20 балдық Бронхтық обструкция синдромының этиопатогенезі туралы түсіндіріңіз


Алғаш анықталған артериялық гипертензиямен науқастардың тексеру бағдарламасын анықтаңыз



бет51/83
Дата31.01.2022
өлшемі3,84 Mb.
#130301
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83
Байланысты:
Ішкі аурулар ЭТАЛОН
34b19d1237aca971732fd82c032c9779 original.118506, 1
15. Алғаш анықталған артериялық гипертензиямен науқастардың тексеру бағдарламасын анықтаңыз.

АГ бірінші рет анықталған науқастарда тиянақты анамнез жинау қажет, оған келесілер кіреді:

- АГ пайда болу ұзақтығы жəне анамнезде АҚ көтерілу деңгейі, сонымен қатар антигипертензивті заттармен бұрын емделу нəтижелері, анамнезде гипертониялық криздердің болуы;

- ЖИА симптомдарыны, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, ОНЖ аурулары, перифериялық қантамырлардың зақымдалуы, қантты диабет, подагра, липидтік алмасу бұзылыстары, бронхообструктивті аурулар, бүйрек аурулары, сексуалдық бұзылыстар жəне өзге де патологиялардың болуы туралы мəліметтер, сонымен қатар, ауруларды емдеу кезінде, əсіресе АҚ көтерілуіне əсер ететін дəрілік препараттар туралы мəліметтер;

- АГ екіншілік мінезіне негіз болатын спецификалық симптомдарды анықтау, (жастық кез, тремор, терлегіштік, АГ емдеуге тұрақтылық; бүйректік артерия аумағындағы шу, ауыр ретинопатия, гиперкреатининемия, кенеттік гипокалиемия);

- Әйелдерде – гинекологиялық анамнез, АҚ көтерілуінің жүктілікпен, менопаузамен, гормональді контрацептивтерді қабылдаумен, гормональді-алмастырушылық терапиямен байланысы;

- Майлы тамақ, ас тұзы, алькогольдік ішімдіктерді қабылдау, темекі тарту жəне физикалық белсенділікті сандық бағалаумен, сонымен бірге өмір барысында дене салмағының өзгеруі туралы деректерді қоса өмір сүру салтын тиянақты бағалау;

- Тұлғалық жəне психологиялық ерекшелік, сонымен қатар отбасылық жағдай, жұмыс жəне үйдегі жағдай, білім деңгейімен қоса гипертониялық аурудың емі мен ағымына əсер етуі мүмкін қоршаған орта факторлары;

- АГ жанұялық анамнезі, қантты диабет, липид алмасу бұзылыстары, жүрек ишемиялық ауруы (ЖИА), инсульт жəне бүйрек аурулары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет