2 тақырып: Практика бойынша сұрақтар. №2 тақырыптың сұрақтары


Суды тазарту және түссіздендіру. Коагуляция



бет2/4
Дата25.12.2021
өлшемі90,94 Kb.
#104916
1   2   3   4
Байланысты:
№2 ПС Шадыбек Елжас

12 Суды тазарту және түссіздендіру. Коагуляция 

13 Судың фильтрациясы. Сүзгілердің түрлері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. 

14 Суды залалсыздандыру түсінігі, әдістері, көрсеткіштері. 

15 Судың сапасын жақсартудың арнайы әдістері
Жауап:
1) Судың физиологиялық және гигиеналық маңызы. Ауыз су сапасының гигиеналық критерийлері.

Судың физиологиялық маңызы:

Қоршаған ортаның қалыпты температурасында және ылғалдылығында ересек адамның тәуліктік су балансы 2,2-2,8лді құрайды.Адам ағзасы тәулігіне 1,5-лге жуық суды кіші дәрет арқылы,400-500мл тері қабаты арқылы,350-400мл тыныс алу кезінде,100-150мл нәжіс арқылы шағарады.

-Су адам денесінің 65-70% құрайды,нәрестелерде-76%-дейін жетеді.

-Су универсалды еріткіш организмдегі барлық физикалық-химиялық,химиялық үрдістер жүретін ортасы.

-Су жасушалардың құрылымына кіреді.

-Су жылу реттелу үрдісіне қатысады.

-Организмнен зиянды заттарды шығарады.

-Су-тұз алмасуын реттейді.

Судың гигиеналық маңызы:

-Су организмнің маңызды құрамдас бөлігі.Тірі организмдерде барлық химиялық реакциялар су арқылы ғана өтеді.Тұз алмасу су алмасумен тығыз байланысты.

-Су зат алмасу реакцияларының белсенді қатысушысы.

-Судың сапасы оның органолептикалық қасиеттерімен,химиялық құрамымен,эпидемиологиялық және радиациялық қауіпсіздігімен анықталады.

-Судың органолептикалық қасиеті мөлдірлігімен,дәмімен,иімімен сипатталады.

Ауыз су сапасының гигиеналық критерийлері.

Халықты ауызсумен жабдықтаумен етумен және суды дайындаумен айналысатын суды пайдаланушылар ауызсудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрбір жұмыс кезеңін белгілейді және мыналарды:

1) ауызсуды өндіру, сақтау жөніндегі объектілердегі және су беру орындарындағы ауызсудың қауіпсіздігіне байланысты ықтимал қауіп-қатерді талдауды жүзеге асырады;

2) ауызсудың қауіпсіздігіне байланысты қауіп-қатер туындауы мүмкін бақылау нүктелерін сәйкестендіруді жүргізеді;

3) бақылау нүктелерінде тексеру және реттеу рәсімдерінің тиімділігін айқындайды;

4) ауызсудың, бақылау нүктелерінің қауіпсіздігіне байланысты қауіп-қатерлердің, тексеру мен реттеу рәсімдерінің, сондай-ақ ауызсуды өндіру процестері өзгерген кездегі талдаулардың нәтижелерін кезең-кезеңмен қарайды;

5) бақылау нүктелерін сәйкестендіру жөнінде шешімдер қабылдайды.

5. Суды пайдаланушылардың ауызсу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануы қауіп-қатердің талдауына негізделуі тиіс.

6. Ауызсу қауіпсіздігінің қауіп-қатерін бағалау кезінде қолда бар ғылыми деректер, тиісті өңдеу және өндіру (дайындау) әдістері, инспекциялау, іріктеп бақылау, зертханалық зерттеу әдістері пайдаланылуы, сондай-ақ аурулардың таралуы мен аурулардан таза аймақтардың болуы ескерілуі тиіс.

7. Ауызсу қауіпсіздігінің қауіп-қатерін бағалауды суды пайдаланушылар мынадай жолдармен жүзеге асырады:

1) адам организміне зиянды әсер етуі мүмкін ауызсудың сипаттамаларын анықтау;

2) адам организміне әрбір анықталған ықтимал қауіптің әсеріне талдау жүргізу;

3) анықталған қауіп-қатерлерді шектеудің барабар шараларын анықтау.

8. Ауызсу қауіпсіздігінің қауіп-қатерін бағалау ауызсуды зертханалық зерттеу барысында қауіп-қатерді кешенді бағалау сияқты әрбір нақты жағдайда жүзеге асырылады.

9. Қауіп-қатерді басқару қауіп-қатерді бағалау нәтижелеріне, сондай-ақ халықтың денсаулығына зиянды әсер ету мүмкіндігінің алдын алу қағидатына негізделуі тиіс.

Қауіп-қатерді басқару жөніндегі шаралар қауіп-қатер дәрежесін растайтын деректерді алу үшін талап етілетін уақыттың ең аз қажетті кезеңі ішінде қайта қаралуы тиіс.

Қауіп-қатерді талдау және бағалау кезінде ерекше жағдайларда адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ету мүмкіндігі сәйкестендіріледі, алайда қолда бар ғылыми деректер оның дәрежесін анықтау үшін жеткіліксіз, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары қауіп-қатерді басқару жөнінде қажетті уақытша шараларды қабылдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет