Бақылау бағдарламасы деп бақылау барысында бақылау бірліктеріне қойылатын сұрақтардың тізімін немесе тіркеуге алынатын белгілердің тізімін айтады.
Статистикалық бақылау объектісі деп зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді айтады.
Статистикалық бақылау бірлігі деп белгілері тіркеуге алынатын, яғни бастапқы статистикалық мәліметтер жиналатын бақылау объектілерінің құрамындағы элементтерді айтады
Формуляр
Бақылау бағдарламасындағы сұрақтардың жауабын жазу үшін қолданылатын белгілі бір нысандағы арнайы құжатты формуляр дейді.
Бақылаудың ерекшелігіне байланысты формуляр әр түрлі аталады: