2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Заң – қоғамның тірегі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым, Жазылым



Дата15.12.2021
өлшемі43,5 Kb.
#100877
Байланысты:
9-сын БЖБ 1 нұсқа


2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Заң – қоғамның тірегі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым, Жазылым

Оқу мақсаты:

9.3.5.1 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру

9.4.1.1 Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шолу жазу

Бағалау критерийі: Білім алушы:

 Қосымша мәліметтер негізінде қорытынды жасайды, көзқарасын білдіреді

 Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сәйкес шолу жазады

Ойлау деңгейлерінің дағдылары: Қолдану, Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, тұтынушы үшін кездескен мәселелер тізбегін атаңыз.

Сатушы үшін заңды білмеу тиімді ме?

Мөлдір Әбдірайымованың Астана қаласындағы тұрмыстық техника сататын ірі дүкендер желісінің бірінен сатып алған шаңсорғышты қайтара алмай жүргеніне бір ай болды.

– Сатып алғаннан соң үш күннен кейін қорапты ашып, шаңсорғышты қолданайын десем, шаңды артқы жағынан шашады екен. Ертесінде тауарды дүкенге апарғанымда, сатушы шаңсорғышты тексеріп, ақауды көрді. Алайда ауыстырып беруден және техниканы қайтып алудан бас тартты. «Бізге сервис орталығының тұжырымдамасы керек» деп, маған акт толтыртып, тауарды алып қалды, – дейді Мөлдір.

Жаңа шаңсорғыштың фильтрі пайдасыз болып шықты.

Мөлдірге бір аптадан кейін сервис орталығынан хабарласып, шаңсорғышты алып кетуге болатынын айтты.

Сізге жаңа фильтр қою керек, – деді мамандар. Бірақ ол да болмай шықты. Қайта телефон шалып едім, «фильтрді жуып салыңыз» деді. Онысы да болмады, – дейді Мөлдір.

Айтуынша, проблеманы көрсету үшін үйге шақырған сервис орталығының маманы: «сізге жаңа фильтр алу керек», – деп кетіп қалған.

Мәселені соңына жеткізу үшін, Мөлдір дүкен директорының орынбасарымен бірге шаңсорғышты сервис орталығына қайта апарған.

– Бізден техниканы зауытқа жібереміз деп алып қалған. Бірақ үш-төрт күннен кейін тағы хабарласып, акт толтырылды. Техниканы дүкенге апарып, ауыстыруыңызға болады деді. Барып едім, мүлдем басқа актіге қол қоюды сұрады. Ол жерде «кепілдік шарты бұзылды, шаңсорғыш жұмыс істеп тұр» деп жазылған. Мен оған қол қоюдан бас тартып, келіспейтінімді айттым. Ақыры маған бұл жұмысты қарастыруға арнайы менеджер тағайындайтын болды, – дейді Мөлдір, – Мені алаңдататыны шаңсорғыш және оның құны емес, өз құқымның бұзылуы.

Мәселелер тізбегі:

1

2

3


2. Мәселелердің пайда болу себебі мен салдарын түсіндіріңіз

мәселе

себебі

салдары




























Жазлылым

Қалаңызда Ата заң күні жоғары деңгейде тойланады. Мерекеге байланысты өткізілген іс-шаралар туралы шолу (мақала) жазыңыз



Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Қосымша мәліметтер негізінде қорытынды жасайды, көзқарасын білдіреді


1-2

3 мәселені табады

1

1

1



Себебін анықтайды

1

1

1



Салдарын табады

1

1

1



Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сәйкес шолу жазады

3



Тақырып бойынша шолу жазады

1

Жанрлық және стильдік ерекшелікті сақтайды

2

Өз пікірін білдіреді

1

Барлық ұпай:

13


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет