Саналы, мақсатты түрде мәдени ортаны меңгеру процесі өз дәрежесінде орнықпайды. Жалпы алғанда, жүйенің құрылымындағы компоненттердің бір-бірімен өзара ішкі байланыс әлсіздігімен сипатталады
Саналы, мақсатты түрде мәдени ортаны меңгеру процесі өз дәрежесінде орнықпайды. Жалпы алғанда, жүйенің құрылымындағы компоненттердің бір-бірімен өзара ішкі байланыс әлсіздігімен сипатталады.
Саналы, мақсатты түрде мәдени ортаны меңгеру процесі өз дәрежесінде орнықпайды. Жалпы алғанда, жүйенің құрылымындағы компоненттердің бір-бірімен өзара ішкі байланыс әлсіздігімен сипатталады.
Ол үшін, ең алдымен мектептің жағдайын зерттеуден бастаған жөн: оқушылар мен педагогтардың қызығушылығы мен қажеттілігін, іс-әрекетке қатысушы барлық субъектілердің шығармашылық мүмкіндіктерін, педагогтар мен оқушылар ұжымының даму деңгейін, олардың өзара қарым-қатынасының сипатын және т.б. Онда педагогиканың әртүрлі зерттеу әдістерін пайдаланады. Мәселен: бақылау, әңгімелесу, сауалнама, жүргізу, мектептің іс-қағаздарымен танысу және т.б. Олардың нәтижесіне талдау жасап, сол кезеңдегі мектеп өміріне қатысты проблеманы және жүйе ретінде оның даму деңгейі мен бағытын анықтайды.
Дегенмен жүйені құрудың бастапқы кезеңі тым созылып кетпеуі тиіс. Ол жоғары қарқынмен мектеп өмірін сапалы ұйымдастыруға ықпал етуі қажеттілігімен тығыз байланысты болғаны жөн.