2-тақырып. Моңғол кезеңіе дейінгі Орталық Азиядағы түркі ілдес этностардың этномәдени интеграцияы кезеңдері. Сұрақтар


Қарақытай мемлекеті (құрылуы, құрылымы, құлауы)



бет33/35
Дата16.11.2022
өлшемі246,35 Kb.
#158532
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Лекция тарих
1575911337 (1), Корыктар

Қарақытай мемлекеті (құрылуы, құрылымы, құлауы)


Қарақытай мемлекетінің құрылуы. IX ғасырда Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін Орталық Азияның шығыс бөлігіндегі билікті қидандар басып алды. Олар жайлы жазба деректерде Қытайдан солтүстікке қарай өмір сүрген монғол тілдес тайпалар ретінде атап өтіледі.
1125 жылы Қытайдың біріккен күштері мен оның одақтастары Қидан мемлекетін талқандады. Қидандардың бір бөлігі жаулап алушыларға бағынды, ал қалған бөлігі Елюй Дашидың басшылығымен батысқа жылжып, Жетісудың солтүстік-шығысына енді. Осында қидандар жергілікті түркі халқымен араласып, қарақытайлар деген атпен белгілі болды.
Қарақытай жауынгері
Бастапқы кезеңде Жетісуға қоныстанған қидандар жергілікті билеушілерге бағынатындықтарын білдірді. 1128 жылы Баласағұн билеушісі қидандарды бағынбаған тайпаларға қарсы шығуға одақтас ретінде шақырды. Олар одақтас болудың орнына өздері Баласағұн қаласын басып алды. Сол жылы қидандар Жетісуда Қарақытай деген атпен, ордасы Ғұзорда болған өз мемлекетінің негізін қалады. Мемлекеттің негізін қалаушы Елюй Даши 1141 жылы Самарқанға жақын маңда біріккен салжұқ-қарахан әскерін талқандады. Қарақытайлар Бұхараны және бүкіл орталық Мауараннахрды басып алды. Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі жеңіліске ұшырап, қарақытайларға жыл сайын алым-салық төлеуге мәжбүр болды.
Жетісу, Мауараннахр және Шығые Түркістан Қарақытай мемлекетінің құрамына енді. Алайда қарақытайлық гурхан қарахандықтар әулетін жойған жоқ. Өзінің вассалдары (бодан) етіп, алым-салық алумен шектелді. Қарақытайлар қарахандықтардың басқару жүйесіне өзгеріс енгізбеді және өлке экономикасына, қоғамдық өмірі мен мәдениетіне ықпал еткен жоқ.

Мемлекеттік құрылымы


Қидандар билеушісі гурхан лауазымын иеленді. Бұл «хандардың ханы» мағынасын білдірді. Бас ордасы Баласағұнға жақын жерде, Шу өзенінің бойында орналасты. Гурхан қатаң салық енгізді. Өз маңайындағыларға енші жер бермеді себебі өзара маңайындағыларға енші жер бермеді себебі өзара қырқыстан және олардың күшейіп кетуінен қауіптенді. Қарақытайлар әскерінде тәртіп күшейтілді. Гурханның өкілетті басқарушылары өздерінің бағыныштыларына бақылау жасап қана қоймай, салық жинаумен де айналысты. Өр отбасынан бір динардан салық алды.
Гурхан билігінің күшейюі
Мемлекеттің негізін салушы Елюй Даши 1143 жылы қайтыс болып, билік оның жесірінің қолына өтті. Қарақытайларда билікке мұрагерлік ету құқығына ерлер ғана емес, билеуші рудың әйелдері де ие болды. Қарақытай тарихында Елюй Дашидің қызы да билікке ие болғандығы белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет