Таза болса табиғат , аман болар адамзат
Әлемдік экология рейтингінде Қазақстан 133 елдің ішінде 70 - орында тұр « Washington Profile » басылымы хабарлағандай , тұңғыш рет жасалған бұл тізім Давоста өтіп жатқан әлемдік экономикалық форумда таныстырылды . Қазақстан экологтерінің айтуынша , елде экологиясы нашар бірнеше аймақ бар , бірақ соңғы кезде жағдай реттеліп келе жатыр .
Бұл тізімді Йель және Колумбия университеттері дайындады деп хабарланады . Жалпы , елдерді 6 түрлі сипат - белгілеріне қарап бағалаған , олар : адамдардың денсау лығы , ауа сапасы , су ресурстарының жағдайы , биологиялық жан - жақтылық , табиғи ресурстар және тұрақты энергетикалық даму . Одан бөлек әр ел 16 түрлі сыннан өткі зілген . Алғашқы ондыққа Жаңа Зеландия , Швеция , Финляндия сияқты елдер кір ді . Ал Тәу лсіз елдер достастығы қатарында бірінші орында Ресей тұр . 133 ел кірген тізімде Қазақстан орта тұсында , дәлірек айтсақ , 70 - орында тұр . Жергілікті эколог тердің айтуынша , мұның бірнеше себебі бар . Қазақстан бойынша экологиясы нашар аумаққа жататын Қызылорда облысының экология басқармасының маманы Қадірбек Шеденбетов :
- Үкімет жарлығымен Қызылорда облысы экологиялық апат аумағы болып жарияланды . Біздің аймақта қазір Аралдың кебуіне байланысты теңіз табанындағы мыңдаған тонна тұздар , бұрын ауылшаруашылығында пайдаланған тыңайтқыштар барлығы ауаға ұшып , халықтың жағдайын нашарлатып жатыр , – дейді ... ( www.azattyq.org)
Достарыңызбен бөлісу: |