Негізгі қорлардың қолдану әсерлілігін талдау және сарапаттау
Негізгі қорлардың қолдану әсерлілігін талдау және сарапаттау келесі таблица бойынша жасалады.
Таблица 11 - НӨҚ қолдану әсерлілігін сипаттайтын көрсеткіштер талдау
Көрсеткіштер
|
Былтыр-ғы
жыл
|
Есеп беру жылы
|
Жоспар
|
Жоспардың орындалуы
|
Абсолюттік шамалар
|
% шамалар
|
Жоспарға қатынасы
|
Былтырғы жылға қатынасы
|
1. Негізгі қызметтен түскен табыс – Досн, млн.тг
2. Пайда - П, млн.тг
3.НӨҚ ортажылдық құны -, млн.тг
4. Қордың сінімділігі, тг
- табыс арқылы
- пайда арқылы
5. Жұмысшылардың мекеме бойынша орта саны, , адам
6. Қордың көлемділігі – V,тг
7. Еңбектің өнімділігі
|
2811,0
744,0
932
|
3030,0
911,0
961
|
3055,6
924,7
959
|
|
|
Негізгі қорды қолдану әсерлілігін сипаттайтын сипатына көрсеткіштер: - қор сіңімділігі (фондоотдача)
,
Мұндағы - негізгі қордың баланс құны.
- қор көлемділігі (фондоемкость)
- қорменқұралдану (фондовооруженность)
V = /
Міне жоғарыда біз негізгі қорға тән негізгі сипаттамаларды және формулаларды атап өттік. Ал енді осы негізгі байланыс қорларын осы формулаларды қолдана отырып талдауға және саралауға кірісейік. Талдау мен саралау негізгі қорларды пайдалануды жақсарту жолдарымен аяқталған дұрыс. Натуральды және құндық көрсеткіштер НӨҚ резервті қорлар табуына көмектеседі, пайдаланудыдың жақсырақ, дұрысырақ шараларын табуға көмектеседі. НӨҚ пайдалануды жақсарту , жаңаны өндіруді жылдамдату, жетілген және жоғары өнімділіктен жабдықтар есебінен құнының төмендеуі немесе салыстырмалы үлкен емес ұлғаюынан қол жеткізуге болады. НӨҚ-ты жақсы қолдану ретінде қазіргі кезде амортизациялаудың басқа да нормативтерін іздеу немесе аз өнім беретін байланыс жабдықтарының қызмет уақытын едәуір қысқартып және оны прогессивті техникамен алмастыру. Әдетте, байланыс кәсіпорындарында ескірген жабдықтарды жаңа прогрессивтісімен алмастырғанда қорлар құнының өсуіне әкеліп соғады. Бірақ та жоғары өткізгіштік қасиеті, мықтылығы және басқа жабдықтың сипаттамалары өнім көлемінің ұлғаюына әкеледі, яғни негізгі қорларды пайдалануды жақсартады. НӨҚ пайдалануды жақсарту, жетілдіру жолдарын атап өтейік: рационализаторлар мен өнертапқыштардың жұмысын күшейту; пайдаланылатын және жөндеу материалдарын үнемдеу бойынша запас бөлшектер мен детальдардың пайдалану мерзімін ұзарту шараларын жүргізу; материалдық-техникалық жабдықтарды жақсы ұйымдачтыру, материалдық бағалы заттардың шығындау нормасын нақтылау, жоспардан тыс нормадан жоғары запастарға жол бермеу, уақыты жабдықтаушылармен есеп айырысып отыру, артық өндірілген товарлы-материалдық бағалы заттарды сату, айналма құралдардың айналымдылығын жылдамдату.
Бақылау сұрақтары:
Байланыс саласында НӨҚ-қа не жатады?
Байланыс саласында НӨҚ құрамында негізгі үлесті қай НӨҚ тобы құрайды?
Қандай көрсеткіштер НӨҚ қолдануының эффективтілігін көрсетеді?
НӨҚ-ты талдау алдында қандай мәселелер тұр?
Физикалық және моральдік тозу дегеніміз не?
Қандай көрсетуіштер НӨҚ қолдану сипаттамасына қолданылады, оның экономикалық мәні неде?
Сіздің шартты кәсіпорында эффективті жұмыс жақсарту үшін қандай шаралар қолдану қажет?
Лекция №5 Еңбек өнімділігін және еңбекақыны талдау және саралау
Лекцияның мазмұны:
Талдаудың негізгі бағыттары. Жұмыс күшімен қамтуды талдау.
Ортатізімдік санының көрсеткіштері (штатпен салыстыру, жоспармен). Жұмыс күшінің қозғалысы мен кадрлар ағымын зерттеу. Квалификациялық сипаттама. Кадрлар құрылымы.
Еңбек ресурстарын қолдану әсерлілігін талдау. Еңбек өнімділігінің өзгерісі мен жоспардың орындалуның көрсеткіштері. Еңбек өнімділігінің өсу факторларын талдау.
Еңбек уақытын қолдану. Еңбек уақытының балансының сипаттамасы. Еңбекақы қорын қолдануды талдау.
Еңбекақы қоры бойынша абсолютті және қатысты үнемділіктің көрсеткіштері. Еңбекақы қорының құрылымындағы өзгерістер. Орташа еңбекақы және оның еңбекақы қорына әсері. Еңбекақы қорының қолданылуына факторлардың әсер етуін бағалау
Еңбек өнімділігі өнімнің саны арқылы анықталады. Жеке бір еңбекшінің белгіленген уақытта шығарғаны, жасағаны (сағат, күн, ай, квартал, жыл) немесе бір өнімді шығаруға кеткен уақыт саны бойынша анықталады [9, б. 103-120; 10]. Еңбек өнімділігінің көрсеткіші ақшалай түрде – негізгі қызмет өтеуден түскен табыс Досн, натуралдық түрде Q өнім көлемінің, Т- тізім бойынша жұмысшыларды орта санына қатынасы айтылады.
Птр= Досн / Т
Таблица 12 - Пошта және электрлік байланыс кәсіпорындарындағы еңбек өнімділігін талдау және саралау
Еңбек өнімділігінің өсу тиімділігін бағалау түрлі көрсеткіштердің көмегімен анықталады. Еңбек өндіргіштігі өсу индексі Iптр:
Iптр = Птр жоспар / Птр 1
Ал жұмысшылардың санын өзгерту индексі:
Iт = Т жоспар / Т 1
Еңбек өндіргіштігінің өсу индексі негізгі қызмет көрсетуден түскен табыспен жұмысшылардың тізім бойынша орта саны негізінде анықталады
I w = I Д осн/ I T.
Еңбек өндіргіштігінің өсуі есебінен алынған қосымша табыс келесі түрде анықталады:
Досн / Птр = (Птр1 - Птр0) Т0 абсолюттік түрде;
Ал қатынасты шамаларда:
d Досн / Птр =
Жұмысшылардың тізім бойынша орта саны өсуі есебінен алынған қосымша табыс келесі түрде анықталады:
Д т = w0 Т1 – w0 T0.
Шартты түрде экономия болған жұмысшылар саны келесі түрде анықталады:
Δ Т усл = Д осн 1 / П тр 0 - Т 1
Жұмысшылардың санын, құрамын, қимылын талдау
Жұмысшылардың санын, құрамын, қимылын талдау мекемелердің жұмысшылар ресурстарына қалай қарықтығын білдіреді, және де жұмысшылар ресурстары еңбек өнімділігіне қалай әсер ететінін көрсетеді. Мұндай талдау нақтылы жұмысшылар санын жоспар мен штаттық нормативті салыстыра арқылы жүргізуден басталады.
Таблица 13 – Жұмысшылар санын талдау
Еңбек ақы қорын талдау және саралау (ЕАҚ)
Әрбір қызметкердің еңбек ақысы кәсіпорынның түріне қарамастан, жұмысының түпкі нәтижелері ескеріле отырылып, оның еңбек үлесімен, акция табыстарымен айқындалып, салықтармен реттеледі. Кәсіпорындарда ЕАҚ талдау және саралау ЕАҚ қалай жұмсалып жатқанын, оның көп жұмсалуының себептерін және оны экономиялау тәсілдерін оқудан басталады. Бұл талдау барысы еңбек өнімділігінің өсуін талдау мен қатар жүргізген дұрыс. Еңбек өнімділігінің өсу индексі еңбек ақысы индексінен ылғи да жоғары етуі талап етіледі.
ЕАҚ талдау нақтылы ЕАҚ пен жоспарлы ЕАҚ салыстыра арқылы жүргізіледі және де абсолюттік З және индекстік I3 экономия (немесе көп жұмсалыс) табумен көбіне шектеледі:
З = З 1 – З пл ; I 3 = З / З .
Таблица 13- ЕАҚ-ты жұмсауды талдау
Достарыңызбен бөлісу: |