2 тақырып: Практика бойынша сұрақтар. №2 тақырыптың сұрақтары



бет3/4
Дата25.12.2021
өлшемі90,94 Kb.
#104916
1   2   3   4
Байланысты:
№2 ПС Шадыбек Елжас

2) Жер асты сулары. Жер асты сулары үш түрге бөлінеді: топырақтық, грунты және пластаралық.Топырақтық су топыраққа атмосфералық түсімдер түскен кезде пайда болады, ал жердің бетінде орналасады. Жаңбыр жауғанда, қар ерігенде оның мөлшері көбейеді, өйткені ол жерге сіңіп үлгермейді. Біраз уақыт өткеннен кейін ол судың біразы жерге сіңіп кетеді, ал біразы буланып, жоқ болып кетеді, сондықтан топырақтық суды ауыз су ретінде қолдануға болмайды. Топырақтық су жерге жақын жатқан грунтты судың

сапасына әсер етуі мүмкін. Грунтты сулар жер бетіне ең жақын орналасқан су қабаты. Оның астыңғы жағында су өткізбейтін қабат болады. Грунтты су атмосфералық түсімдермен: қар және жаңбыр суымен қоректенеді. Рельефі төмен жерлерде грунтты сулар жер бетіне де шығып кетеді. Грунтты сулардың мөлшері тұрақты емес, ол атмосфералық түсімдердің мөлшеріне байланысты. Олардың сапасы да тұрақты емес. Грунтты судың химиялық құрамына климат пен топырақтың түрі де әсер етеді. Грунтты

сулар жұқпалы ауру қоздырғыштарымен оңай ластанады. Оның ластануы сол жердің топырағының тазалығына, санитарлық жағдайына және ғрунтты судың тереңдігіне

байланысты. Сондықтан грунтты суды ауыз су ретінде қолдануға болмайды. Пластаралық сулар екіге бөлінеді: пластаралық қысымсыз су, пластаралық қысымды су немесе мұндай суды "артезианды су" деп те атайды. Гигиеналық көзқарастан ішуге ең қолайлы су көзі артезианды су болып саналады, өйткені олар жердің терең қабатында орналасқандықтан микробтармен ластану қаупі жоқ, химиялық құрамы тұрақты, органолептикалық қасиеті

жақсы, сондықтан оны тұтынушыға өңдеуден өткізбей – ақ жібере берсе болады. Егер артезианды судың мөлшері елдімекенді қажет сумен толық қамтамасыз ете алмаса, онда

ауыз су ретінде пластаралық қысымсыз суды немесе жер беті сукөздерін қолданса да болады.


3) Жер үсті сулары— жер бетінде таралған түрақты, не уақытша қалыптасқан сулардың барлық түрлері (өзен, көл, мұхит т.б.).Жер шарының әр түрлі аймақтарының сумен қамтамасыз етілуі көрсеткіштері -ондағы орналасқан халықтың санымен жөне табиғи қорлардың орналасуымен, өнеркәсіп пен ауыл шарушылығының қажеттілігімен әркез үйлесе бермейді. Еуропа мен Азияда әлем халықтарының 77%-ы орналасқан, ал осы аумаққа жылма-жыл айналымға түсетін өзен, көл жөне бөгендердің ғана суларын есепке алатын болсақ, онда жер бетіндегі әрбір адамға орташа есеппен жылына 11,6 мың м3 су тиесілі.

4) Сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау— елді

мекендерді, өнеркәсіп кәсіпорындарын, көлікті және т.б. сумен

қамтамасыз ету жөнінде атқарылатын

әртүрлі жұмыстардың жиынтығы.

Сумен қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асыратын инженерлік

құрылыстар кешені сумен қамтамасыз ету жүйесі немесе су кұбыры

деп аталады. Елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің қазіргі кездегі

жүйесі орталықтандырылған. Олардың әрқайсысы тұтынушылардың

үлкен тобын сумен қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету мақсаты

үшін жер үсті (өзен, көл, бөген, теңіз) және жер асты сулары

пайдаланылады.

Су көздері жер асты және жер үсті болып бөлінеді.

Сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау— елді

мекендерді, өнеркәсіп кәсіпорындарын, көлікті және т.б. сумен

қамтамасыз ету жөнінде атқарылатын

әртүрлі жұмыстардың жиынтығы.

Сумен қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асыратын инженерлік

құрылыстар кешені сумен қамтамасыз ету жүйесі немесе су кұбыры

деп аталады. Елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің қазіргі кездегі

жүйесі талықтандырылған. Олардың әрқайсысы тұтынушылардың

үлкен тобын сумен қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету мақсаты

үшін жер үсті (өзен, көл, бөген, теңіз) және жер асты сулары

пайдаланылады.

Су көздері жер асты және жер үсті болып бөлінеді.

Орталықтандырылған

ауыз сумен қамтамасыз

ету жүйесі – су көзінен

құбырлар арқылы

үйлерге таратылады

Халыққа орталықтандырылған су құбырымен берілетін судың сапасы Мына талаптарға сай келуі керек : Су эпидемиялық және радиациалық тұрғыдан қауіпсіз болу керек Судың жағымды органолептикалық қасиеттері болу керек Су химиялық құрамы бойынша зиянсыз болу керек Ішек инфекцияларының қоздырғыштары ашылғанға дейін , судың сумен қамтамасыз ету жағдайының инфекциялық ауруларды таратудағы орны мәлім болған .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет