4. Бронхтық обструкция синдромы кезіндегі ажыратпалы диагностика туралы айтыңыз.
Бронхтық обструкция синдромының (БОС) негізінде бронхо- және бронхиолоспазмның, бронхтардың шырышты қабатының ісінуінің және оның тұтқыр қақырықпен бітелуінің салдарынан бронхтық ағаш бойымен ауаның өтуінің қиындауы жатыр. Обструкцияның даму қарқындылығына және ұзақтығына байланысты бронхтық обструкция синдромының клиникалық тұрғыдан, тұншығудың салыстырмалы түрде қысқа ұстамасымен (бронхтық астма), едәуір ұзаққа созылатын (сағат және күн) тұншығу ұстамасымен (астмалық статус) сипатталады, және де, бронхтық обструкцияның элементтері (тұрақты, жиі экспирациялық сипатта) бір қатар өкпе ауруларында (созылмалы обструкциялық бронхит, өкпе эмфиземасы және т.б.) ұзақ уақыт бойы сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |