Мектептегі тәрбие жүйесінің мәні, мазмұны
Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметтік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай қашан өзгерту қажетігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.
Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.
Сынып жетекшісінің жұмысындағы оқушы тұлғасын қалыптастыру
Сынып жетекшісінін жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру. Сонымен, оқушылардың адамгершілігі тәрбиенің ең маңызды міндеті болып табылады. Адамгершілік адамның іс-әрекеті мен қылықтарынан көрінетін қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді. Қатынас дегеніміз субъектінің қоршаған ортамен қалауы бойынша анықталатын байланысы.
Сондықтан оқушының қандай құндылықтарды таңдап алуы сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне тәуелді.
Зерттеушілер қатынастар жүйесіне әртүрлі компонентерді кіргізеді. Әрбір қатынас белгілі бір білімдерді игеру дегенді білдіреді, алайда бұндағы ең бастысы бұл білімдерді өнегелілік түрде түсіну, сезіну болып табылады.
Н.Е. Щуркова, А.П. Сейтешев жеке тұлғаның қасиеттерін құндылық қатынастардың қалыптасу нәтижесі деп түсіндіреді. Осылайша, басқа адамға деген құндылық қатынастың нәтижесі — гуманизм, өз өзіне — қадір-қасиет, еңбекке -еңбексүйгіштік, енбекқорлық болып табылады.
Жеке тұлғаның ең басты қасиеттерін осылайша бөлу өте маңызды, өйткені, қоршаған оргаға, адамға, материалдық және рухани дүниеге деген қатынастың қалыптасуы барысында адамгершіліктің барлық жақтарын қамту мүмкін емес.
Тәрбие нәтижелері туралы сөз етер болсақ, жеке тұлғаның басты қасиеттерінің қалыптасуы туралы айтуға болады:
1. Басқа адамға деген қатынас — гуманизм.
2. Өз өзіне деген қатынас — қадір-қасиет.
3. Еңбекке деген қатынас — еңбексүйгіштік, еңбекқорлық.
4. Ұжымға деген қатынас — ұжымшылдық.
5. Отанға деген қатынас — отансүйгіштік, патриотизм.
6. Табиғатқа қатынас — табиғатқа қамқорлық.
7. Көркемдікке қатынас — көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабілеті.
Жеке тұлғаның осы бір қасиеттерін қалыптастыру — қоршаған орта туралы білімдерді өнегелілік түрде түсініп-сезіну. Сондықтан, оқушылардың қоршаған орта туралы білімдер жинағын адамгершілікпен сезінуі тәрбие жұмысының басты мақсаты.
Оқу материалының, әрбір сабақтың өзіндік тәрбиелік маңызы бар екені белгілі. Олардың әрқайсысы оқушылардың қоршаған ортаға деген, құндылық қатынасын қалыптастыруда басқа адамның жеке тұлғаға құрметінен бастап, болмысты эмоционалды-эстетикалық қабылдауға дейінгі, құндылық сапаларын тәрбиелейді. ҚР-мектептерінде білім беру мазмұны үнемі жаңарып отырады.
Мұғалімнің алдында тұрған өзекті мәселе оны адамгершілік тұрғысынан түйсіну. Оқу пәндеріндегі тәрбиелік мүмкіндіктерді мұғалім білуге тиісті. Бұл жөнінде негізгі пәндер гуманитарлық циклде болып келеді. Дегенмен сабақ үстінде ғана тәрбиелеумен шектелмеу керек. Егерде кей мұғалімдердің тәрбиелік міндетті қажетті деңгейде орындай алмауын ескерсек онда жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Пән мұғалімдерінің тәрбие жұмысынын сынып жетекшісіне басшылығына тәуелді сондықтан да мұғалімдер сыныптағы тәрбие жүйесіне қалыптастыруда белсенділік танытады.
Мектептің тәрбие міндеттеріне сүйене отырып, өз сыныбындағы окушылардың ерекшеліктері мен тәрбиелілік деңгейлерін ескере отырып, осы мәселені шешуге пән мұғалімдері, оқушыларды, ата-ананы, демеушілерді т.б. тарта отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |