598539b8-11ae-4539-97f4-32859d50b819



Дата06.02.2024
өлшемі14,34 Kb.
#200046
Байланысты:
598539b8-11ae-4539-97f4-32859d50b819
00000a88-483c6630, VBAHDJXHRFPJ20102023001249

Сабақтың тақырыбы: Нарық және оның заңдарының қызмет етуі сұраныс ұсыныс

Нарық –экономикалық игіліктерді сатып алушылар мен сатушылардың өзара байланыс механизмі болып табылады. Нарық өндіріске, айырбасқа, бөлу мен тұтынуға қызмет көрсетеді. Нарық өндірісті керекті ресурстармен жабдықтайды және өнімін өткізеді, сонымен қатар оған деген сұранысты анықтайды. Бөлу үшін ол нарықта сатылатын ресурстардың иелері үшін кіріс көлемін анықтайтын механизм болып табылады. Тұтыну үшін нарық- тұтынушыға керекті тұтыну игіліктерінің негізгі бөлігі келіп түсетін канал. Соңында нарық- нарықтық экономиканың басты индикаторы болып табылатын бағаны анықтайтынорын. Нарық қызметі оның алдына қойылған тапсырмалары арқылы анықталады.Нарықтық механизм негізгі: не, қалай және кім үшін өндіру керек деген үш сұраққа жауап беруі керек. Сол үшін нарық бірнеше қызметті атқарады.


Бағаны туындату қызметі. Нарықта өндірушілер мен тұтынушылар, тауар мен қызметке деген сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасы нәтижесінде баға қалыптасады. Ол тауардың пайдалылығымен оны өндіру шығындарын сипаттайды.
Мәліметтік қызмет. Әрбір нарықта қалыптасқан баға шаруашылық қызметке қатысушылардың барлығына керекті бай мәліметті қамтиды. Өнім мен ресурстардың үнемі өзгеріп отыратын бағасы нарықта ұсынылатын игіліктердің тұтынылатын саны, ассортименті, сапасы туралы обьективті мәліметтерін береді.
Реттеуші қызмет. Ол нарықтық шаруашылық қызметтің барлық сферасына, ең алдымен өндіріске әсерімен байланысты. Бағаның үнемі ауытқуы істің мән- жайы туралы мәлімет беріп қана қоймайды, сонымен қатар шаруашылық қызметті қызметті реттейді, бағаның өсуі өндірісті кеңейтудің белгісі болса, бағаның төмендеуі – оны қысқартудың белгісі.Өз кезегінде шаруашылық өмірді ретеуші бола отырып, нарық макроэкономикалық реттеудің барлығының оған бағынбайтынын көрсетті
Делдалдық қызмет. Нарық өндірушілер мен сатып алушылар арасында, оларға сатып алу мен сатудың ең тиімді вариантын табуға мүмкіндік бере отырып делдал болады. Дамыған нарықтық экономика жағдайында тұтынушы ең тиімді жабдықтаушыны таңдау мүмкіндігіне ие. Сатушы өз позициясында оның ең тұрақты деген сатып алушысын тауып, келісім- шарт жасауға ұмтылады.
Іріктеуші қызмет. Нарықтық механизм- өте қатты және қатаң жүйе . ол шаруашылық қызметке қатысушылар арасында үнемі «табиғи таңдауды» жүргізіп отырады.Бәсекелестік құралын қолдана отырып нарықтық экономиканы тиімсіз қызмет атқарып жатқан фирмалардан тазалайдыжәне керісінше белсенді кәсіпкерлердің қызмет атқаруына жол береді.
Сұраныс , ұсыныс және баға нарықтық механизмнің маңызды элементтері болып табылады. Нарық сатушылар мен сатып алушылардың өзара байланыс механизмі, онда тауардың сұранысы мен ұсынысы сәйкес келе отырып нарықтық бағаны анықтайды .
Сұраныс- белгілі бағадағы белгілі тауарға деген тұтынушының төлем қабілеті бар қажеттілігі. Сұраныс белгілі уақыт аралығындағы әрбір мүмкін баға деңгейінде тұтынушылар сатып алуға дайын өнім көлемін көрсететін график арқылы сипатталады.Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін жоғарылатады және керісінше, басқалай тең жағдайларда бағаның жоғарылауы сұраныс шамасын төмендетеді. Баға мен сұраныс шамасының арасындағы байланысты сұраныс заңы деп атайды.
Ұсынысты уақыттың белгілі кезеңінде мүмкін нақты бағада, өндіруші өндіріп, нарыққа шығаруға келіскен әртүрлі өнім санын көрсететін шкала ретінде анықтауға болады. Ұсыныстың шкаласы жеке өндірушілерге арналған альтернативті мүмкіндіктерді көрсетеді. Ұсыныс заңы баға мен ұсынылатын өнім саны арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Баға өскен сайын ұсыныс шамасы өседі, бағаның қысқаруымен қатар ұсыныс шамасы да қысқарады. . бұл ерекше байланыс ұсыныс заңы деп аталады , Бұл тек өндірушілер әртүрлі бағада өңдеп шығаратын өнімнің көлемін көрсетеді.


Қосымша тапсырма
1.Түртіп алу стратегиясы бойынша конспекті жасау

2.Экономикалық терминдермен жұмыс текст бойынша кездескен жаңа сөздердің мағынасын көрсету


3. СӨЖ дайындау осы –көрсетілген тақырып бойынша


4. Тірек -сызбалар дайындау осы тақырып бойынша


5. видиомен сабақ айтып жіберу


Хабарламада мына тапсырмаларды орындадым деп белгі беру керек


Пән оқытушысы: Аскарова Шырынкүл Жаксыбайқызы


СТУДЕНТТЕРГЕ : Өз уақытында , уақытылы үлкен жауапкершілікпен
орындауларыңды талап етемін

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет