20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


Терең тіс жегінің жедел түрінің клиникасы, нақтамасы және емі



бет77/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

28. Терең тіс жегінің жедел түрінің клиникасы, нақтамасы және емі.
Терең тісжегі.

4сурет. Терең тісжегі. сайт-http://www.ichilov.net/
О рта тісжегі ауыру сезімі аса мазаламағандықтан немесе қуыстың тістердің жанасу бетінде орналасуынан көп жағдайда байқаусыз қала беруі мүмкін. Сондықтан тісжегі қуысы тереңдеп ұлпа маңындағы дентин бұзылады және қуыс табанында жұмсарған жұқа дентин қабаты ғана сақталады(тісжегі қарқынды дамыған кезде) немесе пигменттелген жылтыр дентин қабаты (баяу дамыған кезде) пайда болады. Бұл кезде қуыстың табаны тіс мойыны деңгейінен аз ғана жоғары орналасады. Кейде қуыстың тереңдегені соншалық, біріншілік дентин қабаттары жойылып, екіншілік дентин қабаты бұзыла бастайды. Терең тісжегі кезінде болатын негізгі шағымдар- бұзылған тісте механикалық, температуралық және химиялық әсерлерден пайда болатын ауыру сезімі және оның әсер етуші ықпал жойылған кезде тез басылуы. Тісжегінің басқа сатыларына қарағанда мұнда ауыру сезімі күштірек және тіс көбінесе суықтан қақсап ауырады.
Қарап тексергенде терең және кең тісжегі қуысы анықталады, ішінде ас қалдықтары, ыдыраған дентин сақталған, қабырғасында пигменттелген кейде пигменттелмеген ақшыл-сары түсті жұмсақ дентин қабаттары анықталады (4-cурет).
Қуыстың табаны бірде өте жұмсақ, байқап сүңгілемесе ұлпа мүйізшесі ашылып кетуі мүмкін, әлсіз сүңгілегеннің өзінде табанында ауыру сезімі байқалады (қарқынды дамыған тісжегі кезінде). Кейде қуыстың табаны пигменттелген, қаттылау, қаттырақ сүңгілеп байқағанда ғана ауыру сезімі туындайды (баяу дамыған тісжегі кезінде). Терең тісжегі кезінде ұлпаның электр қозғыштығы 6-8 мка тең, кейде аздап төмендеуі де мүмкін (10-15 мка шамасында). Ескере кететін жағдай, терең тісжегі қуысы тістердің жанасу беттерінде орналасқан кезде әртүрлі тітіркендіргіштерден ауыру сезімі мазалай бермейді. Тісжегі қуысы кеңейіп, қуыстың шайнау беті немесе еріндер жақ беттері қабырғаларындағы дентин толығымен минералсызданып, жабынды кіреуке шайнау күштері әсерінен бұзылған кезде ғана сырқат тіс мазалай бастайды және тісжегі қуысы анықталады. Бұндай жағдай көбінесе жоғарғы жақ тістерінде жиі орын алады.
Терең тісжегіні орта тісжегіден, ұлпаның жартылай жедел қабынуынан (острый частичный пульпит), созылмалы жай (фиброзды) қабынуынан, периодонттың созылмалы қабынуынан ажырата білу керек. Ұлпаның жартылай жедел қабынуына өз бетімен пайда болатын қстамалы, бірақ ұзаққа созылмайтын, сырқат тіспен ғана шектелетін ауыру сезімі тән. Әртүрлі тітіркендіргіштер ауыру сезімін туындатады немесе күшейте түседі. Тістің электрқозғыштығы 20-25 мка, кейде бұл көрсеткіштер одан да жоғары болуы мүмкін. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы кезінде ауыру сезімі әртүрлі тітіркендіргіштер әсерін туындайды, қарқындылығы аса күшті емес (сыздап ауырады) және ұзаққа созылып барып басылады. Сауыт қуысы көбіне тісжегі қуысымен байланысып жатады кейде сауыт қуысы жабық болуы мүмкін. Тістің электрқозыштығы 30-40 мкА. Баяу дамыған терең тісжегіні кейде периодонттың созылмалы қабынуынан (сауыт қуысы ашылмаған кезде) ажыратуға тура келеді.
Кейде тісжегі қуысының ауызы тар болған жағдайда астың қалдығы мен ыдыраған дентин ұзақ сақталып, тісте түн кезінде өз бетімен мазалайтын ауыру сезімі пайда болады және күндіз мазаламайды. Ауыру сезімі бірнеше түн қатарынан қайталануы мүмкін. Ауыру сезімі түнге қарай көбінесе тәтті тағамдар жеген кезде жиірек қайталанады. Мұндай жағдайдағы ауыру сезімі көбіне көмірсулы ас қалдықтарының ыдырап, қышқылдар құрылуы нәтижесінде және жұмсарған дентиннің ыдырауынан пайда болған уытты заттар мен микроорганизмдердің уыттарының ұлпаны тітіркендіруі әсерінен дамиды. Көптеген авторлар мұны ұлпа гиперемиясы (гиперемия пульпы) cимптомы деп түсіндіреді (Урбанович Л. И., Яворская Е. С.,1964). Бұл кездегі ұлпаның жағдайын анықтау үшін тісжегі қуысын егеп-тазалап, жылы ертінділермен жуып-кептіріп, 7-10 күнге уақытша пломбымен жабады. Белгіленген уақыт ішінде өз бетімен ауыру сезімі туындамаса – терең тісжегі деген диагноздың дәлелдегені.
50 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет