Пациентке процедураны түсіндіріп, келісімін алды. Науқастан аллерго анамнезін сұрады
|
Пломбылайтын материалдарды дайындайды (кальций гидроокисі негізіндегі емдік төсем, аралық төсемге арналған материал, өздігінен қатаятын композит). Стоматологиялық жиынтықты дайындады. Шприц, анестетик, борлар, таңу материалдарын жинады.
|
Тісті объективті тексеріп алды да жансыздандыру жасады.
|
Ұштыққа шар тәрізді бор салып, дентиннен тіреуіші жоқ кіреуке шеттерін алды, яғни тар болған қуыс кіреберісін ашты.
|
Тіс жегі қуысы кеңейтіліп, қалыптастырылды.
|
Тіс жегімен зақымданған кіреуке мен жұмсақ дентиндер толығымен қуыстан некротомия жасады.
|
Пломба жақсы жабысуы, мықты болуы үшін қуыс кіреберісіне 45 градус бұрышпен фальс салды.
|
Тісжегі қуысына медикаментозды өңдеу жүргізіп, тісжегі қуысын кептірді.
|
Кальций гидроокисі негізіндегі материалды араластырып, тегістегіш көмегімен тісжегі табанына емдік пломба салды.
|
Шыныиономерлік цементті араластырып тісжегі қуысына, табанына салып кіреуке-дентин шекарасына дейін жайды. Материалдың қатуын күтті.
|
Кондиционерді кіреукеге жағып, 30 секундтай күтті. Тісжегі қуысын дистилденген сумен шайып, залалсыздандырылған мақта анжысымен және ауа ағымымен кептірді.
|
Кіреуке адгезивін дайындап, тісжегі қуысының табанына және қабырғаларына жағып, оны қарсы ауа ағымының көмегімен біркелкі таратып жайды.
|
Композитті 40 секундта араластырып, бөлшектеп, тісжегі қуысына салды. 1-1,5 минут ішінде тегістегіш, нығыздағыш, мақта анжысы көмегімен алғашқы мүсіндеуді жүргізді. Материалдың қатуын күтті.
|
Фиништік борлармен төменгі жылдамдықтағы ұштықтар көмегімен пломбаның соңғы мүсіндеуін жүргізді.
|
Окклюзияны тексерді. Полирлер мен жылтырататын дискілерді қолдана отырып, пломбаны тегістеді.
|
Амбулатория картасын толтырды.
|