шаруашылық қызметтерін жалпылай қамтамасыз ететін көрсеткіштер жүйелері қолданылуы, осы көрсеткіштерді есептеу жолдары, бір жүйеге келтіру, өзгеру құбылыстары, олардың бірі-біріне қарым-қатынасы, әлеуметтік-экономикалық тиімділікті көтеру жолдарындағы табыстары.
Экономикалық талдау процесінде, экономикалық ақпаратты талдау және саралау кезінде түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Жалпы айтқанда, әдістер мен тәсілдер 2 топқа бөлінеді деп айтуға болады: дәстүрлі немесе математикалық. Дәстүрлі тобына жататын экономикалық талдауда абсолюттік, қатынастық және орта шамалар қарастырылып, салыстыру, топтау, индекстік, тізбектеп алмастыру, баланстық талдау тәсілдері қолданылады.
Салыстыру тәсілі – қолдануға алғаш енгізілген, ыңғайлы да және ең кең таралған талдау тәсілінің бірі. Бұл тәсіл құбылыс қатыстарын оқудан бастап, әр түрлі салыстырыла алатын құбылыстарды талдауды зерттейді. Мұнда нақты деректер жоспармен салыстырылады, былтырғы жылдың деректерімен салыстырылады, ең жақсы деген деректермен, орташа деректермен салыстырылады. Салыстыру арқылы табылған ауытқушылық шамалар (есеп беретін көрсеткіштер жоспармен салыстырғанда) әр қарай талдаудың объектісі болып табылады.
Топтау тәсілі – әртүрлі экономикалық құбылыстар тығыз байланыста, бір-бірінен өзара тәуелділікте екенін зерттеп, ең мәнді факторлардың ықпалын табуға, осы құбылыстар мен процесстерге тән заңдылықты немесе тенденцияларды табуға арналған тәсіл.
Топтау тәсілі талдау тәсілі болып, концерндерде, акционерлік қоғамдарда, ЖШС-те (ТОО) және де басқа да ассосацияларда қолданылуы мүмкін. Бұрын байланыс саласында жұмысшыларды норма орындау қарқыны бойынша топтау немесе жоспар орындау нәтижесі бойынша топтау қолданылатын, және де осы қолдануда орта шамалар мәселесі көтерілетін. Мысалы, жұмысшыларды норма орындау қарқыны бойынша топтау кезінде норма орындау қарқынының орта пайызы есептеліп шығарылған.
Индекстік тәсіл – қатынасты көрсеткіштер (индекстер) арқылы талдау тәсілі. Қазірдегі құбылыс деңгейінің бұрынғы кездегі деңгейіне қатынасы немесе дәл сол құбылысқа сай келетін (база етіп алынған) құбылыс қатынасы арқылы талдану индекстік талдау тәсіліне жатады. Индекс деп бір көрсеткіштердің енді бір көрсеткіштерге қатынасы айтылады, мысалы есеп беру жылы көрсеткіштерінің жоспарлық көрсеткіштеріне, не былтырғы жылғы көрсеткіштерге қатынастары индекстер арқылы шығарылады. Былайша айтқанда индекс дегеніміз қатынастағы қорытынды шамалар, олар экономикалық көрсеткіштердің кеңістіктегі немесе уақыт талабына қарай өзгерістері. Мысалы өндіріс көлемінің өзгерістері келесі жалпы индекс IQ бойынша есептелуі мүмкін:
IQ = ;
Q1 және Q0 – өндіріс көлемінің биылғы және былтырғы жылғы саны;
d0 – былтырғы өндіріс бағасы (баға өзгермеген уақытта).
Индекстік тәсіл туралы мына әдебиеттерден танысуға болады [3, б.52-54, 118-120; 11, б.107-108; 10, б.11]
Тізбектеп алмастыру тәсілі – талдауға қатысушы көрсеткіштер функционалдық тәуелділікте болған жағдайда ғана қолданылады. Талдайтын көрсеткішке әсерін тигізетін факторларды тізбектеп алмастырғанда қолданылатын тәсіл, факторларды тізбектеп яғни бірінен кейін бірін алмастырған кезде бір фактор ғана алмастырылады, қалғандары алмастырылмай өз қалпында қалуға тиіс. Бұл тәсілде бірінші мөлшерлік факторлар алмастырылады, соңында сапалық факторлар алмастырылады.
Тізбектеп алмастыру тәсілі туралы, оның жеткілітерін немесе жеткіліксіздерін мына әдебиеттерден [3, б.55-58, 120-122, 259-260; 11, б.100-107, 69-71; 10, б.9] қарауға болады
Баланстық тәсіл – жоспарлау, есеп беру кезінде қолданылатын тәсіл, қазіргі кезде экономикалық талдауда да кең қолданылады. Көрсеткіштердің өз ара байланысын, мысалы ресурстар мен оларды қалай пайдаланылатындығын көрсететін байламдарды, баланстық таблицалар арқылы байқауға болады.
Баланстық талдау тәсілінің кәсіпорындарда ең көп таралған жері қаржы жай-күйін талдау кезі. Осы тәсіл қолдану кезінде бухгалтерлік баланс ақпараттың қайнары болып табылады. Бухгалтерлік баланс арқылы шаруашылық жағдайларына бөлінген қаражаттар мақсаты бойынша таратылған ба, әлде жоқпа екенін көруге болады. Баланстық тәсіл басқа да талдау тәсілдеріне тексеруге көмекші құрал ретінде қолдануы мүмкін
Математикалық тәсіл түрінде қаражаттық – шаруашылық қызметін талдау мен саралаудың экономико-математикалық тәсілдері қолданылады: факторлық жүйелерді стохастикалық модельдеу (грек тілінен “stochastikos” орысша айтқанда умеющий угадывать, случайный, вероятностный – жоралай алады деген мағынада), шаруашылық қызметінің корреляциялық және регрессиялық моделін талдау, имитациялық модельдеу, сызықты және динамикалық программалау, жаппай қызмет көрсету теориясы (теория массового обслуживания).
Факторлық жүйелерді стохастикалық модельдеу негізі туралы мынау әдебиеттерден [3, б.100-101; 11, б.127-128] қарауға болады.
Корреляциялық және регрессиялық талдауларды [3, б.158-160; 11, б.128-155].және [3, б.161-167, 175-181] қарауға болады.
Талдау құралдарына таблицалар, диаграммалар жатады.
Мысалы кәсіпорындарда табысты талдауды таблица 1 арқылы көрсетейік:
Таблица 1 - Байланыс кәсіпорындарында Досн табысты (жоспарды және табыс серпінін) талдау
Енді бір көңіл тоқтататын тәсіл - абсолюттік айырмашылық тәсілі. Бұл тәсіл тізбектеп алмастыру тәсіліне өте ұқсас, ол туралы келесі әдебиеттерден танысыңыз [11, б.108-114].
Абсолюттік айырмашылық тәсілі бойынша есеп шығарайық.
Есеп: Негізгі қызмет етуден келген табыстың өсуіне жұмысшылардың орта саны, жұмысшының бір жылда жұмыс істеген күндерінің орташа саны, орташа жұмыс күннің ұзақтығы, жұмысшының сағаттық орташа өнімі ықпалын талдау (таблица 2).
Таблица 2-де “Өзгерістер” графасында көрсеткіштердің абсолюттік айырмашылығын көрсетейік. Осы айырмашылықты көрсеткіштерге былайша көбейтуіміз керек: көрсеткіштер көбейтетін өзгерістен кейін тұрса базалық (жоспарлық) шамаларға көбейтіледі, ал егер одан кейін тұрса нақтылы шамаларға көбейтіледі. Соңында осы шамалардың талдаушы көрсеткішке ықпалы анықталады.
Таблица 2 – Еңбекті талдау
Көрсеткіштер
|
Жоспар
|
Нақты шамалар
|
Өзгерістер
|
Жұмысшылардың орта саны, Ч, адам.
|
750
|
730
|
-20
|
Жұмысшының бір жылда жұмыс істеген күндерінің орташа саны, ТД, күндер
|
236
|
232
|
-4
|
Орташа жұмыс күнінің ұзақтығы, ТЧ, сағ.
|
7,8
|
7,6
|
-0,2
|
Жұмысшының сағаттық орташа өнімі, W, млн.тг.
|
2,65
|
2,87
|
+0,22
|
Табыс Д, мың.тг.
|
3658
|
3694
|
+36
|
Ч, ТД, ТЧ көрсеткіштері мөлшерлі, ал W – сапалы көрсеткіш.
Негізгі қызмет етуден келген табыстың жоспардан өзгерген себебі келесі факторлардың өзгергендігінен:
- жұмысшылардың орта саны азайғандықтан
(-20)·236·7,8·2,65 = -97 мың. тг;
- жұмысшының бір жылда жұмыс істеген күндерінің орташа саны кемігендіктен
730·(-4)·7,8·2,65 = -60 мың. тг;
- орташа жұмыс күнінің ұзақтығы қысқартылғандықтан
730·232·(-0,2) 2,65 = -90 мың. тг;
- жұмысшының сағаттық орташа өнімі көбейгендіктен
730·232·7,6·0,22 = +283 мың. тг;
Өзгерістер балансын тексерейік:
3694 – 3658 = -97 – 60 –90 +283
Баланс сақталды, енді ше есеп дұрыс шығарылды.
Есепке қорытынды. Экстенсивті факторлар ықпалымен - жұмысшылар саны 20 адамға (730 – 750) комплектілмегендіктен, жұмысшының бір жылда жұмыс істеген күндерінің орташа саны жоспарға қарағанда 4 күнге (232 – 236) кемігендіктен және орташа жұмыс күнінің ұзақтығы 12 мин (7,6 – 7,8) азайғандықтан негізгі қызмет етуден келген табыс 247 мың.тг. (97+60+90) аз келді. Бірақ жұмысшының сағаттық орташа өнімі 0,22 мың.тг. (2,87 – 2,65) өскені, қосымша 283 мың.тг. кәсіпорынға табыс әкелінді Сонымен тоқ етерін айтқанда 4 фактордың ықпалымен негізгі қызмет етуден келген табыс 36 мың. тг;
Бақылау сұрақтары:
Неліктен талдау пән ретінде оқытылады
Кәсіпорындарда талдау және саралау жұмыстары неге жүргізіледі
Талдау және саралау жұмыстары кәсіпорындарда кімге жүктеледі
Қаржы-шаруашылық қызметтерін кәсіпорындарда талдау және саралау тәсілдері.н атаңыз
Қаржы-шаруашылық қызметтерін кәсіпорындарда талдау және саралау тәсілдеріне мысал келтіріңіздер
Лекция 2 Байланыс желісінің дамуын талдау және саралау. Байланыс қызметтерінің көлемін талдау және саралау
Лекцияның мақсаты: Байланыс кәсіпорындарында байланыс желісінің даму деңгейіне, қызмет көлемдеріне талдау және саралау жасауды үйрету.
Байланыс желісінің технико-экономикалық талдауының кәсіпкерлік саласының нәтижелік талдауындағы орны. Байланыс желісінің дамуын талдау мазмұны мен тізбегі, ақпараттық база және талдау жұмысының өткізілу реті.
Байланыс желісінің дамуы жоспарының орындалуын талдау, оның мазмұны, мақсаты, пайдаланатын көрсеткіштері. Байланыс желісін дамыту деңгейі мен серпінін талдау, оның мазмұны, реті және қолдану тәсілдері.
Байланыс желісінің ұйымды техникалық дамытуы және техникалық прогресс деңгейінің талдауы, негізгі көрсеткіштері.
Байланыс құралдары қызметінің сапалық мінездемесі. Байланыс қызмет көлемін талдау және сарлау.
Өндірістік қызметтің соңғы нәтижелерін талдаудағы байланыс қызмет көлемін талдауда алатын орны. Байланыс қызмет көлемін талдау мен зерттеудің мазмұны мен тізбектелуі.
Қызмет көлемінің өзгеруі мен жоспардың орындалуын талдау. Қосалқы салалардың бүкіл өндірістегі қызмет көлемінің өзгеруі мен жоспардың орындалуына әсер етуін талдау.
Кәсіпорындардағы комплексті түрде қаражаттық - шаруашылық қызметін талдау немесе саралау байланыс желісінің дамуын талдау және саралаудан басталады, өйткені байланыс желілерінің дамуы барлық экономикалық көрсеткіштерге әсерін тигізеді әсіресе байланыс қызметтер көлемінің өсуіне, табыстың өсуіне және қызмет көрсетудің сапасының жоғарлауына көптен-көп әсер етеді.
Байланыс желісінің дамуын талдау және саралаудың негізгі міндеті:
байланыс желісін дамыту көрсеткіштері бойынша жоспарды орындауды талдау және саралау, оның кәсіпорынның соңғы нәтижелеріне ықпалын анықтау;
байланыс желілерінің жай-күйін зерделеу: олардың белгіленген нормативке сәйкестігі, қызмет көрсетудің толықтығы, кәсіпорынның уақытылы қызмет көрсетуі.
Технико - экономикалық талдау кезінде даму екпіндерін, байланыс қызметі көлемінің жоспарының орындалуын, алдыңғы жылдардың екпіндерімен салыстыра сипатталанады.
Байланыстағы өндіріс қызметін талдау және саралау. Байланыстағы өндіріс қызметін талдау және саралаудың кәсіпорынның соңғы нәтижелеріне ықпалының орны. Байланыстағы өндіріс қызметін талдау және саралаудың мазмұны, реті. Байланыстағы өндіріс қызметін талдау және саралауда жоспарды іске асыру, көрсеткіш серпінін қарастыру, оның кәсіпорындардағы үлкен орын алатындығының мәні.
Байланыс атқару құралдарының сапалы байланыс қызметін көрсетудегі сипаттамалары.
Байланыс саласының даму жоспарының іске асуына талдау жасау, оның мазмұны, мақсаты, пайдаланатын көрсеткіштерін атап өтейік.
Байланыс саласының даму жоспарының іске асуына талдау жасауында, ҚТС немесе СТС абоненттер санының өсуіне, таксофон санының, радиотөшкелер санының, жаңадан телефондаған объектілер санының өсуіне көңіл бөлінеді.
Байланыс кәсіпорындарында дамудың жалпы көрсеткіштерінің жоспарын іске асуына талдау жасау барысында, жоспарды орындауды талдап қана қоймай, жаңа объектілер жоспардағы орнату мерзімдері бойынша орындалғанын, немесе жыл бойынша даму жоспары біркелкі орындалып жатқанын қарастырған жөн, өйткені жоспардың бір қалыпты орындалмауы жұмыстың сапасына әсерін тигізуі мүмкін. Талдау соңында детальды талдау жасалынады (жоспар орындалмаса оның неліктен орындалмағанын, жоспардың бір қалыпты орындалуы), және де талдаудың даму көрсеткіштерінің басқа да нәтижелі көрсеткіштерге ықпалы қарастырылады. Қалалық және селолық телефон байланыстары желілерінің дамуы, сымсыз немесе сым арқылы хабар таратудың дамуы байланыс қызметтерінің санының көбейуіне, табыстың өсуіне ықпал етеді. Желіс жүйелерінің ұйымды-техникалық дамуы техникалық прогресс деңгейінің көтерілуімен өзіндік қарым-катынасты. ҚТС байланыстың дамуын үшінші таблица арқылы талдауға болады, ал байланыс желілерінің жай-күйін зерделеуді төртінші таблица арқылы болады.
Таблица 3 – ҚТС – тың даму қарқыны
Көрсеткіш аты
|
Жоспар шамалары
|
Нақты шамалар
|
Жоспар орындалуы, %
|
1кв.
|
2кв.
|
3кв.
|
4кв.
|
1кв.
|
2кв.
|
3кв.
|
4кв.
|
1кв.
|
2кв.
|
3кв.
|
4кв.
|
НТА жаңадан қойылу саны, дана
|
2500
|
2500
|
2500
|
2500
|
1400
|
2500
|
3700
|
3804
|
|
|
|
|
Таблица 4- Байланыс желілерінің 01.01.2007ж. жай-күйі
Көрсеткіштер
|
01.01.2007ж.
|
Орнатылған АТС номерлері, барлығысы дана
соның ішінде ҚТС
СТС
|
174848
131136
43712
|
Жұмыс істейтін АТС номерлері, барлығысы дана
соның ішінде ҚТС
СТС
|
147550
116879
30671
|
Жұмыс істейтін номерлер деңгейі, барлығысы %
соның ішінде ҚТС
СТС
|
84,4
89,1
70,2
|
НТА бар саны, барлығысы дана
соның ішінде ҚТС
СТС
|
147125
116161
30964
|
НТА тығыздығы 100 тұрғынға, барлығысы
соның ішінде ҚТС
СТС
|
15
20
10
|
Телеграф байланысында – абонентік телеграф желілерінің жай-күйі, яғни 100 мың тұрғынға келетін абонентік құралдар саны, тікелей қосылатын арналар саны талданады.
Халықаралық және қалааралық телефон байланысында халықаралық және қалааралық байланыс қызметін көрсете алатын пункттер желілері, таксофон саны, телефон арналары саны талданылады.
Қалалық және селолық телефон байланысында абоненттер желілері талданылады, 100 тұрғынға келетін телефон апараттары саны, ал таксофон саны 10 мың тұрғынға.
Сымсыз телефон байланыстарында қалалық және селолық телефон байланысындағыдай абоненттер желілері талданылады, яғни 100 тұрғынға келетін терминал сандары талданады.
Сым арқылы хабар тарату саласында 100 тұрғынға келетін радиотөшке тығыздығы талданады.
Радиобайланыс және радиохабар, теледидар, және жерсеріктік байланыста радиотаратушы құралдар, программалар саны талданады.
Таблица 5 – НТА пайдаланушылар санының серпінін талдау
Көрсеткіштер атауы
|
2005 ж.
|
Барлық санға қатынасы, %
|
2006 ж.
|
Барлық санға қатынасы, %
|
Өсім
()
|
НТА пайдаланушылар саны, барлығысы дана
Соның ішінде
квартиралық
кіші бизнес
заңды тұлғалар
|
140363
126458
928
12977
|
|
147125
132070
1469
13586
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |