2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Ұзақтығы – 40 минут Түсіну және жауап беру
2т. ТЖБ. Қазақ әдебиеті 8 сынып
Жиынтық бағалау тапсырмалары 1-бөлім 1. «Үш қиян» толғауында қазақ халқы өміріндегі қай тарихи кезеңі сипатталады? А) Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман В) Қоғамдағы жастар арасындағы келеңсіздік С) Қазақ руларын атамекенге орнықтыру D) Ресей отарлаушыларына қарсы күрес [1] 2. Үзіндіде автор ел болашағын қорғаудағы кімнің ерлігі туралы айтады? Шекшекей, Құтым қашып, Әбенді ұстап, Ерлерге ерегіскен не қылмады?! Бір қазақ еркек болса... , Мұны да аңсыз күні жазымдады. А) Махамбеттей В) Ақтамберді жыраудай С) Шалкиіз жыраудай D) Қазтуған жыраудай [1] 3. «Еңлік-Кебек» дастанындағы оқиғаның шиеленісуін табыңыз А) Екі жастың бір-бірін ұнатуы В) Еңлік пен Кебектің елден қашып кетуі С) Еңлік пен Кебектің қазаға ұшырауы D) Екі жастың кездесуі [1] 4. «Еңілік –Кебек» дастанының жанрын анықтаңыз А) Драмалық шығарма В) Эпикалық шығарма С) Прозалық шығарма Д) Поэмалық шығарма [1] 5. Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңінің келешек ұрпаққа берер өсиеті қандай? А) Абай көрсеткен сара жолмен жүру В) Игі құндылықтарды бойға сіңіру С) Адамгершілік қасиеттермен сусындау D) Жастық шақ туралы [1] 6.Атақонысы отарлаушының талауына түскеніне налыған ақын оқырманға қандай ой салады? Өлеңнен дәлелдер келтіре отырып, мағынасын ашып жазыңыз. Тамамы, су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны. Қуанып Исатайды өлтірген соң, Заманның содан бері тарылғаны . (5) 7. «Жастарға» өлеңінен алынған мына үзінді идеясын қолдана отырып, қайта өңдеп креативті жазыңыз. Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық. [5] жүктеу/скачать 27,19 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |