Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Реферат
Тақырыбы: Ежелгі Шығыс тарихындағы хеттер
Орындаған: Балгожин А.Х
ГИ (ДОТ) 10 в
Тексерген: Айммахов Е.Н
Қарағанды қаласы
2020-2021 жж
Жоспар:
Кіріспе бөлім
Хетт патшалығы
Негізгі бөлім
Хеттер тарихы және деректері.
Хеттердің заңы бойынша экономикасы мен саясаты.
Қорытынды бөлім
Ежелгі Шығыс. Мике мәдениеті, Ежелгі Мысыр, хеттер мемлекеті мен Ассирия Хетт патшалығы — б.з.б. 18 — 12 ғасырлар аралығында Кіші Азияда өмір сүрген ежелгі мемлекет. Б.з.б. 20 — 19 ғасыларда құрамына хетт, хатти этникалық топтары кірген кішіазиялық саяси бірлестіктердің (Канес, Хаттусас, Бурушханда) негізінде құрылған. Хетт патшасы Куссар Анитастың кезінде (шамамен б.з.б. 18 ғасыр) оған дейін Ассирияға бағынған кішіазиялық елді мекендердің өзара бірігуі басталды. Ол Нес, Хеттусас қалаларын басып алып, Куссарды астанаға айналдырды. Ежелгі хетт әулетінің негізін салушы Лабарна (б.з.б. 17 ғ-дың бас кезі) Хетт патшалығының аумағын кеңейтті. Лабарнаның мұрагері Хаттусилис Қ-нің кезінде (б.з.б. 17 ғасырдың ортасы) Цальпа мен Кіші Азияның оңтүстік-шығысындағы бірқатар облыстар басып алынды. Ол астананы Хаттусасқа көшірді. Хаттусилис Қ-нің ұлы Мурсилис Қ-нің тұсында Хетт пирамидасының әскери қуаты ең жоғары өрлеу шегіне жетті. Онан кейінгі 100 жылдай кезең өзара қырқысу соғыстары мен сарай төңкерістеріне толы болды. Хетт заңдары қабылданғанға дейін (шамамен б.з.б. 16 ғасыр) Хетт патшалығы үш негізгі бөліктен: орталық Хаттусас болған орталық облыстан, Кіші Азияның оңтүстік-батысындағы Лувий мен солтүстік-шығысындағы Палдан құралды. Б.з.б. 15 — 14 ғасырдың бас кезінде лувиялықтар мен хурриттер мекендеген оңтүстік облыстардың рөлі күрт күшейді. Жаңа патшалық деп аталған кезеңдегі (б.з.б. 14 ғасыр — 12 ғасырдың бас кезі) хетт патшалары хуриттер болды. Суппилилумас Қ патша (б.з.б. 14 ғасырдың басы) ұзаққа созылған соғыстан кейін Миттанияны талқандап, Угаритті тәуелділікке түсірді. Кейінгі патшалар Мурсилис ҚҚ билік еткен уақыттан (б.з.б. 14 ғ-дың соңы) Хаттусили ҚҚҚ-ге дейін Хетт патшалығы мен Египет Таяу Шығыстың екі қуатты державасы ретінде Сирияны иемдену үшін өзара соғысты. Б.з.б. 13 ғасырдың соңы мен 12 ғасыдың бас кезінде Хетт патшалығына Ахиява мен Арцава кірген мемлекеттер одағы қарсы шықты. Билеушілер әулетінің өзара қырқысу соғыстары, шеткері облыстар мен одақтас патшалардың оның құрамынан шығуы мемлекеттің ыдырауына әкеп соқты. Хетт патшалығы мүлдем жойылуына Кіші Азиядағы “теңіз халықтарының” шығысқа қарай қоныс аударуы да түрткі болды. Хетт патшалығы Ежелгі Шығыста, әсіресе, Кіші Азияда 600 жыл бойы жетекші мемлекет болып, бұл аймақтың дамуында үлкен рөл атқарды. Үздіксіз соғыстар хеттердің қорғаныс сәулет өнерінің дамуына жағдай жасады. Осы кезеңде сарайлар мен ғибадатханалар бой көтерді. Бұл архитектуралық ескерткіштер терезелерінің кеңдігімен ерекшеленді. Сәулет өнері жұмысы мүсін және бедерлеумен тығыз байланыста болды. Ежелгі хетт өнері шығыс халықтары өркениетінде үлкен із қалдырды. Хетт патшалығының саяси құрылымы да күрделі болды. Патша жеке облыстарды басқару үшін жергілікті әкімдерді тағайындады. Жер иеліктерін алғандар белгілі бір шаруашылық міндеттерін немесе әскери қызмет атқаруға тиіс болды. Құлдар бүкіл халықтың шамалы бөлігін құрады. Құлдар мен ерікті хеттердің арасында ерекше жер үлестері берілген әскери тұтқындардың әлеуметтік тобы болды. Патша шексіз билік құрып, ол құдаймен қатар қойылды. Хетт патшалығы жойылғаннан кейін мемлекетті құраған жергілікті тайпалар кейіннен келіп қоныстанған халықтардың құрамына сіңіп кетті.
Кіші Азия — таулы үстірттер мен далалы өлке. Егістікке қолайлы кең алқапты жазық-тар аз. Мұнда Ніл, Евфрат пен Тигр сияқты суы мол өзендер де жоқ. Ең үлкен өзені — ежелде Галис, ал қазір Қызыл Ирмак аталған өзен болды. Ол елдің шығыс-солтүстігінен басталып, оңтүстік-батысқа қарай ағып барып, Қара теңізге құяды. Оның суы өте көп емес еді. Сондықтан кемелердің жүзуіне онша қолайлы болмады. Шағын каналдар қазылды. Дегенмен жер бедері ірі суландыру жүйелерін жасауға мүмкіндік бермеді.
Мұның бәрі — жазықтардың аз болуы, таулы-үстіртті болып келуі, өзендердің аздығы кең түрдегі жер шаруашылығымен айналысуға кері әсер етті. Бірақ бұл жағдайлар, әсіресе мал жайы-лымдарының көптігі мал өсіруге қолайлы болды. Сол себепті ежелден-ақ мал шаруашылығы дамыды.
Тауларда әр түрлі ағаштар мен өсімдіктер өсті. Ежелгі заманда аңдар да көп болатын. Тау қойнауларында күміс, мыс, қорғасын, темір сияқты металдар көп еді. Сол себепті де елдің оңтүстігіндегі тау жоталары Күміс таулар деп аталды.
Осындай аймақты мекендеп, алғашқы ірі мемлекет құрған Каспий теңізі бойынан келген халықтар деп есептеледі. Ол мемлекет Хетт патшалығы деп аталды.
Хетт патшалығы Анатолы деген аймақта орналасқан еді. Ежелден-ақ бұл жерді үш жағынан теңіздер қоршап жатты. Олар: Қара теңіз, Мәрмар, Эгей, Жерорта теңіздері. Бұл аймақ таулы үстірттер мен беткейлерге толы болды. Сол үшін де егістікке де, мал шаруашылығына да қолайлы болды. Елде ең үлкен өзен Галес деп аталды, қазір Қызыл Ирмак деп аталады.Бұл өзен қара теңізге құйды. Тауларда әр түрлі ағаштар мен өсімдіктер өсті. Тау қойнаулар күміске, мысқа, қорғасынға, темірге толы болды. Хетт патшалығының халқын шетел адамдар Каспийден келген халық деп атады.
Хеттердің діни түсініктері бейнелеу өнерінде үлкен орын иеленді. Оларда табиғаттың анасы сопақша бас киім киеген, ұзын көйлек киген ана бейнесіндегі құдай болып есептелінді. Олар бұдан басқа да құдайларға табынды. Хетт құдайларының бейнесі әдеби шығармаларда да кездесті. Мысалы, көктем құдайы телепинге арналған шығарма. Хеттер көптеген вавилондық шығармарды білген және оны өз тілене аударған.
Хеттік құрылыс өнерінің бір ерекшелігі қаланың екі қатар дуалмен қоршалуы [1].
Ежелгі Шығыс тарихы ежелгі дүние тарихының құрамдас бір бөлігі болып табылады. Жалпы «шығыс» ұғымы ең алғаш Еуропада, антика дәуірінде пайда болды. Ежелгі гректер адамзатты ойша «батыс» және «шығысқа» бөліп, «Батыс» полиспен, демократиямен, жеке адамның еркіндігімен байланыстырылса, ал «Шығыс» – Парсы империясымен, адамды қатаң езіп-жаншумен, деспотизммен теңестірілді. Шығыс пен Батыс арасындағы шекара уақыт өте келе өзгеріп отырды, сонымен бірге оларды қарсы қоюдың мәні де өзгеріп отырды. Орта ғасырларда ол христиандық және христиандық емес әлемнің қарсы тұруы ретінде ұғынылды. Бұл кезеңде «Шығысқа», сондай-ақ православиенің таралу аймағы болған Шығыс Еуропаны да жатқызатын болды.
Б. з. б. III мыңжылдықтың соңында хеттердегі ру-тайпалық кұрылыс ыдырай бастады. Тайпа одақтарының арасындағы күрестің барысында хеттердің бір орталыққа бағынуы басталды. Басқаларға қарағанда Ниса қаласы мықтырақ еді. Оның билеушілері алғашқы Хетт мемлекетін құрды. Табарна атты билеуші б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Кіші Азияның көптеген жерін бағындырды. Сөйтіп, Хетт мемлекеті кеңейе, күшейе түсті. Мемлекеттің астанасы Хаттуса қаласына көшірілді. Хеттер Қосөзен бойына қарай жорықтар жаса-ды. Олар, тіпті Вавилонға дейін жетті, б. з. б. 1595 жылы Вавилонды тонады.
Бірақ Хетт билеушілерінің билігі өте мықты болмады. Олар ақсақалдар кеңесінің шешімдерімен санасуы керек еді. Патша билігін мұралану, яғни балаларына мұра ретінде беру тәртібі жоқ болатын. Бұл жағдайлар елдегі билік үшін де күресті күшейтті. Патшаны өлтіріп, патшалық билік үшін талас басталды. Ұзаққа созылған тақ үшін талас елді, мемлекетті әлсіретті. Нәтижесінде хеттер бұрынғы басып алып, бағындырған жерлерінен айырылды.
Телепин атты патша елдегі жағдайды реттеуді қолға алды. Ол егер патша өлсе, оның орнына үлкен баласы, ол болмаса екінші ұлы отырсын. Ал ер балалары болмаса, ең үлкен күйеу баласы тақты иемденуге қақылы деген жарлық шыгарды.
Бұдан кейін елдің ішкі жағдайы біраз реттелді. Хетт патшаларының билігі тұрақтанды және қайтадан күшейді. Олар елдің оңтүстігіндегі Сирияға қарай жорықтар жасады. Сирия жері, Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы елдердің бұл кездерде Египетке тәуелді болғанын білеміз. Египеттің ішкі жағдайының шиеленісуін пайдаланып, хеттер Сирияны басып алды. Қосөзеннің солтүстік-батыс бөлігін езіне қарата отырып, Вавилонға өктемдік жүргізуге ұмтылды [2].
Б. з. б. XIV ғасырдың соңына карай Египеттің қайта ерлеуі Сирия жері үшін хеттер мен египеттіктердің күресін қайта жандандырды. Бұл күрес шешуші нәтиже бермеді. Ұзақка созылды. Акыры адамзат тарихындағы екі ел арасындағы бірінші бейбіт бітім шарты дүниеге келді. Ол б. з. б. 1280 жылы Египет пен Хетт мемлекеттері арасында жасалды. Ол шарт бойынша Сирия жері екіге бөлінді. Солтүстігі Хетт, ал оңтүстігі Египет мемлекеттеріне қарады.
Екі мемлекет бір-бірімен достықта тұруға, өзара көмектесуге келісті. Хеттерді мұндай келісім жасауға итермелеген шығысында қуатты Ассирия мемлекетінің өрлеуі еді. Ақыры ұзаққа созылған күрес барысында Ассирия Хетт патшалығын талқандады.
Хеттердің тарихи дәстүрі хеттер тарихының ең ежелгі дәуірін Куссармен байланыстырады, ол Хетт мемлекеті өмір сүруінің бастапқы кезінде мемлекеттің астанасы болған еді. Алайда Аниттадан кейін орын алған қоғамдық және мәдени өзгерістер нәтижесінде, хеттердің ресми тілі көнеассириялық аккад диалектісі мен жазуынан, енді халық тіліне және сына жазуының солтүстік Сириядан қабылданған басқа нұсқасына ауыстырылады. Хетт мемлекетінің негізін қалаушы Куссардың бізге белгілі алғашқы билеушілері, яғни Питхана мен Анитта емес, кейінгі дәуірдегі Хетт патшасы Лабарна деп саналады. Патшалықтың алғашқы дәуірінде, «ел әлі де болса кіші-гірім» болған кезде, Лабарна қарудың күшімен көрші аудандарды жаулап алады. Одан кейін ол Кіші Азияның оңтүстігі мен солтүстігіне жылжып, хеттер билігін «теңізден теңізге дейінгі» территорияға (Жерорта – Қара теңіз) таратты.
Хеттердің келесі билеушісі – І Хаттусили (Лабарна ІІ) де Куссарда таққа отырды. Оның Хаттусили деген есімді қабылдау себебі, ол стратегиялық мақсатпен өз патшалығының орталығын Куссардан солтүстікке, Хаттусуға ауыстырды. Осы уақыттан бастап Хаттуса Хетт мемлекеті құлағанға дейін мемлекеттің астанасы болып қалды. «Хатти» атауы жалпы Хетт мемлекетінің атауына айналды.
Кіші Азиядағы бірқатар аудандарды өзіне қарата отырып Хаттусили Солтүстік Сирияға жорыққа аттанды. Бұл жерде Алалах қала-мемлекетін, Уршу және Хашшу қалаларын басып алып, Халебті жаулап алу бағытындағы ұзаққа созылған күресін бастады, алайда оны аяғына дейін жеткізе алмады, бұл оның мұрагері І Мурсилидің үлесіне тиді.
Халебті бағындырған Мурсили Вавилонға аттанды, оны Хаммурапи әулетінен шыққан Самсудитана билеп тұрған еді, қаланы Мурсили б.з.д. 1595 ж. алды. Осы жорығы кезінде Мурсили сондай-ақ Солтүстік Месопотамияда Евфраттың сол жағалауында мекендейтін хурриттерді де бағындырды.
Ежелгі патшалықтың аяғына қарай хеттер Киццуватнада – Жерорта теңізінің солтүстік-шығыс бұрышында орналасқан стратегиялық маңызды ауданда табыстарға қол жеткізді. Киццуватна патшасымен Ежелгі Хетт патшалығының соңғы билеушісі – Телепину достық қатынастар орнатты.
Ежелгі Хетт патшалығының өн бойында билеушілердің патша билігін күшейту жолындағы кескілескен күресі жүріп отырды. Патша билігін халық жиналысы – панку айтарлықтай шектеп отырған еді. Бастапқыда хетт жиналысы барлық қару ұстай алатын ер адамдарды біріктірді, ал кейінірек панкуға кіретін адамдардың қатары айтарлықтай азайды, оған енді шонжарлардың жоғарғы топтарының өкілдері ғана кіретін болды. Жиналыс тақ мұрагерлерін анықтауға, сот ісін жүргізуге құқылы болды. Шығу тегі бойынша хатталық – табарна жоғарғы титулын иеленген патша, елдің болашақ билеушісіне кандидатура ғана ұсына алды, оны панку таққа отырғызды немесе керісінше бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Патша тағына үміткерлер көп болды, өйткені таққа тек патша ұлы ғана емес, егер ол болмаса патшаның немересі, патшаның әпкесі мен қарындасының ұлы немесе күйеуі отыра алатын еді.
Патша билігін мұралану туралы мәселені Телепину ғана толықтай шешіп берді, ол «Тақты мұралану туралы заң» шығарды, бұл заң бойынша таққа тек патшаның ұлдары, үлкендігіне қарай отыратын болды. Ұлдары болмаған жағдайда патшаның күйеу баласы отыра алды. Басқалардың бәрі таққа үміткерлер қатарынан алып тасталды, ал панку осы заңның орындалуын бақылап отыруға тиіс болды. Патша билігін барынша күшейткен осы тақты мұралану тәртібі Хетт мемлекетінің аяғына дейін сақталды.
Б.з.д. 1500-1400 жж. дәуірін қамтыған Орта Хетт мемлекеті тарихының жеткіліксіз зерттелуіне байланысты ары қарай Жаңа патшалық дәуіріндегі хеттер тарихының басты мәселелеріне тоқталамыз. Бұл дәуірде Хатти Египетпен, Вавилониямен және Ассирия державасымен тең мемлекет ретінде қарастырылған еді.
Жаулаушылық саясат ХҮ ғ. аяғында ІІІ Тутхалия тұсында басталып, б.з.д. ХІІІ ғ. ортасына дейін жалғасты. Жаңа патшалықтың өн бойында дерлік хеттер Кіші Азияның Арцава деп аталатын оңтүстік-батыс аудандарына жорық ұйымдастырып отырды. Бүкіл оңтүстікте хеттерге жақын, туыстас лувиялықтар мекендеп, ол жер Лувия деп аталатын еді.
Хеттер бұл уақытта Солтүстік Сирия үшін күресте ірі нәтижеге қол жеткізді. Хаттидің Ежелгі патшалық құлағаннан кейінгі уақытша әлсіреуін пайдалана отырып митаннийліктер Евфраттан батысқа қарайғы территорияда, атап айтқанда Солтүстік Сирияда ірі табыстарға қол жеткізді. Халеб, Алалах, Каркемиш және басқа патшалықтар олардың саяси үстемдігі аумағында болды.
Тутхалияның ұлы І Суппилулиум Митаннидің үстемдігін жойды. Жоғарғы Евфраттан өтіп хетт әскерлері осы өзен аңғарындағы хурриттердің ұсақ патшалықтарына баса-көктеп кіріп, бұдан кейін солтүстіктен – Митанни астанасы Вашшуканнаға шықты. Хеттер астананы талқандап, таққа хетт патшасы өз адамын отырғызды. Осы уақыттан бастап хеттердің Солтүстік Сириядағы ұзаққа созылған үстемдігі басталады. Халеб пен Каркемишті жаулап алғаннан кейін Суппилулиум бұл қалаларды өз ұлдары – Пияссили мен Телепинудің билігіне береді.
Суппилулиум тұсында Хатти мен Египет арасындағы қатынастар бастапқыда достық негізде болды. Бұған Суппилулиумның Эхнатонға оның таққа отыруына байланысты жіберген құттықтау хаты дәлел бола алады. Алайда хеттердің Сириядағы саясаты Египетпен қақтығысқа алып келмей қоймайтын еді.
Географиялық және климаттық факторларға тікелей тәуелді болған Хаттидің ауыл шаруашылық өндірісі суғару жүйесіне негізделмегені белгілі, алайда хеттер қолдан суғаруды мүлдем пайдаланбады деуге болмайды. Өзендер суының аздығы, өзен аңғарларының тарлығы және Орталық Кіші Азияның таулы рельефі кең суғару жүйесін дамытуға мүмкіндік бермеді.
Алайда Орталық Кіші Азияда мекендеген тайпалардың қоныстану территориясы егіншілік пен мал шаруашылық және қолөнердің дамуы үшін жаман база болған жоқ. Негізгі ауыл шаруашылық дақылы астық тұқымдастар – сұлы, бидай, эммер болды. Бау-бақша дақылдарына – жеміс ағаштарына, зәйтүн ағашына көп көңіл бөлінді.
Жер иелену мен пайдаланудың формалары әр түрлі болды. Хетт мемлекетінде патша (сарай), храм және жеке (қауым) жерлері орын алды. Патша және храм жерлері тікелей жоғарғы мемлекеттік биліктің қолында болды, өйткені патша елдің тек жоғарғы билеушісі ғана емес, сонымен бірге жоғарғы абыз, яғни сарай және храм жерлерінің басты меншік иесі де болып табылды. Алайда ол елдегі барлық жердің меншік иесі болған жоқ. Жердің белгілі-бір бөлігі мемлекеттік шаруашылықтан тыс болды. Мұндай жерлер еркін түрде бөгделенетін болды.
Мемлекеттік жерлер, әдетте бүтіндей қоныстар түрінде әр түрлі патша және храм шаруашылығына беріліп отырды. Патша шаруашылығы әр түрлі үйлерді – «шаруашылықтарды» қамтыды: «патша үйі» (кейде Күн үйі деп те аталды), «патшайым үйі», «сарай үй»”, бұларда тікелей өндірушілердің әр түрлі категориялары еңбек етті. Олардың бір бөлігі «үйге» бекітіліп берілді.
Мемлекеттік сектордағы ірі «үйлер» соңғы нәтижеде ұсақ шаруашылықтарға – жеке «үйлерге» бөлінді, олар хетт қоғамындағы негізгі өндіріс ұясы болды. Мемлекеттік жерді иеленгені және пайдаланғаны үшін екі түрлі мемлекеттік міндеткерлік атқарды – саххан және луцци. Саххан – натуралды міндеткерлік, ол жекелеген тікелей өндірушілерді немесе ірі шаруашылықты дайын түріндегі әр түрлі өнімдер мен малды патша және ірі мемлекеттік қызметкерлер пайдасына өткізуді міндеттеді. Луцци – еңбек міндеткерлігі, ол егістік алқаптары мен жүзімдіктерде еңбек етуге, қамалдар тұрғызу немесе жөндеу және басқа да мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарды атқаруға міндеттеді.
Саххан мен луцциді орындаудан тек патшаның арнайы қаулысы арқылы ғана босатылды. Әдетте мемлекеттік міндеткерліктен храмдар ғана босатылды, ондағы тікелей өндірушілер тек абыздар пайдасына ғана еңбек етті.
Хетт заңдары хетт қоғамын ерікті адамдарға және оларға қарсы қойылған еріксіз адамдарға (құлдар) бөледі. “Ерікті адам” деп бастапқы дәуірде патшаның мемлекеттік саххан және луцци міндеткерліктерін тек патшаға ғана емес, сондай-ақ храм пайдасына да өтеуден босатқан адамды айтты. Ал кейінірек – Жаңа патшалық дәуірінен бастап “ерікті адам” тобына әлеуметтік жағынан ерікті барлық адамдар категориясы – қоғамның жоғары топтарынан төменгі топтарына дейін бәрі кірді.
«Еріксіз» адамдарға әлеуметтік еркіндіктен айырылған, белгілі-бір тәуелділіктегі адамдар жатты. «Еріксіздердің» әр түрлі категориялары болды. Оларға құқықтардан мүлдем жұрдай құлдар да, сондай-ақ белгілі-бір құқықтарға ие, азаматтық қауымның мүшелері де жатуы мүмкін еді. Олардың өз «үйлері» (шаруашылықтары), отбасы, жер участогі, өз малы, жұмысшы персоналы – құлдары болды. Экономикалық жағынан тәуелсіз болған бұл тікелей өндірушілердің барлық категориялары құқықтық жағынан хетт қоғамының біртұтас қаналушы «тәуелді, еріксіз» адамдар тобын құрды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Ежелгі дүние тарихы - 6 сынып - Алматы: Атамұра баспасы,- 2006.
Жұмағұлов Қ.Т., Қартабаева Е.Т. Таяу Шығыстың ежелгі мемлекеттері. Оқу құралы. – Алматы, 2007.
Амусин И.Д. Проблемы социальной структуры древнего Ближнего Востока (І тысдо н.э.) по библейским источникам. М., 1993.
История древнего Востока: Зарождение древнейших классовых обществ и первые очаги рабовладельческой цивилизации. Ч.1. Месопотамия. М., 1983. Ч.2. Передняя Азия. Египет. М., 1988.
История Востока. Т. 1. Восток в древности. М., 1999.
Достарыңызбен бөлісу: |