20 балдық Бронхтық обструкция синдромының этиопатогенезі туралы түсіндіріңіз



бет4/83
Дата31.01.2022
өлшемі3,84 Mb.
#130301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
Ішкі аурулар ЭТАЛОН
34b19d1237aca971732fd82c032c9779 original.118506, 1
Бронхтық астманың ұстамасы кенеттен немесе науқасты қажытатын құрғақ жөтелден басталады. Кейде ұстама алдында мұрнында, төс артында жыбырлау сезімі болады. Тұншығу тез дамып, науқас қысқа уақыт дем алып, әрі қарай үзіліссіз ұзақ дем шығарады (экспирациялық тұншығу). Дем шығару кезінде қашықтан құрғақ ысқырықты сырылдар (ысқырықты дем алу) естіледі. Науқас мәжбүрлі жағдайда болады – кереуетте, оның шетіне қолын тіреп отырады, сол кезде тыныс алуға иық белдеуі мен кеуденің қосымша тыныс бұлшық еттері қатысады Объективті өкпенің жедел эмфиземасы мен бронхтық обструкция белгілері анықталады. Қабырға аралықтары кеңейген және горизонталды орналасады. Перкуссияда қорапты дыбыс анықталады. Аускультацияда – тынысы әлсіз, өкпенің барлық алаңында құрғақ сырылдар – ысқырықты және ызыңдаған сырылдар естіледі.

Астмалық статус - науқасқа бұған дейін жақсы көмектесетін бронхолиттік дәрілердің әсерінің болмауымен, қандағы газ құрамының едәуір бұзылуымен сипатталатын қарқынды және ұзаққа созылған тұншығу ұстамасы. Егер астма ұстамасы 2-3 сағаттан көп уақытқа созылса және стандартты дәрілермен – тек қана ингаляциялық емес, ішке және де инъекциялық дәрілермен басылмаған жағдайда оны астмалық статус деп ойлауға болады. Бронхтық обструкция салдарынан жедел тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері пайда болып, әрі қарай үдей түседі – ентікпе 30-60 рет минутына, тыныс алу актіне барлық қосымша бұлшық еттер қатысады, айқын цианоз, аускультацияда әлсіз тыныс, қақырықсыз жөтел. Циркуляциялық бұзылыстар айқын болады: тахикардия 120-130 минутына, АҚҚ жоғары болып, кейін критикалық деңгейге дейін төмендеп кетеді, оң қарыншалық жүрек жетіспеушілігінің белгілері – мойын веналарының білеуленуі, бауырдың ұлғаюы анықталады. Орталық жүйке жүйесі жағынан өзгерістер байқалады: қозу және мазасыздық, үрей және галлюцинация салдарынан кома дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет