1. Анатомиялық терминология
Анатомия – anatemno кесу, тілу деген мағынаны білдіреді. Адам антомиясы адам организмінің пішіні мен құрылысын, оның даму заңдылықтарына сәйкес, сыртқы және ішкі ортаның әсері мен атқаратын қызметтеріне байланысты зерттелетін ғылым. Анатомиялық терминдер: адам организмінің құрылысын бүкіл дүниежүзінде бірдей оқу мақсатында құрастырылған. Ең алғаш анатомиялық атаулардың латын тіліндегі тізімі 1887 жылы Германияда шетелдің көрнекті ғылымдарының қатысуымен құрастырылған. Бұл тізім Германия анатомиялық қоғамының 1895 жылы Базельде өткен конгресінде бекітілді. 1935 жылы Германия анатомиялық қоғамының Иенде өткен сьезі терминдердің жана тізімін қабылдады. 1955 жылы Парижда анатомиялық номенклатураның жана тізімі бекітілді. Анатомияның терминдерді жетілдіру жұмыстары одан әрі жалғаса берді. 1965 жылы Висбаденда өткен VIII Халықаралық конгресінде анатомиялық терминдерге мыңнан астам өзгертулер енгізілді. 1959 жылы орыс анатомиялық номенклатураларын жасау ұсынылды, оны ең алғаш рет Д.А.Жданов пен профессор Ю.Н.Копаев жасады. Қазақтың анатомиядағы атау – терминдері 1963, 1966 жылдары баспадан шығып А.Р.Рақышевтің «Анатомия терминдерінің қазақша – орысша – латынша сөздігінен» басталады. 40 жыл ішінде қазақтың өз ұлттық анатомия номенклатурасы Халықаралық анатомия номенклатурасымен сәйкестіріле 2003 жылы баспадан шығарылды. Анатомия терминдері Базель мен Париж 1955 жылы халықаралық анатомиялық номенклатура бойынша оқытылады.
2. Тегістіктер мен осьтек туралы түсінік, олардың сипаттамасы.
Ағзалардың кеңістіктегі орналасуын анықтау үшін анатомиялық жазықтықтар, осьтер және адамның тексеру кезіндегі қалпы қолданылады.
Денені тексеру қалпы: Тік вертикалді түру, бет алға қараған, алақан алға қарай жайылған, аяқ ұшы біріктірілген.
Жазықтықтарға сәйкес анатомиялық терминдер: Фронталді: anterior, posterior, ventralis, dorsalis. Горизонталді: superior, inferior. Сагиталді: medialis, lateralis болып бөлінеді.
Сагитталды жазықтық деп вертикальды жазықтықты айтамыз, ол арқылы біз ойша денені тесіп өтетін садақ оғы бағытында алдынан артына қарай және ұзына бойымен қақ бөлеміз. Сагитталды жазықтық дененің дәл ортасынан медиалды өтеді, оны симметриялы оң және сол екі жартыға бөледі. Вертикалды, сагитталды жазықтықта тік бұрыш жасай өтетін жазықтық, фронталды мандайға параллель деп аталады. Ол денені алдыңғы және артқы бөлімдерге бөледі. Горизорталды жазықтық сагитталды жазықтыққа да, фронталды жазықтыққа да тік бұрыш жасай жүргізіледі. Ол денені жоғары және төменгі бөлімдерге бөледі.
3. Омыртқалардың белгілері
Омыртқа, vertebrae: денесінен, доғасынан және жеті өсінділерден тұрады. Омыртқа денесі деп омыртқаның қомақтылау келген алдыңғы бөлігі. Омыртқаның артқы беттерінде қантамырлар мен нервтер өтетін қоректік тесікшелер, foramina nutricia, орналасқан. Омыртқаның жоғарғы және төменгі беттері бір – бірімен өзара омыртқааралық дискілермен, duscus intervertebralis, өзара беттесіп өте иілгіш серпімелі омыртқа бағаасын, columna vertebralis, құрайды. Омыртқа доғасы денесі мен
жалғасар жерінде жіңішкелеу келе омыртқа доғасының аяқшасына, pediculus arcus vertebrae, одан әрі табақшаға ұласып омыртқа денесімен бітісе жалғасады. Омыртқа доғасының аяқшасының жоғарғы бетінде, жоғарғы омыртқалық тілігі, incisura vertebralis superior, төменгі бетінде тереңдеу болып келген төменгі омыртқалық тілік, incisura vertebralis inferior, орналасқын. Омыртқалық тіліктер көршілес орналасқан, өзі аттас тіліктермен өзара беттесіп, қантамырлар мен нервтер өтетін омыртқа аралық тесіктерді, foramen intervertebralis, құрайды. Омыртқа өсінділерінің саны 7, жоғарғы буындық өсіндісі (processus articularis superior), Жоғарғы омыртқалық тілік (incisura vertebralis superior), Көлденең өсінді (processus transversus), Омыртқа денесі (corpus vertebrae), Қылқандық өсіндi (proctssus spinosus), Төменгі буындық өсінді (processus articularis ingerior), Төменгі омыртқалық тілік (incisura vertabralis inferior), Омыртқа доғасы (arcus vertebrae), Омыртқа тесігі (foramen vertebrale).
Кеуде омыртқасы (vertebra thoracica), Бел омыртқасы (vertebra lumbalis), Мойын омыртқасы (vertebra cerviacalis), І – ші мойын омыртқасы – атлант немесе ауыз омыртқа, ІІ – ші мойын омыртқа – біліктік омыртқа
4. Мойын, кеуде және бел омыртқаларының ерекшеліктері.
1. Салмақ күшінің аз түсуіне байланысты денелері кішілеу болады.
2. Көлденең өсінділерінде тесіктер болуымен сипатталады олар көлденең өсінділердің қабырға қалдығымен бітісіп өсуінен пайда болады. Тесіктер арқылы омыртқа артериясы мен венасы өтеді.
3. Көлденең өсінділердің ұштарында жоғарыдағы қабырға қалдығымен бітісуінен алдыңғы және артқы төмпешіктер түзіледі
4. Қылқанды өсінділері екінші омыртқадан бастап үлкеие береді, төмен қарай бағытталған және ұштары екіге айырылған.
1-ші және 2-ші мойын омыртқаларының пішіндері бассүйекпен буындасуына байланысты ерекше болады. 1-ші мойын омыртқада, дененің үлкен бөлігі даму барысында 2-ші омыртқаға ауысып, соған жабысып өсіп, тіс түзеді. Осының салдарынан ауыз омыртқада тек алдыңғы доға қалады, бірақ алдыңғы жағынан тіспен толықтырылған омыртқа тесігі кеңейеді. Алдыңғы және артқы доғалар өзара қомақты латералдық массалармен қосылған. Қылқандық өсіндісі болмайды, оның орнында артқы төмпешік (Tuberculum posterius) түзіледі. 1 - Артқы; 2 - Омыртқа тесігі (Foramen vertebrale); 3 - Көлденең өсінді (Processus transversus); 4 - Көлденең өсіндінің тесігі (Foramеn processus transversus); 5 - Қабыртқалық өсінді (Processus costais). 6 - Латералдық масса (Мassa lateralis) 7 - Жоғарғы буындық шұңқыр (Fovea articularis superior); 8 - Тіс шұңқыры (Fovea dentis); 9 - Алдыңғы доға (Аrcus anterior); 10 - Төменгі буындық шұңқыр (Fovea articularis inferior)
II-ші мойын омыртқасының немесе біліктік омыртқаның (axis) ерекшеліктері 1) 2-ші мойын немесе біліктік омыртқаның жоғары бағытталған тісі (1-dens axis) болады, осы тістің бойында бас сүйегі атланттпен бірге оңға және солға бұрылыс жасайды. 2) Тістің алдыңғы бетінде атланттың алдыңғы доғасымен, ал артқы бетінде атланттың көлденең жалғамасымен буындасатын буындық беттері болады: алдыңғы буындық беті (facies articularis anterior), артқы буындық беті (facies articularis posterior)
3) Көлденең өсінділерінде алдыңғы және артқы төмпешіктері болмайды.
VІ жәнеVІІ-ші мойын омыртқаларының ерекшеліктері VІ-шы мойын омыртқаның көлденең өсінділерінің алдыңғы төмпешігі (Tuberculum anterius) жақсы дамыған және оны ұйқы төмпешігі деп те атайды. Өйткені, осы төмпешікке жалпы ұйқы артериясы жақын жанасып орналасқандықтан, бас жақтан қан кеткенде оны тоқтату үшін артерияны осы төмпешікке басын қан кетуді бәсеңдетуге болады. VІІ-ші мойын омыртқаның денесі басқа мойын омыртқаларға қарағанда қомақтылу және көлденең өсіндісі ұзындау болады. Қылқанды өсіндісі ұзындау келеді және ұшы екіге айырылмаған, тұтас болып адам денесінде желке жақта шығыңқы жатады және оны көзбен немесе басып байқауға болады. Сондықтан VІІ-ші мойын омыртқаны шығыңқы омыртқа (vertebra prominens) деп атайды.
Кеуде омыртқалары Кеуде омыртқалары (vertebrae thoracіcae), басқа омыртқалардан айырмашылығы денесінің бүйір бетінде жоғарғы және төменгі қабырғалық шұңқырлар (foveaе costalеs superior et inferior) орналасқан. І, Х, ХІ және ХІІ омыртқаларда өзіндік ерекшеліктері бар. 1 кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінде толық қабырғалық шұңқыр, Х омыртқада тек жоғарғы жартылай қабырғалық шұңқыр, ал ХІ және ХІІ кеуде омыртқа денесінің орталық бөлігінде бір-бірден толық қабырғалық шұңқыр орналасқан. І-Х кеуде омыртқаларының көлденең өсінділерінде қабырғалармен буындасатын көлденең өсіндінің қабырғалық шұңқырлары (fovea costalіs processus transversus) бар. Кеуде омыртқалардың қылқанды өсінділері ұзын, төмен бағытталып, төмен орналасқан қылқанды өсіндіні жауып жатады. Фронталды тұрады. Кеуде омыртқасының құрылысы: 1 - Жоғарғы буындық өсінді (Processus articularis superior); 2 - Жоғарғы омыртқалық тілік (Incisura vertebralis superior); 3- Жоғарғы қабырғалық шұңқыр (Foveа costalis superior) 4 - Көлденең өсінді (Processus transversus); 5-Көлденең өсіндінің қабырғалық шұңқыры (Foveа costalіs processus transversus) 6 - Омыртқа денесі (Corpus vertebrae); 7 - Қылқандық өсінді (Processus spinosus); 8 - Төменгі буындық өсінді (Processus articularis inferior); 9 - Төменгі омыртқалық тілік (Incisura vertebralis inferior); 10-Төменгі қабырғалық шұңқыр (Foveа costalis inferior) 11 - Омыртқа доғасы Arcus vertebrae); 12 - Омыртқа тесігі (Foramen vertebrale).
Бел омыртқалары
Бел омыртқалары (vertebrae lumbalеs), омыртқалардың ішіндегі ең ірі омыртқалар.
1. Олардың буын өсінділері сагиталды жазықтықтың бойында орналасқан. Эллипс пішінді жоғарғы буын өсіндінің қысыңқы буын беттері ішке қарай иіліп орналасса ─ төменгі буын өсіндісінің шығыңқы буын беттері сыртқа қарай бағытталған.
2. Жоғарғы буын өсінділерінің ұшында емізік тәрізді қосымша өсінділер (processus mammіlarіs) айқын байқалады.
3. Бел омыртқалардың көлденең өсінділері қосарланған: алдыңғы бөлігі – қабырғаның рудименті болғандықтан, қабырғалық өсінді (processus costalіs), ал артқысы қосымша өсінді (processus accesorius).
4. Қылқанды өсінділері қысқа және сагиталді бағытталған табақша түрінде болады.
Бел омыртқасының құрылысы: 1- Қылқандық өсінді (Processus spinosus); 2 - Жоғарғы буындық өсінді (Processus articularis superior); 3 - Төменгі буындық өсінді (Processus articularis inferior);
4 - Көлденең өсінді (Processus transversus); 5 - Омыртқа тесігі (Foramen vertebrale); 6 - Омыртқа денесі (Corpus vertebrae);
5. Сегізкөз, анатомиялық түзілістері, құрылыс ерекшеліктері. Құйымшақ.
Сегізкөз жас кезде бір сүйекке – сегізкөзге бірігіп бітіседі. Сегізкөз жоғары қараған негізі, және төмен қараған ұшы, бар үшбұрыш пішінді болады. Сегізкөз негізінің алдыңғы жиегі соңғы бел омыртқаның денесімен бірге қарай шығыңқы мүйіс, түзеді. Сегізкөздің алдыңғы немесе жамбастың беті ойыс келеді. Онда көлденең сызықтар, омыртқалардың қосылған жерлері, осы сызықтардың ұштарында жамбастық сегізкөз тесіктері, байқалады. Сегізкөздің дорсалды беті де, оларға сәйкес келеді. Оның бойында омыртқалардың жеке бөліктерінің қосылуынан түзілген 5 қыр бар. Олар қылқанды өсінділердің бітісуінен түзілген – тақ қыр, орта сызық бойында, оның жанынан жоғарғы және төменгі буындық өсінділердің бітісуімен түзілген – жұп аралық сегізкөз қырлары, және олардың латералды көлденең өсінділердің бітісуінен түзілген – жұп латералды сегізкөз қырлары. Сегізкөз тесіктерінен сыртқа қарай көлденең өсінділер мен сегізкөздің бүйір қабырғаларының қосылуынан түзілген – сегізкөздің латералды бөліктері, жатады. Олардың латералды жақтарында мықын сүйектерімен буындасуға арналған құлақтәрізді иілген буын беттері орналасқан. Олардың әрқайсысынан артқа қарай сегізкөз бұдырмағы, орналасады. Сегізкөздің ішінен сегізкөз өзегі, өтеді, ол омыртқа өзегінің жалғасы болып табылады. Адамда құйрықтың жоғалып құйрық бұлшықетінің редукциялануынан, сегізкөз омыртқаларының сәйкес бөліктері де редукцияланады. Сондықтан сегізкөз өзегі өзінің төменгі бөлігінде тұйықталмай сегізкөз саңылаумен шектеледі
Құйымшақ
Құйымшақ (os coccygіs) – 3-5 рудименттік омыртқалардың өзара бірігуі нәтижесінде пайда болған кішкентай сүйек. Ең жақсы дамығаны бірінші құйымшақ омыртқа. Оның буындық өсінділерінің қалдығы ─ жұп құйымшақ мүйізі (cornu coccygeum) болады. Құрып кеткен құйрықтың қалдығы ретінде рудиментке және орта жаста бір сүйекке, құйымшаққа айналып кетеді.
6. Омыртқа бағаны. Омыртқа бағанының қисаюлары, физиологиялық және патологиялық. Қисаюлардың маңызы мен олардың қалыптасуы.
Омыртқа бағанасы (columna vertebralіs), дененің механикалық тірегіші, өзара байланысқан 33-34 омыртқалардан тұрады. Омыртқа бағанасы дененің тірегі болып табылатын біліктік қаңқа рөлін атқарады. Өзінің өзегіндегі жұлынды қорғайды және дене мен бассүйектің қимыл – қозғалысына қатысады. Омыртқа жотасының қалпы адамның тік жүруіне байланысты. Омыртқа бағанасы 5 бөлімге сәйкес ажыратады:
7-мойын омыртқасы, vertebrae cervіcalеs; 12-кеуде омыртқасы, vertebrae thoracіcae; 5-бел омыртқасы, vertebrae lumbales; 5-сегізкөз омыртқалары, vertebrae sacrales; 3-5 құйымшақ омыртқасы, vertebrae coccygіae. Ауыз омыртқа, 1-ші мойын омыртқа немесе атлант, Көлденең өсінділер.
Омыртқа бағанының физиологиялық қисаюлары. Омыртқа бағанының сагиталды жазықта иілімдері бар. Омыртқа бағанының шығыңқысымен артқа иілуін кифоз (kyphosis), шығыңқысымен алдына қарай иілуін лордоз (lordosis) деп атайды.1 - Мойын лордозы; 2 - Кеуде кифозы; 3 - Бел лордозы; 4- Сегізкөз кифозы; 5 - Шығыңқы омыртқа (Vertebra prominens) 6 – Омыртқа өзегі (Canalis vertebralis); 7 – Қылқандық өсінді (Processus spinosus); 8 – Омыртқа денесі (Corpus vertebrae); 9 – Омыртқа аралық тесіктер (Foramina intervertebralia) 10 - Сегізкөздік өзек (Canalis sacralis); В)
Омыртқа бағанының физиологиялық және патологиялық қисаюларының қалыптасуы. Физиологиялық лордоз бен кифоз тұрақты құрылымдар. Әйелдерде кеуде кифозы мен бел лордозы жақсы айқындалған. Иілулердің түзілуі туғаннан кейін қалыптасады. Нәрестенің омыртқа бағаны шығыңқысымен артқа қараған доға түрінде. Бала 2-3 айда басын ұстай бастайды, соның нәтижесінде мойын лордозы түзіледі. Бала 5-6 айда отыра бастауына сәйкес кеуде кифозы қалыптасады. Бала 9-12 айларда жүре бастауына байланысты бел лордозы түзіліп, денесі вертикалды орынды алады. Соған орай бір мезетте кеуде және сегізкөз кифоздары айқындала түседі. Қалыпты жағдайда фронталді жазықтықта омыртқа бағанында иілімдер жоқ. Оның орталық, яғни фронталді жазықтықта иілуін сколиоз (scoliosis) деп атайды.
7.Қабырға. Анатомиялық бағдарлары мен түзілістері. Қабырға белгілері. Қабырғалардың түрлері. І қабырғаның басқа қабырғалардан айырмашылығы. Қабырғалардың қызметі.
Қабырға costa жалпақтау ұзынырақ келген сүйектік бөліктен және қысқалау шеміршектен тұратын, кеуде қуысына қарай симметриялық орналасқан. Адам тұлғасында жалпы 12 жұп қабырға бар. Оларды бір-бірінен бөліп тұрған ешқандай шекара жоқ, яғни олар жалғасып кеткен.Қабырғаның сүйектік бөлігінің омыртқамен байланысқан жері- қабырға басы-caput costa деп аталады. Мұнда кеуде омыртқасының шұңқыршаларымен беттесіп буын құрайтын буын беттері-facies articularis capitis costae болады.Осы буын беттерін үлкен және кіші бөліктерге бөліп тұратын қабырға басының қырқалары –crista capitis costa байқалады.Бұл қырқа ІІ-Х қабырғалардан өзгелерінде болмайды.Оның себебі кеуде омыртқаларында орналасқан толық шұңқыршаларға байланысты.Басы мен денесінің аралығындағы жіңішкелеу келген бөлігін қабырға мойыны-colium costa деп аталады.Қабырғаның мойыны мен денесінің қосылған жерінде қабырға төмпешігі-tuberculum costae орналасқан.Оның қызметі кеуде омыртқаларының көлденең өсіндісіндегі шұңқыршалармен беттесіп буын құрау.Қабырғаның сүйектік бөлігін көп аумағын алатын денесі-corpus costae болып табылады.Ол қабырғаның төмпешігі мен шеміршектің ұшының аралыңында орналасқан.Сагитал жазықтықтың бойында орналасқан қабырға денесінің дөңес келген сыртқы беті,кеуде қуысына қараған ойыс беті,жоғарғы қыры және төменгі өткір қыры ажыратылады.Қабырғаның төменгі бетінде қабырғаастылық жүлгелері-sulcus subcostalis орналасқан.
Қабырғаның шеміршекті ұшы- cartilago costalis сүйекті бөліктің тікелей жалғасы болып саналады.Ол біртіндеп ұзарып, төс сүйегіне тікелей байланысқан. I-VII қабырғалар нағыз қабырғалар-costae verae,VIII-X қабырғалар жалған қабырғалар-costae spuriae,XI-XII қабырғалар қозғалмалы қабырғалар –costaе fluctuantes деп аталады.Ұштары төс сүйегіне жетпей құрсақ бұлшықеттерінің арасында бос жататын болғандықтан қозғалмалы қабырғалар деп аталған. VII,VII,IX,X қабырғалардың ұштары өзара жалғасып,қабырғаның доғасын –arcus sterni costae құрайды.Өзге қабырғаларға қарағанда I,II,XI,XII қабырғалардың құрылыстарында ерекшеліктер байқалады.
Алғашқы қабырға –costae prima. Басқа қабырғалардан айырмашылығы жалпақ және қысқа болып келген. Жоғарғы беті бұдырлау,төменгі беті тегістеу келген.Сонымен қатар бірінші қабырғаның басы,төмпешігі,мойыны жақсы дамыған. Қабырға басының буын беті толық,қырқалары жоқ.
8.Төс бөлімдері. Төстің құрылысы мен анатомиялық ерекшеліктері.
Төс сүйек ,sternum-жалпақ және ұзындау келген, сыртқы пішіні қанжарға ұқсас сүйек. Кеуде торының алдыңғы қабырғасын құруға қатысады. Өзара бір-бірімен шеміршектік ткандар арқылы байланысқан үш бөліктен тұрады.
Төс тұтқасы-manibrium төс сүйегінің көп бөлігін алып жатады.Жоғарғы жағы қалыңдау,төменгі жағы жіңішкелеу болып келген.Жоғарғы жиегінде мойындырық тілігі-incisura jugularis,бүйір бөліктерінде бұғаналық тілігі- incisura clavicularis және қабырғалық тілігі-incisura costalis орналасқан.Тұтқасына қарағанда ұзынырақ болып келген төс сүйегінің денесі-corpus sterni енсіздеу келген.Төс сүйегінің денесі мен тұтқасы байланысқан жерінде төс сүйегінің бұрышы-angulus sterni орналасқан.Төс сүйегінің денесінің бүйір қапталында қабарғалардың шеміршектік ұшы келіп бекитін төрт жұп толық,екі жұп жартылай қабырғалық тіліктер орналасқан.Пішіні қысқа және өзгермелі болып келетін үшінші бөлігі төс сүйегінің семсерлік ұшы –processus xiphoideus деп аталады.
9.Бұғана.Анатомиялық бағдарлары мен түзілістері. Функционалды маңызы.
Бұғана сүйегі, os claviculа-сыртқы пішіні латынның S әрпіне ұқсас келген.Бұғана сүйегінің жоғарғы беті тегістеу,төменгі беті бұдырлау келген және алдыңғы, артқы қыры ажыратылатын денесінен-corpus claviculae тұрады. Бұғананың төстік ұшы –extremitas sternalis қомақтылау келген.Оның қызметі төс сүйегімен беттісіп төс бұғана буынын құрау.Ал бұғананың акромиальді ұшы- extremitas acromialis төстік ұшына қарағанда тегістеу және жалпақтау келген. Акромиальді ұшында жауырынның акромиальді өсіндісімен беттесетін буын беті-facies articularis acromialis және төменде конус тәрізді байламның төмпешігі- tuberculum conoideum орналасқан.
10.Жауырын. Оның анатомиялық сипаттамасы мен қызметі.
Жауырын сүйегі-os scapula үшбұрыш тәрізді жұп, жалпақ және жұқалау келген сүйек.Оның үш қыры, үш бұрышы және екі жақ беті ажыратылады.
Жоғарғы қыры –margo superior жіңішкелеу келген.Оның бойында жауырынның жоғарғы тілігі- incisura scapulae superior орналасқан.Одан бойлай келіп жауырынның құстұмсық өсіндісіне-processus corocoudeus ұласады.Омыртқа бағанасына параллел бағытта орналасқан медиалді қыры- margo medialis ұзынырақ келген және оны адамның арқасынан айқын көруге болады.Қолтық қуысына қарай орналасқан латералді қыры-margo lateralis қалыңдау болып келген. Жоғарғы қыры мен медиалді қырының қосылған жерінде жауырынның жоғарғы бұрышы-angulus superior орналасқан.Медиалді қырымен латералді қырының байланыстырып тұратын төменгі бұрышы-angulus inferior доғалдау болып омыртқа бағанасына қарап орналасқан.Медиалды қыры мен латералды қырының қосылған жерінде жауырын мойыны-collum scapulae арқылы шектелген басқа бұрыштардан үлкенірек болып келен латералді бұрышы-angulus lateralis орналасқан.Оның басында тоқпан жіліктің басымен беттесіп буын құрайтын буындық ойысы-cavitas glenoidalis болады. Оның жоғарғы жағында буын ойыстық төмпешігі- tuberculum supraglenoidalis орналасқан. Жауырынның ішкі қабырғалық беті-facies costalis және артқы немесе дорсалды беті-facies dorsalis ажыратылады.Қабырғалық бетінде жауырын астылық ойыс-fossa subcostalis пен бұлшықеттің сызықшалары-linea muscularis байқалады. Артқы беті дөңестеу келген. Онда латералды бағытта орналасқан жауырын қылқаны-spina scapulae кездеседі және оның басы бұғанамен беттесіп буын құрайтын акриомиалді өсіндіге-acriomion ұласады.Жауырын қылқаны жауырынның артқы бетін шағын келген жоғарғы қылқанүстілік ойысқа-fossa supraspinata және көлемділеу келген қылқанүстілік төменгі ойысқа-fossa infraspinata бөліп тұрады.
11.Қаңқаға жалпы шолу. Түтікті сүйек бөлімдері. Сүйектердің жіктелуі.
Сүйек-ossa адам организмінде тірек,қимыл және қорғаныш қызметін атқарады.Сондай ақ қан түзілу процесінен де қалыс қалмайды.Адам ағзасында 200-ден аса сүйек кездеседі.Сүйектер топографиялық орналасуына және эмбриондық дамуына байланысты біліктік қаңқаға-sceleton axiale және қосымша қаңқаға –skeleton appendiculare жіктеледі.Біліктік қаңқа тобын құраушы сүйектер:бас сүйектері-cranium, кеуде торын құраушы сүйектер-ossa thoracis және омыртқа бағанасының сүйектері-columna vertebralis жатады.Ал қосымша қаңқаны құраушылар: қол сүйектері-ossa membri superior мен аяқ сүйектері-ossa membri inferior.
Сүйектердің құрылысына қарай: сүйектік бөлігін-pars osseae және шеміршектік бөлігін-pars cartilagines ажыратады. Сүйектердің сыртқы бетін қан тамырлары мен нервтерге бай сүйек қабықшасы-periosteum қаптайды.Сүйектің қабықшасы сүйек бетінде орналасқан қырқаларды-cristae, өсінділерді-procussus, ойыстарды-fossae да жауып орналасып сүйектік ткандарді қоректендіру қызметін атқарады.Сүйектер пішініне қарай ұзын-ossa longi, қысқа-ossa brivea және жалпақ –ossa plana сүйектерге бөлінеді.Ұзын сүйектерге қол және аяқ сүйектері жатқызылады. Бұл сүйектердің проксимальді-proximales,дистальді-distalis ұштарымен орталық бөлігі диафизі –diaphysis ажыратылады. Проксимальді ұшы ол қаңқаға жақын орналасқан бөлігі болып табылады ,ал біліктік қаңқадан алыс орналасқан ұшы дистальді ұшы болады.Бұл сүйектердің диафизімен эпифизі аралығындағы бөлігін метафиз-metaphysis деп атаймыз.Осы түтік тәрізді сүйектерді кесіп қарайтын болсақ олардың тығыз сыртқы қабатынан –substantia compacta және ішкі терең қабаты кемікті затынан-substantia sponqiosa тұратынын көреміз. Жалпақ сүйектерде кемікті қабаты жұқалау келген.Сүйек майы-medulla osseum сүйектердің кемік затында орналасқан. Сүйек майының түсіне және құрылысына қарай қызыл сүйектік майға –medulla osseum rubra және сары сүйектік майға-medulla osseum flava бөлінеді. Сүйектің қызыл кемігінің қызметі –қанның құрамын түзу болып табылады.
Құрылысы бойынша барлық сүйектер түтікті және жалпақ болып келеді.Түтікті сүйектер дегеніміз - бұл қол-аяқ (білек, шынтақ, көрі жілік немесе қар жілік, ортан жілік, асықты жілік сүйектері) және саусақ башпайлардың ұзын сүйектері. Қалған сүйектердің барлығы жарым-жартылай қуысты сүйектер болып саналады. Олардың барлығының сыртын сүйекқап қаптап, сүйекқап жасушалары есебінен сүйектің ішкі қабаты жуандап өседі. Сүйектің ішкі жағы сүйектің қызыл кемігі- ағзаға толы болады, қан жасушаларының барлығы сол ағзада түзіледі. Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді. Сүйекқаптың астында тығыз, тұтас зат болады, қуыстың ішін сары сүйек кемігі - май тәрізді зат толтырады.
12.Қол сүйектері.
Қолдың сүйектері ossa membri superioris топографиялық орналасуына қарай иық белдеуі, қолдың еркін орналасқан сүйектері болып бөлінеді.
Иық белдеуі сүйектеріc- ingulum membri superioris. Жауырын сүйегі, os scapula - II,VIII қабырға аралығында орналасқан, сыртқы пішіні үшбұрыш тәрізді жалпақ жұп сүйек. Жоғарғы қыры жұқалау келген, бұл қырдың бойында жауырынның жоғарғы тілігі орналасқан.Медиальді қыры ұзындау және жіңішкелеу болып келген.Бұл қыр омыртқа бағанасына паралель орналасып, адам денесінің арқа жағынан айқын білінеді.Ал латериальді қыры қалыңдау болып, қолтық ойысына қарай орналасқан және жауырынның қалған бөліктерінен жауырын мойны арқылы шектелген.Бұғана сүйегі, os claviculа-сыртқы пішіні латынның S әрпіне ұқсас келген.Бұғана сүйегінің жоғарғы беті тегістеу,төменгі беті бұдырлау келген және алдыңғы, артқы қыры ажыратылатын денесінен-corpus claviculae тұрады. Бұғананың төстік ұшы –extremitas sternalis қомақтылау келген.Оның қызметі төс сүйегімен беттісіп төс бұғана буынын құрау.Ал бұғананың акромиальді ұшы- extremitas acromialis төстік ұшына қарағанда тегістеу және жалпақтау келген. Акромиальді ұшында жауырынның акромиальді өсіндісімен беттесетін буын беті-facies articularis acromialis және төменде конус тәрізді байламның төмпешігі- tuberculum conoideum орналасқан.
Қол басы сүйектері ossa manus – білезік,алақан және саусақ сүйектерінен тұрады.
Білезік сүйектері ossa carpi - пішіндері әр түрлі 8 майда сүйектерден тұрады және де осы 8 майда сүйектер екі қатар орналасқан және қысқа кеуекті сүйектен тұрады.Білезік сүйектерді бір-бірімен байланыстырып тұратын буындық беттері бар.Бұларда проксимальды және дистальды қатар бойымен орналасады. Проксимальды қатарда: қайықша- scaphoideum, жарты ай, бұршақ-pisiforme секілді сүйектер орналасасса ,ал дистальды қатарында: трапеция-trapezium, трапеция секілді- trapezoideum, ілмекті-hamati және басты-capitatum және бұршақ-pisiforme сияқты сүйектер орналасқан.Алақан сүйектері ossa metacarpalia – қысқа сүйектер сонымен қатар ұзындығы бас бармақ жағынан шынашаққа қарай қысқара келе орналасқан сүйектерден құралған. Осы алақан сүйегінің барлығының негізі basis, денесі corpus және де басқа сүйектермен байланыстырып тұратын басы caput болады
13)Тоқпан жілік,оның анатомиялық сипаттамасы
Тоқпан жілік яғни латынша атауы humerus –ең ұзын қол сүйегі және де түтік тәрізді болып келген.Қолдың еркін орналасқан сүйектер қатарына жатады.Бұл сүйек проксимальды,дистальды,денесінен немесе эпифизінен тұрады.Ал енді құрылысына келер болсақ яғни бірінші ол денесі латынша атауы corpus humeri ол жоғарғы және төменгі бөліктен тұрады.Жоғарғысы жұмыр ал төменгісі үш қырлы,төменгі бөлігінде медиальды,латеральды,margo lateralis ажыратылады. Сонымен қатар қырларының аралығында денесінің:алдыңғы-медиалді,алдыңғы-латералді және артқы беттері ажыратылады.
a)Алдыңғы медиалді беті,fancies medialis,денесінің алдыңғы аралығында орналасқан.Бұл беттің төменгі бөлігінде дисталді бағытта бағытталған,қоректендіруші қантамырларының тесігі,foramen nutricium,орналасса,жоғарғы бөлігінде,дельтатәрізді бұлшықеттің-m.deltoideus,бұдыры,tuberiositas deltoids,айқын байқалады.
Ә)Артқы беті,fancies posterior,алдыңғы латералді бетіне қарағанда өзгешелеу болып келшен.Мұнда,жоғарыдан төмен және латералді бағытта бағытталған кәріжілік нервінің жүлгесі,sulcus nervi radialis, айқын көрінеді.
б)Алдыңғы латералді бетінде айтарлықтай өзгешеліктер байқалмайды.
Тоқпан жіліктің жоғарғы немесе проксималді ұшы,extremists superior sei epiphysis proximalis,дисталді ұшына қарағанда қомақтылау болып келген.Мұнда:сыртқы пішіні шартәрізді болып жоғары,ішке және артқа бағытталған тоқпан жіліктің басы,caput humeri,орналасқан.Ол тоқпан жіліктің қалған бөліктерінен аяз келіп және шеңбер бағытта орналасқан,анатомиялық мойыны,collum anatomicu.,арқылы шектелген.Анатомиялық мойнынан төменірек,проксималді эпифизінің алдыңғы және латералді беттерінде бұл сүйектің кіші төмпешігі,tuberculum minus,сыртқы қапталында үлкен төмпешігінен,tuberculum majus,айқын байқалады.Төмпешіктерден төмен бағытта,үлкен төмпешік пен кіші төмпешіктің қырқалары,crista tuberculi majoris et minioris,аралығында екі басты иық бұлшықеттің,m.biceps brachii,ұзын басының сіңіршесі өтетін,төмпешік аралық жүлге,sulcus intertubercularis,орналасқан.Сонымен қатар,тоқпан жіліктің проксималді ұшы мен денесінің аралығындағы қысың-қылау бөлігін,тоқпан жіліктің хирургиялық мойыны,collium chirurgicum,деп аталады.Себебі,бұл жерде тоқпан жіліктің сынуы жиі байқалатын болғандықтан. Дистальді эпифизінде:жілік айдаршығы condylus humeri,айдаршықтың бүйір беттерінде латеральді және медиадьды үстіңгі айдаршықтар яғни epicondylus medials et lateralis,орналасатын айдарша басы яғни capitulum humeri,және шығыр секілді буын беті trochlea humeri-ден тұрады.
14)Шынтақ сүйегі,анатомиялық түзілістері
Білек сүйектері яғни латынша атауы ossa antebrachia – сыртынан қарасаң түтік сияқты.Шынтақ және кәрі жілік жатады.
Шынтақ жілік яғни os ulna – шынтақтап жату сөзіне байланысты аталған.Шынтақ жілік денесінен,проксимальды және дистальды ұшатарынан тұрады.Денесінде үш қыры және үш беті ажыратылады.Олар:алдыңғы,артқы ,сүйек аралық қырларымен алдыңғы,медиалді,фртқы беттері.Проксимальды эпифизінде-epiphysis proximalis: Алдыңғы тәждік өсінді яғни processus coroneideus және де артқы шынтақ өсіндісі olecronon орналасқан. және осы өсінділердің арасында шығыр секілді буын ойығы incisura trochliars болады.Дистальді эпифизі-epiphysis distalis :жұмырланып келіп шынтақ сүйегінің басын яғни coput ulna түзеді.Жілік басының медиальды жиегінен төмен қарай біз секілді өсінді яғни processus stylоideus шығады.
Кәрі жілік яғни латынша атауы os radialis – шынтақ сүйектің латералді қапталында орналасқан.Бұл сүйекте басқа сүйектер секілді проксималды және дистальді болып ажыратылған.Проксимальды эпифизінде- epiphysis proximalis сақина секілді басы яғни caput radi,мойыны collum radi болады.Сонымен қатар кәрі жілік бұдыры-tuberositas radii орналасқан.Дисталды эпифизінд epiphysis distalis е- білезіік сүйектерімен байланысып тұратын буын беті яғни facies articularis corpalis және де біз тәрізді өсінді-processus styloideus ,шынтақ сүйегімен байланысатын ойығы яғни insicura ulnaris болады.
15)Кәрі жілік анатомиялық түзілістер
I.Кәріжілік буыны-articulatio radiocarpea
II.Кәрі жілік+discus+білезік сүйектері
III.Күрделі кешенді
IV.Эллипс тәрізді
V.Екі білікті
VI.Фронтальды,сагитальды
VII.Буын қапшығы
VIII.Discus triangularis-дискус үшбұрышы
Lig.collateralia carpi radiale-коллатералдық кәрі-жілік-білезік байламы
Lig.collateriale carpi ulnare-коллатералдық шынтақ жілік-білезік байламы
Lig.radiocarpea palmare et dorsalie-сыртқы кәрі жілік-білезік байламы
Кәріжілік,or radius,ол шынтақжілік сүйегінің латералді қапталында,алға қарай ығысып орналасқан жіліктік сүйек.Бұл сүйектің басқа да жіліктік сүйектер сияқты:денесі,проксималді және дисталді эпифиздері ажыратылады.Алдыңғы қыры,Margo anterior,мен артқы қыры,Margo posterior,доғалданған.Медиалді немесе сүйекаралық қыры margo interosseus,сүйірленіп келген.Алдыңғы беті,fancies anterior,алға қарай иіліп орналасқан.Мұнда проксималді бағытталған сүйектік қантамырлардың тесігі,foramen nutricium,айқын байқалады.Артқы беті,fancies posterior,латералді бетінен,fancies lateralis,жазықтау болып,бұл сүйектің арты қыры арылы шектелген.Кәріжіліктің проксималді эпифизінің,epiphysis proximalis,денесімен іргелес орналасқан бөлігінің медиалді қапталында айқын байқалатын кәріжіліктің бұдыры,tuberositas radii,айқын көрінеді.Кәріжіліктің бұдырдан жоғарырақ,бұл сүйектің мойыны,collum radii,жоғарғы бөлігінде,сыртқы пішіні цилиндр тәрізді болып келген басы,capital radii,айқын байқалады.Кәріжілік басының жоғарғы бетінде тоқпан жілік сүйегінің кіші басының буын бетімен беттесіп,буын құрайтын буындық шұңқыр,five articularis,бүйір қапталында шеңбер бағытта орналасқан буын беті,circumferentia articularis,айқын көрінеді.Кәріжіліктің дисталді ұшы,epiphysis distalis,көлденең жазықтықтың бойында жуандау және көлемділеу болып келген.Бұл бөліктің төменгі бөлігінің бүйір қапталынан дисталді бағытта сырттай қарағанда айқын байқалатын біртәрізді өсіндісі,processes styloideus,байқалады.Сонымен қатар,кәріжілік сүйегінің дисталді ұшының ішкі қапталында,шынтақ жілік сүйегі басының буын бетімен беттесіп,буын құрайтын бұл сүйектің шынтақ жіліктік тілігі,incusura ulnaris орналасқан.Дисталді эпифизінің сыртқы беті дөңестеу және бұдырлы болып келген.Бұл беттің біртәрізді өсіндісінің маңында дорсалді төмпешігі,tuberculum dorsale,аралығында кәріжілік-білезіктің ұзына және қысқа жазғышы m.extensors carping radialis,сіңірінің батыңқылары айқын байқалады.Алдыңғы беті керісінше ойыстау және жазытау болып келеді.
16)Білезік сүйектері,бөлімдері,қол басы сүйектері
Білек сүйектері яғни латынша атауы ossa antebrachia – сыртынан қарасаң түтік сияқты.Шынтақ және кәрі жілік жатады.
Шынтақ жілік яғни os ulna – шынтақтап жату сөзіне байланысты аталған.Шынтақ жілік денесінен,проксимальды және дистальды ұшатарынан тұрады.Денесінде үш қыры және үш беті ажыратылады.Олар:алдыңғы,артқы ,сүйек аралық қырларымен алдыңғы,медиалді,фртқы беттері.Проксимальды эпифизінде-epiphysis proximalis: Алдыңғы тәждік өсінді яғни processus coroneideus және де артқы шынтақ өсіндісі olecronon орналасқан. және осы өсінділердің арасында шығыр секілді буын ойығы incisura trochliars болады.Дистальді эпифизі-epiphysis distalis :жұмырланып келіп шынтақ сүйегінің басын яғни coput ulna түзеді.Жілік басының медиальды жиегінен төмен қарай біз секілді өсінді яғни processus stylоideus шығады.
Кәрі жілік яғни латынша атауы os radialis – шынтақ сүйектің латералді қапталында орналасқан.Бұл сүйекте басқа сүйектер секілді проксималды және дистальді болып ажыратылған.Проксимальды эпифизінде- epiphysis proximalis сақина секілді басы яғни caput radi,мойыны collum radi болады.Сонымен қатар кәрі жілік бұдыры-tuberositas radii орналасқан.Дисталды эпифизінд epiphysis distalis е- білезіік сүйектерімен байланысып тұратын буын беті яғни facies articularis corpalis және де біз тәрізді өсінді-processus styloideus ,шынтақ сүйегімен байланысатын ойығы яғни insicura ulnaris болады.
Қол басы сүйектері яғни латынша атауы ossa manus – білезік,алақан және саусақ сүйектерінен тұрады.
Білезік сүйектеріне келер болсақ ossa carpi - ол пішіндері әр түрлі 8 майда сүйектерден тұрады және де осы 8 майда сүйектер екі қатар орналасқан және қысқа кемекті сүйектен тұрады.Білезік сүйектерді бір-бірімен байланыстырып тұратын буындық беттері бар.Бұларда проксимальды және дистальды қатар бойымен орналасады.Проксимальды қатарда:қайықша- scaphoideum,жарты ай,бұршақ-pisiforme секілді сүйектер орналасасса,ал дистальды қатарында: трапеция-trapezium,трапеция секілді-trapezoideum,ілмекті-hamati және басты-capitatum және бұршақ-pisiforme сияқты сүйектер орналасқан.
Алақан сүйектері яғни латынша ossa metacarpalia – қысқы сүйектер сонымен қатар ұзындығы бас бармақ жағынан шынашаққа қарай қысқара келе орналасқан сүйектерден құралған.Осы алақан сүйегінің барлығының негізі(basis) денесі(corpus) және де басқа сүйектермен байланыстырып тұратын басы(caput) болады.
Ал келесі Саусақ сүйектері яғни ossa digitorum phalangis – басбармақ проксимальды,дисталды қатарынан тұрады.Ал 2-4 саусақтардың бунақтары үш қатарлы – проксимальды,аралық және де дисталды бунақтарынан тұрады.Әр бунақтың негізгі денесі(basis) және басы (caput)болады.
17) Саусақтардың латынша атауы мен реттік саны.
Саусақ сүйектері.ossa digitorum manus,кішкентай,нағыз бір эпифизі бар,бунақ деп аталатын бірінен соң бірі орналасқан қысқа қуыс сүйектер.Әрбір саусақ үш бунақтан тұрады :
1. проксималды бунақ,phalanx proximalis;
2. ортанғы бунақ,phalanx media ;
3. дисталды бунақ,pxalanx distalis.
Тек бас бармақта ғана екі проксималды және дистальды бунақ болады.Ол барлық жануарларда басқа саусақтарына қарағанда нашар дамыған да тек адамда ғана жақсы дамыған.Проксималды бунақтың негізінде сәйкесті алақан сүйектің жұмыр басымен буындасуға арналған жалғыз буын шұңқыры,ал ортаңғы және дисталды бунақтарда қырқашықпен бөлінген екі екіден жалпақ шұңқырлар болады.Олар ортасында оймасыбар шығыршық пішінді сәйкесті проксималды және ортаңғы бунақтардың бастарымен буындасады.
Бунақтың шетінде бұдырмақ,tuberositas phalangis distalis.Қол ұшынан алақан алақан сүйектер-бунақтар және бунақаралық буындар аймағында сіңірлердің бекіген жерлерінде дәнтәрізді сүйектер жатады.Олар басбармақта тұрақты болады да,ал басқа саусақтарда тұрақты емес.
18. Алақан мен саусақтардың құрылысының ерекшеліктері.
Алақан сүйектері.metacorpus,бес алақан сүйектерінен,ossa metacarpia түзіледі,олар типі жағынан бір,нағыз эпифизі бар қысқа қуыс сүйектерге жатады және бас бармақ жағынан бастап I,II,IIIжәне т.с.с деп реттеліп саналады.Әрбір алақан негізінен basis,диафиз немесе денеден,corpus және дөңгелектелген бастан,caput тұрады.II-V алақан сүйектерінің негіздерінің проксималды шеттеріне білезіктің екінші қатары сүйектермен байланысуға арналған,ал бүйірлерінде бір бірімен буындасуға арналған жалпақ буын фасеткалары орналасады.I алақан сүйегі негізінде os trapezium-ге буындасатын ертоқым тәрізді буындық беті болады,бүйір фасеткалар болмайды.II алақан сүйегінің негізі os tratrapezoideum-ді қаусыратын бұрыш пішінді тілік түзеді;
V алақан сүйектерінің бастарында проксималды саусақ сүйектерімен буындасуға арналған дөңес буындық беттері орналасады.Бастардың бүйір жақтарында бұдырлы шұңқырлар-байламдар бекитін жерлер жатады.Алақан сүйектерінің ішіндегі ең қысқасы және сонымен бірге ең жуаны-бас бармаққа жататын 1 сүйек.Ең ұзыны II алақан сүйегі одан кейінгі ұзындығы III,IV-V.
Саусақ сүйектері.ossa digitorum manus,кішкентай,нағыз бір эпифизі бар,бунақ деп аталатын бірінен соң бірі орналасқан қысқа қуыс сүйектер.Әрбір саусақ үш бунақтан тұрады :
1. проксималды бунақ,phalanx proximalis;
2. ортанғы бунақ,phalanx media ;
3. дисталды бунақ,pxalanx distalis.
Тек бас бармақта ғана екі проксималды және дистальды бунақ болады.Ол барлық жануарларда басқа саусақтарына қарағанда нашар дамыған да тек адамда ғана жақсы дамыған.
19. Тұтас кеуде торы, оның құрамдық бөліктері, маңызы мен қызметі.
Кеуде торы compages thoracis – қабырға, кеуде қуысы, төс сүйектен тұрады.
Қабрыға costae, кеуде қуысына қарай иіліп орналасқан 12 сүйектен тұрады. Қабырға- ұзындау келген артқы сүйектік бөлік, қысқалау келген алдыңғы шеміршекік бөліктен тұрады.
Сүйектік бөлік – оымртқалық және қабырғалық ұшынан, денесінен тұрады. Қабырғалық ұшының өзі басынан, денесінен, мойнынан тұрады.
1.Қабырға басында caput costae- кеуде омыртқаның қабырғалық ұшымен буын құрайтын беті facies articularis capits costae орн. II-X қабырғалар қабырғалық қырқа crista capitis costae арқылы жоғарғыжәне төменгі буын беттеріне бөлінген. Буын беттері қабырғалық шұңқыршамен беттесіп, буын құрайды.
2.Қабырғаның мойыны collium costae сүйектің ең жіңішке бөлігі. I, XII қабырғадан басқа қабырғаларда мойын қырқалары crista colli costae орн.
Х қабырға маңында төмпешік tuberculum costae орн, ол кеуде омыртқаның көлденең өсіндісіндегі шұңқыршаларымен буын құрайды.
3.Қабырғаның денесі corpus costae- қабырғаның төмпешігі мен шеміршектік бөлігі арасында орналасқан. Жалпақтау және сагиталь жазықтықта орн. 2беті мен 2 қыры бар. Сыртқы беті дөңестеу, ішкі беті ойыстау. Жоғарғы қыры ойыстау, төменгі қыры өткірлеу. Ккеуде қуысына қараған бөлігінде нерв пен қантамырлар өтетін қабырға астылық жүлге sulcus subcostalis орн.
Қабырғаның омыртқалық ұшымен жалғасқан жерінде қабырға ұштары angulus costae орн. I қабырғада қабырғалық бұрыш төмпешік айналысында орналасқан, ал XI қабырғаларда бұрыштар сагитальді жазықтыққа қарай ауытқып орналасқан. Соңғы екі қабырғада оларсақталмаған.
Қабырғаның шеміршектік бөлігі cartilago costalis сүйектік бөлікті жалғасы. Шеміршектер I-VII қабырғаға дейін ұзарып келеді және төс сүйекпен буын арқылы байланысады. VII,VIII,IX,X қабырғаның шеміршектері өзара жалғасып, қабырға доғасын ұсынады.
I-VII қабырғалар- негізгі costa verae;
VIII-X жалған қабырға costa spuriae;
XI-XII қозғалмалы қабырға costa fluctuantes д.а қозғалмалы деп аталу себебі олар төс сүйегіне жетпей, құрсақ б.е арасында орналасады.
Өзгешелері- I, II, XI, XII қабырғалар.
Төс сүйегі sternum – сытқы пішіні қанжарға ұқсаған. Кеуде торының алдыңғы қуысын құрайды. 3 бөліктен тұрады: тұтқасы, денесі, семсерлік ұшы.
Тұтқасы manibruim ең көлемдісі. Жоғарғы бөлігі қалыңдаү, төменгісі енсіз болып келді. Жоғарғы жиегінде мойындырық тілігі incisura julgaris, бүйір бөлігінде бұғанамен беттесетін тілік incisura clavicularis орн. Бүйір бөлігінде I, II қабырғаның тілікері орн. Денесі corpus sterni ұзын, енсіз. Ерлерде қысқалау. Денесі мен тұтқасы байланысып, төс сүйек бұрышы angulus sterni құрайды. II-VII қабырға аралығында қабырғалық шеміршекпен буын құрайтын 4жұп толық, 2жұп жартылый қабырғалық тіліктер incіsura costalis орн. Семсерлік ұшы processus xiphoideus қысқалау, сыртқы пішіні өзгермелі. 7қабырғамен беттеміп буын құрайды. 17-18жасқа дейін шеміршектік тканнан, сосын сүйектік тканмен бірігіп кетеді.
Кеуде қуысы compages/cavum thoracis 12 кеуде омыртқадан, 12жұп қабырғалардың буындасуынан, дәнекер ткандар арқылы шеміршекті ткандармен байланысу н/де пб. Қуыстықың тарлау келген жоғары, жалпақтау келген төменгі тесіктері және аллыңғы, артқы, бүйір қабырғалары бар. Алдыңғы қабырғасы- төс сүйегінен және қабырғаның шеміршекті бөлігінен тұрады. Қиғаш бағытта,төменгі бөлігі алға қарай ығысып орн. Артқы қабырғасы 12жұп кеуде омыртқасы мен 12жұп қабырғалық ұшынан(қабырғаның басынан ұшына дейінгі аралық) extremita vertebralis тұрады. Алдыңғы қабырғадан биіктеу. Бүйір қабырғалары 12жұп қабырғаның бұрышынан шеміршектік бөлігіне дейінгі аралықты қамтиды. Биіктеу, сыртқы бет дөңестеу. Кеуде торының артында, кеуде омыртқаларының арқа өсіндісі мен қабырға бұрышы аралығында екіжақты сайлар орн. Сайларда арқаның терең орн б.е бекиді.
КЕуде торының тесіктері/ апртурасы. Жоғарғы апертурасы aperture thoracis superior шағын. Көлденең жазықтық бойында сопақша болып, ртынан алдына қарай қиғаш болып орн. Алдында төс сүйек тұтқасының жоғарғы жиегімен, артында І кеуде омыртқа денесімен, бүйір қапталында І қабырғамен шектелген. Төменгі апертурасы aperture thoracis interior – алдында төс сүйегінің семсерлік ұшымен, бүйір қабырғасы ХІ,ХІІ қабырғаның шеміршекті бөлігімен, артқы қабырғасы 12кеуде омыртқаның денесімен шектелген. Төс сүйегінің семсерлік ұшы қабырға доғасымен бірлесіп, төменгі төстік бұрышы angulus infrasternalis құрайды. Кеуде торының пішіні жас ерекшеліктеріне қарай болды, ерлерде ұзындау, кеңдеу, конус тәрізді болып келеді.
20. Жамбас пен аяқ сүйектері. Аяқ ссүйектері- ossa membri inferiors: жамбал белдеуіндегі сүйектер cingulum membri inferiors, еркіни аяқ сүйектері skeleton membri inferiors liberi болып бөлінеді. Еркін аяқ сүйектері: 1.сирақ сүйектері: асықты сүйек os tibia пен асықты сүйек шыбығы os fibula; 2. Аяқ басының сүйектері: тілерсек сүйек ossa tarsi, табанossa metatarsalia, башпайossa digitorum болып бөлінеді.
Екі жақтың жамюас сүйегі алдында бір бірімен шат сүйегі қасағасы symphisis pubis арқ байланысады. Артқы жағында сегнізкөз сүйегімен бірге сегзкөз-жамбас буынымен буындасып, жамбас қуысын құрайды.
21. Ортан жілік, анатомиялық сипаттатмасы. Ер адам мен әйел адамның ортан жіліктерінің айырмашылығы.
Адам қаңқасындағы ең ұзын, жуан сүйек. Os femuz д.а. Денесі, проксимальді, дистальді ұштары бар. Денесі corpus femuris сыртқы пішіні цилиндр тәрізді. Алдыңғы беті-тегістеу, дөңестең. Артқы беті- бұдырлы және бұдырлы сызықшалар linea aspera орн. Оған б.е бекиді. Сызықша 2ге бөлінеді: бұдырл сызықшаның латеральді ерні labium laterale, медиальді ерні labium mediale. Бұдырлы сызықшалар бір бірінен ажырай отырып тақымастылық бетті facies popletia құрайды. Проксимальді эпифизінде басы caput орн. Басы мен денесін бөліп тұратын мойны collm ossis femuris орн. Басының шар тәрізді беті жамбас сүйегіндегі ойықпен беттесіп жамбас қуысын articulation coxae құрайды. Басының щұңқыршасы бар, оған ортан жілік басының жұмыр байламы ligmentum capits femuris бекиді. Мойыны әйелдерде тік бұрыш, ерлерде доғал бұрыш жасап орналасады. Басы мен мойыны жалғасқан жерінде үлкен және кіші ұршықтар орн. Үлкен ұршығы trochanter major да ұршық аралық шұңқырша fossa intertrochenterica орн. Кіші ұршығында trochanter mіnor ұршық аралық сызықша linea intertrochenterica орн. Дистальді эпифизі 2айдаршықтан тұрады: қомақтылау медиальді epicondylus medialis, Латеральді айдаршық epicondylus lateralis. Айдршықтар бір бірінен айдаршық аралық шұңқырша арқылы бөлінеді. Артқы беті тақым бетіен айдаршық аралық сызықша linea intercondylaris арқ шектеледі. Айдаршықтың алдыңғы беті тізе тобығының алдынғы бетіне жалғасады.
22. Асықты жілік, кіші жіліншілік, олардың анатомиялық сипаттамасы.
Асық жілік пен асықты жілік шыбығы сирақ сүйектерін құрайды. Асықты жілік os tibia денесінен, проксимальді, дистальді эпифиздардан тұрады. Денесі corpus ossis tibiae 3қырлы болып келеді: margo anterior-аллыңғы қыры, сүйірленіп орн; margo posterior-сүйектің артқы бөлігінде орн; margo introsseus-сүйекаралық қыры, сүйектің артқы бөлігінде орн. 2беті бар: Латеральді беті ойыстау келген, артқы бетінде қамбала тәрізді б.е ызықшасы linea solius орн. Ол ызықтан төменірек қоректендіруші тесік foramen nutricium орн. Порксимальді эпифизі жуандау , қомақтылау. Мұнда айдаршық аралық латеральді және медиальді төмпешіктер tubrculum intercondylaris lateralis et medialis орн. Төмпешіктердің алдында және артында айдаршық аралық арлдыңғы және артқы жазықтықтар area intercondylaris anterior et posterior орн. Бұл жазықтықтарда тізе буынының крест тәрізді байламы бекиді. Дистальді эпифизі төрт қырлы болып келеді. Лаеральді бетінде асықты жілік шыбығымен беттесетін тілік incisura fibularis орн. Артқы бетінде қайықщалық жүлге sulcus malleolaris орн. Дистальді бөліктің ішкі қапталында медиальді қайықша malleolaris medialis орн. Оның латеральді бетінде қайықшаның буын беті орн. Асықты жіліктің төменгі ойыс келген бетінде буын беті facies articulasris inferior орн. Бұл буын беттер аяқ сүйегінің асықты шығырымен беттесіп, сирақ-асықты буын аrticulario talocrularis құрайды.
Асықты жіліктің шыбығы fibula ұзындау, жіңішкелеу. Денесі, пррксимальді дистальді ұшы бар. Денесі corpus fibulae үш қырлы, призма тәрізді, вертикальді бағытта иіліп орн. Артқы, латеральді, медиальді беттері бар. 3қыры бар: алдыңғы қыры өте үшкір қырқа тәрізді, асықты жілік шыбығының медиальді бетін латеральді бетінен бөліп тұрады. Медиальді қыры - медиальді беті мен артқы бетін бөліп тұрады. Артқы қыры- лтеральді беті мен артқы беті аралығында орн. Пррксимальді эпифиз- қомақтылау келген, мұнда асықты жілік шыбығының басы – caput ossis fibulae,мойыны collum fibulae, басының проксимальді ұшы apex capits fibulae орн. Басының медиальді бетінеде аықты жілік пен асықты жілік шыбығының буындарымен беттесіп, буын құрайтын беті facies articularis capits fibulae орн. Дистальді эпифизі жалпақтау болп келген. Ол сирақтың латеральді қабықшасын malleolus lateralis құрайды. Медиальді беті тілерсек сүйек асығымен os talus беттесіп буын құрайды. Артқы бөлігінде асықты жілік шыбығының ұзын б.е сіңіршесі өтетін жүлгесі sulcus malleolaris орн. Одан төменірек медиальді бетінде шұңқырша fossa malleoli laterali орн.
23. Аяқ басы сүйектері, бөлімдері. Тілерсек, бақай, бақайшық сүйектері.
Аяқ басының сүйектері 3 бөліктен тұрады: тілерсек, табан, башпай сүйектерінен.
Тілерсек сүйек сыртқы пішіні әртүрлі 5сүйектен тұрады: 1 асықты сүйек- os talus; 2 өкше os calcaneus; 3қайықша os navicularis; 4 текше оs cuboideum; 5 үш сына тәрізді ossa cuneiformia.
Башпай сүйектері ossa digitorum seu phalangis сыртқы пішіні қолдың саусақтарына ұқсас. Басбармақ башпайы проксимальді және дистальді эпифиздан тұрады. Қалған ІІ-IV башпайларда аралық бөлік болады. 3 бөліктен тұрады: Денесі corpus phalangis, Проксимальді ұшында негізі basis phalangis орн, дистальды ұшында басы caput phalangis орн . Проксимальды мен аралық қатардағы сүйектердің сыртқы пішіні шығыр тәрізді болып келеді. Дистальды башпай сүйегінің басында дистальды бұдыр tuberositas phalangis орн.
24. Тұтас табан сүйектері. Аяқ сүйектерінің қол басы сүйекерінен анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.
Табан сүйекері ossa metatarsalia I-V түтік тәрізді сүйектерден тұрады. Тілерсек пен башпай сүйек аралығында орн. Денесі, проксимальді, дистальді эпифиздардан тұрады. Просмальді ұштарында табан сүйектерінің негізі basis орн. Дистальды ұшында басы caput ossis metatarsalis орн. Реттік саны медиальді табан сүйектерінен басталады. Бірінші табан сүйегіos metatarsale I ең қысқасы, жуаны. Екінші табан сүйегі os metatarsale II ең ұзыны. І, ІІ, ІІІ табан сүйектері сына тәрізді сүйекпен, IV-V текше сйекпен беттеседі. Денесінің сыртқы беті дөңестеу, тегістеу; медиальды беті өткірлеу. Негізі қомақтылау, I-IV табан сүйектерінің негізі латеральды бағытта, сына сүйектерге қарап орналасқан. V табан сүйегі медиальды бағытта орн .I мен V табан сүйектерінің артында бұдырлары tuberositas primi et guinti орн. Дистальды ұшының бүйір беті қысыңқылау келген. Мұнда табан сүйектерінің басы орн. Басының шар тәрізді буын беттері проксимальды қатардағы башпай сүйектерінің негізі мен буынын құрайды. І табан сүйегінің негізгі төменгі беті сесама сүйектермен ossa sesamoidea беттеседі. Тақ сесама сүйектері табан мүйектер мен проксимальды қатардағы башпай сүйектердің буындарының маңында да орн. Табан сүйектерінің денелері бір бірінен сүйек аралық кеңістік spatial interossea metatrsi арқ ажыратылады.
25.Жамбас сүйегі бөлімдері.
Жамбассүйек(os coxae) жұп жалпақ сүйектердің қатарына жатады
Жамбассүйек 16-17 жасқа дейін өз алдына дербес үш сүйектің нүктелерінен дамып, одан кейінгі даму кезінде өзара шеміршектік кандар арқылы оданкейінгі даму кезеңінде шеміршектік, сүйектік кандар арқылы байланысқан үш сүйектен: шат, мықын, шонданай сүйектен құралғандықтан, ересек белгісіз сүйек, osiniminatum деп аталып келген.
Жамбас сүйектердің денелері өзара сүйектік ткандар арқылы байланысып, жамбас сүйегінің сірке қышқылының ыдысына ұқсап орналас- қан, ұршық ойығын, fossaacetabuli,құрайды. Бұл ойықтың: жоғарғы қабырғасы — мықын сүйегініңденесінен; алдыңғы қабырғасы —шат сүйегініңденесінен;төменгіқабырғасы —шон- данай сүйегініңденесінентұрады.
Жамбас сүйегін құраушы сүйектер:
Мықын сүйегі- os ilium жамбас сүйектерінің ішіндегі қомақтылау келген.Оның денесі жамбас ойғының жағарғы қабырғасын құрауға қатысады.Мықын сүйегінің желпуіш тәрізді қанаты-ala ossis iliaca,қанатының жоғарғы жиегінде қырқасы-crista iliaca болады.Қырқа ішкі ернімен labium enterna – және сыртқы ернімен-labium externa толықтырылған.Қырқаның алдыңғы жағында айқын байқалатын бірнеше қылқаны болады.Олар:алдыңғы-жоғарғы қылқаны-spina iliaca anterior superior,алдыңғы-төменгі қылқаны –spina iliaca anterior inferior және артқы жағында артқы жоғарғы қылқаны-spina iliaca posterior superior ,артқы –төменгі қылқаны –spina iliaca posterior inferior орналасқан.Мықын сүйегінің екі беті: сырты бөкселік беті-facies glutea.және ішкі беті ажыратылады.
Шонданай сүйегі-латынша os ischii денесі мен бұрыш құрап орналасқан тармақтарынан тұрады. Шонданай сүйектің денесі-corpus ischii қылқаны-spina ischiadica мен қылқанның жоғарғы жағында орналасқан үлкен тілігі-incisura ischiadica major мен кіші тілігінен- incisura ischiadica minor тұрады.Шонданай сүйектің бұтағы шат сүйегінің бұтағымен қосылып жапқыш тесікті-foramen obturatum құрайды.
Шат сүйегі яғни –os pubis құрылысы денесі-corpus ossis pubis мен жоғарғы және төменгі тармақтарынан тұрады.Осы сүйектер біріггіп жамбас сүйегінің ұршық ойығын-fossa acetabuli түзеді. Ойықтың жоғарғы қабырғасы мықын сүйегінен,алдыңғы қабырғасы шат сүйегінен,төменгі қабырғасы шонданай сүйегінен түзіледі.Ойықтың ішінде жарты ай тәрізді буын беті-fossa lunata және ұршық ойығының тілігі-incisura acetabuli болады.Ұршық ойығын буын ерні-limbus acetabuli толықтырып тұрады.
26.Тұтас жамбас.Үлкен және кіші жамбас түсінігі және шекаралары
Жамбас сүйектері, сегізкөз, құйымшақ және олардың байламдары жамбасты (pelvis) түзеді. Жамбастың жоғарғы бөлімі — үлкен жамбас (pelvis major) кең, құрсақ қуысының бөлігі болып табылады, бүйірінен мықындық сүйектердің қанаттарымен, артынан бесінші бел омыртқасымен және бел-мықындық байламмен шектелген, алдыңғы қабырғасын бұлшықеттер түзеді. Төменінде үлкен жамбас кіші жамбасқа (pelvis minor) ауысады.
1. Үлкен ж амбас астауы, cavitas p e lv is major, кіші жамбас астауынан шекаралық сызық арқылы шектелген. Шекаралық сызық, linea term inalis: сегізкөз сүйегінің мүйісінен, promontorium, басталып, алға қарай бағыт алып жамбас сүйегінің доға тәрізді сызығының, Ііпеа arcuata, бойымен, одан әрі шат сүйегінің қырқасы, p ecten ossis pubis, арқылы өтіп, шат сүйегінің төмпешігіне барып тұйықталынады. Үлкен жамбас астауының бүйір қабырғалары мықын сүйегінің қанатынан; артқы қабырғасы төменгі бел омыртқалар мен сегізкөз денесінің жамбас қуысына қараған бетінен тұрады
2.Кіші жамбас, pelvis minor, немесе кіші жамбас астауы, cavitas p e lv is minor, үлкен жамбас астауынан шекаралық сызықшасы немесе жамбас қуысының жоғарғы апертурасы, apertura pelvis superior, арқылы шектелген. Кіші жамбас астаудың бүйір қабырғасы мықын с үйегінің денесінің төменгі бөлігінен және шонданай сүйегінен тұрады. Артқы қабырғасы сегізкөзденжәне құйымшақ омыртқалардың жамбас қуысына қараған бетінен және алдыңғы қабырғасы шат сүйегінен тұрады. Шат сүйегінің екі жақтық бұтағы бір-бірімен өзара бұрыш құрап, бірігіп, ер адамдарда шатастылық бұрышты, angulus subpubicum, әйел адамдарда шаттық доғаны, arcus pubis, құрайды
27. Әйел жамбасының өлшемдері
Қылқан аралық қашықтық-23-25см
Қырқа аралық қашықтық 25-27см
Ортан жіліктің ұршық аралық қашықтығы 28-29см
28.Әйел жамбасының ер жамбасынан ерекшелігі
Еркек жамбас пен әйел жамбасының құрылымы мен қызметі жағынан көптеген айырмашылықтар бар. Табиғатта ер адамның кіші және тар бөлігі болады, ол дененің ауыр құрылымын және күшті бұлшықет құрылымын қолдауға арналған, ал әйелдер жамбас кеңірек және кеңірек болады, негізінен бала өсіру үшін қызмет етеді.
1.Ерлерде жамбастың көрінісі биік болып келсе, ал әйелдерде жазық қысқалау болып келеді.
2.Әйелдерде мықые сүйегінің қанатының орналасуы көпшілік жағдайда горизонтальды жазықтықтың бойында орналасқан, ерлерде вертикальды жазықтықтың бойында орналасқан.
3.Еркектің жамбас сүйектерінде v-тәрізді жамбас доғасы болады, ал әйелдерде жамбас сүйектерінде кеңірек болады.
4. Еркек жамбас қуысы ішке қарай қозғалады, ал әйел жамбас иілгіш және түзу коксицада болады.
5. Еркек жамбас ұзынша және тар болады, ал әйел жамбас кеңірек, қысқа және қисық емес.
6. Еркек жамбасында ацетабулум болады, ал әйелдер жамбасынан кішірек болады.
7. Еркектің жамбас бөлігінің тар шеңбері, ал әйел жамбас бөлігінде кеңірек сиқалық болады.
8. Еркек жамбасында жүрек тәрізді жамбас кіреберісі бар, ал әйел жамбасында сәл сопақша пішінді жамбас кірісі бар.
30. Майтабандылық – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі (деформацияға ұшырауы) салдарынан пайда болатын ауру, тірек-қимыл аппаратының ауруы. Адамның табаны көптеген сүйектерден, буын және сіңірлерден тұрады. Сүйектердің дұрыс орналасуы өте маңызды. Себебі жүру барысында адамның барлық салмағы тікелей аяққа түседі. Табанның элементтері бір-бірімен байланыса отырып екі доға құрады, оны «табан күмбездері» деп атайды. Олар бойлық (табанның ішкі бөлігі) және көлденең (саусақтар арасы) түрде орналасады. Осы екі доға арқасында табанның ортаңғы бөлігі жерге тимейді. Ал майтабандылығы бар адамның бүкіл табаны жерге тиіп тұрады, яғни табан күмбездері төмен түскен.
Майтабандылыққа әсер етуші факторлар:
Баланың артық салмағы. Сапасы төмен аяқ киім кию (тым жұмсақ немесе қатты табанды аяқ киім, резеңке аяқ киім, өкшесі тым биік немесе өкшесі жоқ аяқ киім). Баладағы мешел ауруы және кальций мен фосфор алмасуының бұзылуы.
Баланың табан күмбездері дұрыс қалыптасу үшін, аяқкиімнің сапасы өте маңызыды. Сірісі қатты, өкшені нық ұстайтын, астындағы тақасы (каблук) жарты сантиметрден кем немесе көп болмауы керек. Сонымен қатар, ішкі бетінде серпімді жұмсақ ұлтарағы болу керек.
Бұл ауруды емдеудің негізгі мақсаттары: табандағы ауырсынуларды жою, аяқтың бұлшықеттері мен сіңірлерін күшейту және табанның қызметін қалпына келтіру. Майтабанды емдеудің негізгі екі әдісі бар: хирургиялық жолмен (операция) және керітартпа жолмен.
Достарыңызбен бөлісу: |