2-тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 2-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу Ұзақтығы – 40 минут



Дата05.01.2020
өлшемі43,03 Kb.
#55433
Байланысты:
ТБЖ 8 кл

B бөлімі

2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

2-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 40 минут

Тыңдалым – 10 минут

Оқылым – 10 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі).

Балл саны – 30
Тапсырмалар түрлері

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Көп таңдауы бар сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар



Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент тыңдалым, екінші компонент оқылым, үшінші компонент жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


⃰⃰⃰ Тап сырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмаларға сипаттама

Тапсырма лар түрлері

Орындау уақыты, мин

Балл

1

8.1.5.1 тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

8.1.3.1 оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну



Тапсырма жеке орындалады.

Оқушылар тақырыпқа қатысты 150-160 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды.

Мәтін тыңдау барысында бірінші тапсырмада негізгі тірек сөздерді табады, екінші тапсырмада 1 шын ақпаратты анықтайды, үшінші тапсырмада тест сұрағына жауап береді, төртінші тапсырмада күрделі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінің түрлерін ажыратады, бесінші тапсырмада мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.



Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар


2

1

2

2

1

3

2

1

4

Көп таңдауы бар сұрақтар

2

1

5

Толық жауап қажет ететін сұрақтар

2

1










1

8.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 170-180 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада берілген ақпараттарды композициялық құрылым бөліктерімен сәйкестендіреді, екінші тапсырмада мәтін мазмұнына сай ат қояды, үшінші тапсырмада мәтіннің композициялық құрылымына талдау жасайды, төртінші тапсырмада сұраққа 1 сөйлеммен жауап береді, бесінші тапсырмада кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді.

Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін, сөздік қорын орынды пайдалана алуын, өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуын бағалайды.



Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар


2

1

2

Көп таңдауы бар сұрақтар



2

1

3

2

1

4

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

2

1

5

2

1










1

8.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну

8.4.3.1 жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу

8.5.1.3 етістіктің бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану


Тапсырма жеке орындалады.

Оқушылар берілген екі тақырыптың бірін тағдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын, қосымшаларды дұрыс жалғауын, сөйлем соңындағы тыныс белгілерді орынды қолдануын, етістіктің шартты және бұйрық рай қызметін білетіндігін, орынды қолданатынын бағалайды.



Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

1

8.2.4.1 идеялық жадғынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау

8.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту



Тапсырма жеке орындалады.

Оқушыға бөлімдерге қатысты тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздар теріс қаратылады). Оқушы берілген тақырып бойынша 1 минут дайындалып, екі минут сөйлейді. Монолог 8-10 сөйлемнен тұруы керек. 3 минут мұғаліммен талқылайды.

Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, сұрақтарға лайық жауап беруі, сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді, тоғызпалы ықпал заңдылықтарын ескеруі бағаланады.


Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі.

10

Барлығы

40

30


8 в –сынып 2-тоқсан бойынша ЖБ тапсырмалары 26.12.19ж

Оқушы ________________________________
Тыңдалым.Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.

А. Мектеп, мұғалім, сабақ, үзіліс B. Отбасы, тәрбиеші, ақыл-ой, кітап

C. Ұстаз, ана, балалар, асыл еңбек D. Сана-сезім, көзқарас, мамандық, қоғам

[1]

2. Тыңдалым мәтіннің мазмұны бойынша 1 «Шын» ақпаратты белгілеңіз (۷).





Ақпараттар

Шын

Жалған

A.

Мұғалімнің еңбегі, ең алдымен, оқушыға білім жеткізу







B.

Мұғалім ананың үлкен жұмысын жалғастырады







C.

Екі ұғымның ұқсастығы кездейсоқ







[1]

3. Автордың ойын қорытындылаңыз. Мұғалім ...

A. кәсіп атауы B. ұлы тұлға C. Тәрбиеші D. ата-ана

[1]


4. Мәтіннен алынған күрделі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінің түрлерін ажыратыңыз.



Сөз бен сөз тіркес түрлері

Оқушының жауабы



Сөздер мен сөз тіркестер

1

Біріккен сөз

1 –
2 –
3 –
4 –


A.

Сана-сезім

B.

Жасөспірімдер

2

Қос сөз

C.

Инемен құдық қазғандай

3

Сөз тіркес


D.

Дүниетаным

4

Тұрақты сөз тіркес

E.

Асыл еңбек

[1]

5. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. 1 сөйлеммен жауап беріңіз.

__________________________________________________________________

[1]
Оқылым



Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Дереккөзі: https://angimeler.wordpress.com/category/достық/page/2/ (Мәтін бейімделген)


Екі дос бір егістікте жұмыс естейтін болған. Бірі үйленген, үш баласы бар. Екіншісі – бойдақ. Күн батқанға дейін бірге жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын.

Күннің бірінде бойдақ жігіт болған ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады» деп ойлайды, «Мен жалғыз тұрамын, отбасым жоқ, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ». Осындай ойыммен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдыңдағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады, мені асырайды. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды» дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан, екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағаның екі дос та түсінбей жүреді.

Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған-біткенді түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмайды. «Жартының жарып жеген – татулықтың белгісі» деген осы.

(176 сөз)

1. Сөйлемдер мен композициялық құрылым бөліктерін бір-бірімен сәйкестендіріңіз



Мәтіндегі ақпараттар

Құрылымы

Оқушының жауабы

1

Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ.

Басы

1-

2

«Жартының жарып жеген – татулықтың белгісі» деген осы

Ортасы

2-

3

Күн батқанға дейін жұмыс істеп, өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын.

Соңы

3-

[1]
2.Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз _______________________________

[1]


3.Мәтіннің композициялық құрылымына талдау жасаңыз.

Тақырыбы __________________________________________

Жанры _____________________________________________

Идеясы ____________________________________________

Қорытынды _________________________________________

[1]


4. Мәтіннің 2-абзацында қандай мәселе көтеріледі? Сұраққа 1 сөйлеммен жауап беріңіз.

___________________________________________________________________

[1]

5. Бойдақ достың іс-әрекетін қалай бағалар едіңіз. Сұраққа толық жауап беріңіз.



____________________________________________________________________

[1]


Жазылым

Берілген 2 тақырыптың бірін таңдаңыз.


1. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, «Су бар жерде дәулет бар», « Мамандық таңдау»тақырыптарына эссе жазыңыз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [10]


Айтылым

Берілген тақырыптың бірін таңдап, идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстырып, талдау жасаңыз. Ауызша мәтіндер құрауда сөз ішінде және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріңіз.

Ұсынылатын тақырыптар:

1. Достық сезімі адамның бойында дүниеге келгеннен бастап, әлде өсе келе қалыптаса ма?

2. « Әбдіжәміл Нұрпейісов-халық жазушысы»

3. Адамдардың кәсіптерін таңдау тұрғылықты жеріне тәуелді ме?

4. Жанды мен жансыз табиғатындағы судың маңыздылығы.

5. Қазақстанда бүгін және жүз жыл бұрын су ресурстарының пайдалануы . ( 10 )



Балл қою кестесі

Тыңдалым


Сұрақ

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

C

1




2

B

1




3

B

1




4

1-B,D 2-A 3-E 4-C

1




5

Мұғалім еңбегінің негізгі ерекшеліктері

1

Оқушы жауабы ескеріледі

Оқылым


Сұрақ

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

1 – ортасы, 2 – соңы, 3 - басы

1




2

«Екі дос» немесе «Достықтың белгісі»

1

Оқушы жауабы ескеріледі

3

Достық, әңгіме, екі адам арасындағы адал достығы, «артының жарып жеген – татулықтың белгісі»

1

Оқушы жауабы ескеріледі

4

Нағыз достардың арасындағы қарым-қатынасы

1

Оқушы жауабы ескеріледі

5

Бойдақ жігіт үйленген досыңның жағдайын үнемі уайымдап жүріп, өзінің өнімімен бөлісіп жүрген. Бұл нағыз достықтың белгісі.

1

Оқушы жауабы ескеріледі

Жазылым


Балл

Мазмұны мен дұрыс жазылуы (5 балл)

Тілі (5 балл)

5

Өте жақсы

Жауап толық, нақты негізделген және өте жақсы суреттелген, қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады. Эссенің құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қорытынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады



Өте жақсы

Сабақтас құрмалас сөйлемдерді дұрыс және сәйкес келтіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.



4

Жақсы

Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған жауап, қарапайым және күрделі идеяларды ашады. Жалпы эссенің идеясында логикалық дамуы жақсы жазылған, аргументтерді қолдануы мен қорытынды жасау қабілеті көрінеді.



Жақсы

Грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше жақсы қолданады. Түрлі лексикалық минимумды қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді.



3

Қанағаттанарлық

Жауапта бірнеше мысалдар келтірілген, бірақ барлық жағдайда негізгі емес, қарапайым идеяларды ашқанымен, суреттеуі аз. Эссе дұрыс жазылған, бірақ кей кезде аргументтері логикалық жағынан дамытылмаған.



Қанағаттанарлық

Қарапайым грамматикалық формалар мен күнделікті лексикалық минимумды қолданады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы көп жағдайда дұрыс.

Көбіне нақты қателері бар, бірақ ақпарат беруге кедергі келтірмейді.


2

Төмен

Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателіктер мен сәйкессіздіктер кетіреді, тек қарапайым идеяларды ашады. Эссенің құрылымы шектеулі, аргументтері дамымаған.



Төмен

Сөздік қоры шектеулі, жай сөйлемдерді қолданады, қайталаулар көп, сөздік қоры мен стильдік қолданысы жеткіліксіз. Орфография мен негізгі грамматикалық формалар қате қолданылған, мағынасы кейде түсініксіз.



1

Өте төмен

Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермеді. Эссенің құрылымы мен аргументтері қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз.



Өте төмен

Тек қарапайым сөйлемдер мен сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және қате. Көптеген қателіктер кетірген, түсінуге қиындық келтіреді.



0

Жауап жоқ

Жауап жоқ

Айтылым


Балл

Негізгі ойды ашуы (5 балл)

Сөз қолданысы (5 балл)

5

Күрделі идеялар мен тұжырымдамаларды өте жақсы түсіндіреді және ашады. Өз көзқарасын жүйелі және нақты дәлелдермен көрсетеді. Қажетті ақпаратқа дұрыс талдау жасайды және бағалайды.

Жауабы нақты және орынды. Кездейсоқ немесе кішігірім қателіктер кетіреді. Оқушының жауабын түсінуге қателіктер кедергі келтірмейді.

4

Күрделі идеялар мен тұжырымдамаларды нақты тауып ашады және түсіндіреді. Өз көзқарасын көбіне жақсы дәлелдермен келтіреді. Қажетті ақпаратты жалпы алғанда талдайды және бағалайды.

Жауабы көбіне нақты, тіл қолданысында кездейсоқ қателіктер кетіреді.

Қателіктер түсінуге кедергі келтірмейді.



3

Қарапайым идеяларды ашады және түсіндіреді. Өз көзқарасын дәлелдеуге негіз шамалы. Қажетті ақпаратты талдау және бағалауы қанағатсыз.

Жауабы нақты, тіл қолданысында қателіктер кетіреді.

Жалпы қателіктер түсінуге кедергі келтірмейді.



2

Қарапайым ойларды түсіндіреді, негізгі ойды ашуы шектеулі. Өз көзқарасын бірнеше дәлелмен немесе дәлелсіз жеткізеді. Қажетті ақпаратты талдауға және бағалауға тырысады, бірақ көбіне сәтсіз.

Қарапайым сөз қолданысында анық қателіктер кетіреді.

Қателіктер түсінуге біршама кедергі келтіреді.



1

Өте аз ой жеткізеді, түсініксіз немесе негізгі ойлар ашылмаған. Тек негізгі ақпаратты береді. Көбіне ақпарат қажетсіз.

Жиі қате кетіреді.

Қателіктер түсінуге кедергі келтіреді.



0

Идеясын, ойын жеткізе алмайды.

Сөз қолданысы сәйкес емес.


Тыңдалым.Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Дереккөзі: Б.Кулмагамбетова, У.Туребекова, Г.Ибраева «Қазақ тілі» оқулығы, Алматы «Мектеп», 2007 (Мәтін бейімделген)


Мұғалім! Қандай көп қырлы тұжырым! Мүмкін, оған тек «ана» сөзі ішкі мазмұн тереңдігімен тең. Осы екі ұғымның ұқсастығы кездейсоқ емес, әбден заңды: оларды мазмұнның тереңдігін ғана емес, оларға тән қасиеттердің ортақтығын да біріктіреді.

Ана баланы тәрбиелейді, оған аяққа тұруға, дене бітімі мен рухани нығаюға көмектеседі, туған адам өмірде өз орнын тауып, бақытты болуды барлық жүрекпен қалайды және өз білімі мен ақыл-ойының шамасына қарай оған көмектесуге тырысады.

Мұғалім, шын мәнісінде, ананың үлкен жұмысын жалғастырады: өсіп келе жатқан адамның сана-сезімін және рухани келбетін, оның еркіндігін, дүниетанымның негіздерін, оның ішкі қасиеттерін қалыптастырады. Балалармен және жастармен жұмыс жасаған мұғалім, инемен құдық қазғандай, өз шеберлігін үнемі жетілдіре отырып, әрқашан өмір үшін, халықтың болашағы үшін қызмет етеді.

Кейбіреулердің пікірінше, мұғалімнің еңбегі, ең бастысы, оқушыларға өз пәні бойынша білімді жеткізу, бірақ мұндай көзқарас мұғалімнің іс-әрекетінің сипаты туралы шынайы пікірден өте алыс. Мұғалім, ең алдымен, балалар мен жасөспірімдердің тәрбиешісі, біздің қоғамымыздың болашақ азаматтарын қалыптастыруға шақырады. Бұл оның асыл еңбегінің негізгі мәні.



(153 сөз)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет