Мақсаты:медициналық бұйымдардың жуғыш заттардан тазару деңгейінің сапасын бақылау.
Жабдықтау: -реактив: фенофталеиннің 1% спирттік ерітіндісі
-реактив үшін пипетка
-мақта тампондары салынған лоток
-құрғақ жабдықтар салынған лоток.
Іс-әрекет алгоритмы: 1.Зерттелетін затқа фенолфталеиннің 1% спирттік ерітіндісінің бірнеше тамшысын орналастырамыз.
2.Зерттелетін затты мақтаның үстіне қарай ұстап, реактив түсінің өзгеруін бақылаймыз.
3.Нәтижесі 2 минут бойы бақыланады.
4.Нәтиже теріс болса, реактив түсі өзгермейді.
5.Нәтиже оң болса, реактив түсі ақшыл қызылдан ашық қызылға дейін өзгереді.
Ескертпе:Бұл сынама жуғыш заттардан тазартылу сапасын анықтайды. Жуғыш заттардан тазармаса сынама оң болып саналады, реактив түсі ақшыл қызылдан ашық қызыл түске дейін боялады.