Гепариннің әсер ету механизмі бәрінен бұрын оның қан ұюының белсенділендірілген факторларының: тромбин, IXa, Xa, XIa, XIIa тежегіші - III антитромбинмен (ерекше маңыздысы тромбин мен белсенділендірілген Х факторды тежеу қабілеті болып саналады) байланысуына негізделген. Гепарин протромбиннің тромбинге ауысуын бұзады, тромбинді бәсеңдетеді және фибриннің фибриногеннен түзілуін тоқтатады, сондай-ақ аздаған дәрежеде тромбоциттер агрегациясын азайтады. Көрсеткіштері: тромбоздарда, тромбоэмболияларда және
олардың асқынуында (алдын алу және емдеу)
- қан ұюының алдын алуда (жүрек-қантамыр
хирургиясында)
- коронарлы қантамырлар тромбозында,
диссеминацияланған қантамырішілік қан
ұюында
- сыртартқысында тромбоэмболиясы бар
науқастарда операциядан кейінгі кезеңде
- қан айналымының экстракорпоральді
әдістері пайдаланылатын операциялар
кезінде қан ұюының алдын алуда, гемодиализ
жүргізгенде
Қолдануға болмайтын жағдайлар
ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР
- гепаринге аса жоғары сезімталдық
- сыртартқысында гепарин-индуцирлейтін тромбоцитопения
бар немесе болған
- жайылған немесе жергілікті қан кетуге бейім, бауырдың,
бүйректің ауыр жеткіліксіздігін, ойықжара ауруының асқынуын, Крон ауруын, жедел немесе жеделге жуық септикалық эндокардитті, бассүейкішілік қан құйылуды немесе жарақатты
және бас, мойын, көз, құлақ аймағына операцияны қоса және әйелдерде босануда, түсік тастау қатері кезінде
Достарыңызбен бөлісу: |