2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бөлім: Достық пен татулық – таптырмас бақыт iі-нұСҚа оқу мақсаты



Дата08.09.2024
өлшемі19,95 Kb.
#203940
Байланысты:
8-сынып СОР 2-нұсқа


8-СЫНЫП (БЖБ№2)
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Бөлім: Достық пен татулық – таптырмас бақыт
IІ-НҰСҚА


Оқу мақсаты: О.2. Мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,
ақпараттың өзектілігін анықтау
Ж.3 Жазба жұмыстарында етістіктің райларын
қолданып жазу.
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Негізгі ақпаратты анықтайды
• Етістіктің райларын қолданады
Мәтіндегі ақпаратты дамытады
Ойлау дағдыларының Қолдану
Деңгейі:
Орындау уақыты :20-25 минут
Оқылым
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Бүгінгі Қазақстан халқының «орыстілді» деп аталып жүрген басым бөлігі біздің республикамызға еркінен тыс күштердің әсерімен келген болатын: жер аудару, көшіру, жұмысқа жіберу, әскери бөлімдерде қызмет ету және т.б. Бұл жаңадан қоныс аударғандардың жергілікті жағдайға тез бейімделуіне және қазақстандық менталитетті қалыптастыруға ықпал етті. Қысқа уақыт ішінде Қазақстан олар үшін өз еліне айналды.
Адамдар жергілікті халықпен тез тіл табысты, қазақтың көптеген салты мен дәстүрін қабылдады. Олар қазақтармен өзара техника, білім беру, медицина, өнер, мәдениет салаларына қатысты мәселелерден тәжірибе алмасты. Қазақстанның қазіргі халқының осындай қалыптасуына өзара түсінушілік, құрметтеушілік негіз болды.


1-тапсырма. Мәтінге ат қойыңыз ....................................................... (1 балл)


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. (3 балл)

  1. Қазақстан халқының «орыстілді» деп аталып жүрген басым бөлігі кімдер?

  2. Адамдар жергілікті халықпен қалай араласты?

  3. Қазақстанның халқының қалыптасуына не негіз болды?

3-тапсырма. Екі бағандағы сөздерді мағына жақындығына қарай сәйкестендіріп жазыңыз. (3 балл)

1. Қысқа уақыт ішінде Қазақстан

А. қазақтың көптеген салты мен дәстүрін қабылдады.

1-

2. Адамдар жергілікті халықпен тез тіл табысты,

В. өзара түсінушілік, құрметтеушілік негіз болды.

2-

3. Қазақстанның қазіргі халқының осындай қалыптасуына

С.барлығы үшін өз еліне айналды

3-



Жазылым
4-тапсырма. Мына төмендегі етістіктерді бұйрық райда жіктеңіз. (2 балл)
Бару, кету.


5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыз. (1 балл)
Біздің арқайсымызға «Мен қазақстандықпын» деп зор ..... сезіммен айтатын күн туды.
(қайғы, мақтаныш,өкініш)

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл



Оқылым.
Мәтін мазмұнын оқып,
түсіну Негізгі ақпаратты анықтау, тапсырмаларды орындау.



3

Сұрақтарға жауап беріді

3

Мәтінге ат қояды

1

Мағына жақындығына қарай сәйкестендіреді

3

Жазылым.
Етістіктерді шартты райда жіктеу,көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жазу

2



Етістіктерді бұйрық райда жіктейді

2



Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазады

1


Барлығы:







10


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет