2 тақырып. Мектеп пен сыныптың тәрбие жүйелері Жоспары


Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы және олардың өзара әрекеттестігі



бет2/4
Дата07.10.2022
өлшемі32,39 Kb.
#152087
1   2   3   4
Байланысты:
2- тема ТЖТ

2. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы және олардың өзара әрекеттестігі. Тәрбие - бұл қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі. Оның негізгі міндеті адамның өзін-өзі іс жүзінде көрсете білуіне, оның жеке тұлғалық бейнесінің қалыптасуына көмектесу.
Сондықтан тәрбие жүйесінің қалыптасу тарихы қарастырылады. Шетелдік және отандық педагогика тарихына үңілсек, 1980 жылдардың ортасына дейін мектептерде бірыңғай тәрбиелік жүйе болды. Ол жойылғаннан соң, басқа тәрбиелік жаңа жүйе іздеу жолында авторлық мектептер пайда бола бастады.
Дегенмен бұрынғы кездің өзінде-ақ өзгешелеу тәрбиелік жүйелер де құрылғаны белгілі.
Кеңестік дәуірдегі сирек кездесетін мектептер, атап айтқанда, И.Яковлевтің тұлғаға бағдарланған гуманистік типтегі «Болашақтың демократиялық мектебі» тәрбиелік жүйесін айтуға болады.
Тәрбие жүйесі: тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын «мақсат, субьектілер, олардың қызметі, пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар мен олардың психологиялық жағдайы қамтылған тұтас әлеуметтік организм; өзінің басты қызметі – тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе.
Жалпы білім беретін мектеп ұжымының тәрбие жүйесінің табысты әрекет етуінің маңызды белгісі тәрбиелік орта құру болып табылады. Тәрбиелік орта бұл адамның тұлғалық дамуына әсер ететін және қазіргі заманның қоғамы мен мәдениетіне енуіне септігін тигізетін, оны қорғайтын әлеуметтік құнды жағдайлардың жиынтығы. Тәрбие адам іс-әрекетінің маңызды түрінің бірі ретінде алуан түрлі құралдармен іске асырылады. Бұл мұғалімнің (тәрбиешінің) білім алушының өмірін ұйымдастыруға тікелей қатысатынын білдіреді.
Бүгінгі таңда ғалымдар тәрбие үрдісінің тиімділігін тәрбиелік жүйені құрумен байланыстырады. Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді және күрделі үрдіс болып табылады.
Сонымен қатар оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметтік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді, нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты.
Сыныптағы тәрбие жүйесінің негізгі қағидалары:

  • рухани және физикалық дамуда жеке басының сапа қасиеттерін, білімі мен дағдысын, ұстанымын, санасын, тәрбиелігін қалыптастыру қажеттілігінен туындайтын жалпы адамзаттық гуманистік құндылықтардың басымдылық қағидасы;

  • тәрбие үдерісінің бірізділігі мен біртұтастығын, сабақтастығын болжайтын жүйелілік қағидасы;

  • оқушылар мен қоғам қызығушылығының үйлесімділігін болжайтын демократизм қағидасы;

  • оқушылардың мүмкіндіктері мен жеке басының ерекшеліктерін ескеру қағидасы;

  • тәрбиені мемлекет пен қоғам өмірімен байланыстыру қағидасы;

  • тәрбие жұмысының ұтымды түрлері мен әдістерін таңдауды білдіретін вариативтік қағидасы;

  • жеке тұлғаға бағытталған тәрбие қағидасы - іс-әрекеттің ұжымдық формаларымен үйлестіре отырып, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі жетілдіру.

Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде оқушы қоғамның басты өнегелі ұстанымдарын меңгереді және оның қалыптасуы үшін өзіндік реттеу (белсенділікті саналы реттеу, өзінің мінез-құлқын, тәртібін, іс-әрекетін басқару), өзін-өзі тану (тұлғаның өзін-өзі танып-білуі, өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін анықтауы) және өзіндік анықтау (саналы түрде тұлға үшін әлеуметтік-маңызды жағдайлардағы өзіндік ұстанымын таңдауы) іс-әрекеттерін іске асырады. Тәрбие берудің теориялары мен тәжірибесінде оқушыға білім мен тәрбие беру әсерінің негізгі түрлерін анықтаудың әртүрлі бағыттары бар, олар сабақ барысында, сабақтан тыс іс-әрекеттерде, мектептен тыс өмірде (қосымша білім беру орындары, қоғамда, жанұяда) орындалуы тиіс.
Тәрбие жүйесі жүйелі білім берудегі әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте оның қызметі мен даму сатыларында, оның элементтері, байланыстары мен құрылымын қарастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет