2-тақырып. Моңғол кезеңіе дейінгі Орталық Азиядағы түркі ілдес этностардың этномәдени интеграцияы кезеңдері. Сұрақтар



бет26/35
Дата16.11.2022
өлшемі246,35 Kb.
#158532
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Байланысты:
Лекция тарих
1575911337 (1), Корыктар

Қағанаттың күйреуі


Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилері 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.


Қарлұқ қағанаты
Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. немесе ВЫЫЫ-Х ғғ. аралығы)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет.
ВЫЫЫ ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон-ябғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-оқ елі) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде Қ. қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді. 8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. Жылнамашылар мен саяхатшылар ВЫЫЫ-ЫХ ғасырда Жетісу жерін чумук, ұлығ-ақ, жабшид, түркеш-қалаш, түргеш, азғыр, қашу, барсхан, т.б. тайпалар мекендегенін жазады. Алтай мен Жетісудың саяси және әскери өмірінде қарлұқтармен қатар қаңлы тайпасы да елеулі орын алды. Олар, негізіненАлтайда(Ертіс алабын), содан соң ЫстықкөлШу жағалауларын, Талас өңірін жайлады. Ыстықкөл алабында, сондай-ақ, шігілдердің де иеліктері болды. 10 – 11 ғасырда Іленің орта ағысында яғмалар тұрды. Тараз қаласысының іргесінде Яғма қыстағы болған. Қарлұқ қаласының құрамындағы негізгі тайпалар – көшпелі түріктер мал өсіруді кәсіп еткен. Қарлұқтар мекендеген атыраптың өзге халықтар тұрған жерлерге қарағанда бақшалы, мәдениетті қалалары, елді мекендері болған. Талас алқабында ВЫЫЫ-ЫХ ғасыр АтлахХамукетШельджиСусКульТакабетсияқты қалалары болған. Жергілікті отырықшы халықтың басым көпшілігі түсті және асыл металдар (алтын, күміс, мыс) өндірумен шұғылданды. Іле аңғарында Кунгут, Талһир (Талғар) қалалары болды. Әсіресе, ТаразҚұлан (Құлан сайдың қасындағы мекенжай), Мирки (Меркі), Ашпара (Шалдавар а-на таяу осы аттас өзен бойындағы қираған мекенжайдың орны) қалалары көбірек белгілі болды. ВЫЫЫ-Х ғасырда Жетісу қалалары құрылысы, үйлерінің орналасуы жағынан Орта Азия қалаларынан өзгеше болды. Олар бір жағынан көшпелілерден қорғанатын бекініс еді. Қағандықтың экономика өмірінде Соғды қалалары үлкен рөл атқарды, олардың халқы, негізінен, СамарқаннанБұхарадан, Орта Азияның басқа да қалаларынан келгендер еді. Ірі де бай соғды мекендерінің сауда-экономика қуаты аса зор және дипломатикалық мүмкіндігі күшті болды. Сауда-саттық қалалары Шығыс пен Батыстың арасындағы көне керуен жолдарының бойына орналасты. Сол жолдардың бірі БұхараСамарқан,Шаш (Ташкент), ТаразҚұланСуяб (қазіргі Тоқмақ маңы) арқылы өтіп, Ыстықкөл ойпатымен Қарқараны, Текесті басып, Шығыс Түркістанға қарай бойлаған. Отырықшы халық көшпелілермен тығыз байланыста болып, сауда жасап, тауар алмасып отырды. Көрші елдермен қарым-қатынас жасау қала мәдениетін өсірумен бірге сырттан басқа діннің де енуіне жағдай жасады. Халықтың басым көпшілігі ата-бабалар дінін ұстанған (тәңірлік, шаман). 940 жылы Шығыстан келген «мәжусилік түріктер» қағандықты құлатты. Қарлұқ Қағандығы кезеңінде Жетісу халықтарының арасында әлеуметтік-экономикалық, этнограф және саяси бірлесудің берік негізі қаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет