20 ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар



Дата17.02.2022
өлшемі51,71 Kb.
#132160
Байланысты:
Презентация 4

20 ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар

  • Орындаған:Иманбекова Назира
  • Тексерген:Галива Ж.С

ХХ—шы ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт—азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақ халқын рухани жағынан да отарлады: тілінен, ділінен бірітіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды

ХХ—шы ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт—азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақ халқын рухани жағынан да отарлады: тілінен, ділінен бірітіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды

Бұл жөнінде М.Дулатов 1907 жылы жазған " Қазағым менің, елім менің" атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: " ...ең алдымен қазақ халқы — Ресейге тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады.... Өздеріңіз көп жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып—соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді... . ... енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет—ғұрыптарымызға, біздің молдаларға да тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды.... .... енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып қазақтардың суымен шұрайлы жерлерін тартып әперуде. Чиновниктерде арқалаған олар өздеріне жайлы қазақ жерлерін еркін иемденуде.... Бұлар сорлы қазақтарды ұрып—соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде ..." © e-history.kz


Ә. Бөкейхановтың 1910 жылғы жарияланған " Қырғыздар" атты әйгілі мақаласындағы ой тұжырымдары Петербург қаласында А.И. Костянекийдің редакциясымен жарық көрген " Формы национального движения в современных государствах" деген еңбекке енді. " ... Қырғыз халқының арасында, — деп жазады
© e-history.kz
Ә. Бөкейханов осы мақалада — саяси партиялар әлі пайда болған жоқ... орыстандыру саясатының ауыртпалығын көтерген басқа шет аймақтардың халықтарындай, қырғыз халқы да үкіметке қарсы пікірде және орыстың оппозициялық партияларына көңіл қояды. Жақын болашақта... қырғыздар арасында қалыптасып келіп екі саяси бағытқа сай екі саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірін ұлттық—діни бағыттағы деп айтуға болар, ал оның мақсаты қырғыздарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ.
Екіншісі қырғыз келешегі кең мағынадағы батыс мәдениетін енгізуге байланысты деп есептейтін бағыт. Бірінші бағыт мұсылман—татар партияларын үлгі тұтар, екінші оппозициядағы орыс партияларын, атап айтқанда, халық бостандығы партиясын үлгі етпек..." [1, 35б.].
Сөйтіп, 1905–1907 жылдардағы революция кезінде қазақ қоғамында қазақ интеллигенция қатарында ұлт мәселесі жөніндегі идеялар пайда бола бастады. Бұл жылдары қазақ интеллигенциясы тарапынан Ресей жеріндегі саяси партияларды қазақ жеріне тарту жұмыстары жасалды. Мәселен, 1905 жылы Кадет партиясының бастауыш ұйымын құру жүргізілді, І—ІІІ бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайлары өтіп, " Мұсылман партиясы қоғамының" құрылуы басталды.
Источник: https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8749/
© e-history.kz
XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер».
Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.[1] Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.
1919 жылы 3 тамызда А. Байтұрсынов " Революция и киргизы" шағын еңбегін жазды. Бұл еңбегінде қазақтардың бірінші революцияны қуанышпен қарсы алып, патшаның геноцид саясаты тоқталғаны мен ұлт мәселесі, мақсат—мүддесі көтеріледі деп түсінгенін айта келіп, екінші революция қазақ—қырғыз халқы үшін мүлде түсініксіз, мәні жоқ деп қарастырылғанын айтады.
... Екінші революция тек қазақ халқы үшін емес, сонымен қатар қазақ зиялылары үшін де мәнсіз деп қарастырылып анархияның басталғанын түсінді.
Источник: https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8749/
© e-history.kz
Мәселен, Әлиханның 1918 жылы " Қазақ" № 260 мақаласында алаш халқына мынадай үндеу жазды: " ...Біздің қазақ жері қазір бұл Ресей ылаңынан аман. Алаштың баласы аман қалар ма? Жоқ па? Болжап болмайды... Аға—іні, алаштың азаматы, бірлік, бүгінгі үй ара уақ істі таста, мына қараңғы бұлт Ресей ылаңынан алаш болып қорғайтын жолға шық. Ресей мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды, бірліктен айырылсаң, мына орысша қаңғып өтеміз. Көш басталған аға, зиялы іні, жергілікті жұрт қызметін таза атқар. Жалпы жұртқа мұрындық бол!"
Источник: https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8749/
© e-history.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет