20 балдық Бронхтық обструкция синдромының этиопатогенезі туралы түсіндіріңіз


Бронхобструктивті синдром қысқаша патогенезі



бет2/83
Дата31.01.2022
өлшемі3,84 Mb.
#130301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
Ішкі аурулар ЭТАЛОН
34b19d1237aca971732fd82c032c9779 original.118506, 1
Бронхобструктивті синдром қысқаша патогенезі

Қайтымды =>Қабыну => Ісіну => Бронхоспазм => мукоцилиарлы клиренс бұзылысы

Қайтымсыз=> Туа пайда болған стеноз => Бронх облитерациясы
3. ӨСОА кезіндегі бронхтық обструкция синдромының қайтымсыз даму механизімі туралы түсіндіріңіз.

Бронхтық обструкция синдромының қайтымсыз механизмдері:

1.Фиброздық өзгерістерден бронхтардың кiлегей және кiлегей асты қабықтарының қалындауы.

2.Бронхтар өзегiнiң тарылуынан және облитерациялануынан ауа өтетін жолдар санынын азаюы.

3. Трахея-бронхтық гипотониялық дискинезияның дамуы -жұқарып созылған және эластикалық қасиетi жойылған трахея мен бронхтардың мембраналық бөлiгiнiң тыныс жолдарының iшiне салбырап түсуi. Кеуде iшi қысымы жоғарылағанда, мәселен күш түскенде немесе бірнеше рет қатты жөтелгеннен кейiн, сылбырланған мембраналық бөлiк iшке қайырылып, тыныс жолдарын тарылтады. Бұл кезде аса булықтырып қиналдыратын жөтел ұстамасы, тұншығу, стридорозды тыныс кенет пайда болады. Науқас тұншыққан кезiнде мидың гипоксиясынан синкопальдiк күйге түсуi мүмкін. Бұл жағдайда бронхолитиктер әсер етпейді. Трахея-бронхтык гипотониялық дискинезиясы бар наукастар жөтелiн ұстауға немесе жай жөтелуге тырысады. Олардың сақ жөтелі плевриттік жөтелге ұқсас.

4.Өкпе эмфиземасы. Сау адамда тыныс шығару кезiнде бронхтардың өзегi ашық тұрады. Эмфиземала усак бронхтар және бронхиола лар тыныс шыгару кезiнде улгайган альвеолалармен басылып калады, Өйткені бронхтардын кабыргасын радиальдi керiп тұратын өкпенін эластикалык тарту куаты жойылған әрi бронхтар кабырғасының тонусы төмендеген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет