29.билет



Дата12.02.2024
өлшемі23,11 Kb.
#200077
Байланысты:
29.билет
СӨЖ

29
1 Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты. Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды.
Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Европаға мәлім болды.
Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.
Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды.
Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді. Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды. 1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқашөзенінің жағалауына дейін, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асты
2. Қазақ хандары мен Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдауы (XVIII ғ. 40)

1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Империяға өтудін сипаты үстірт, жасанды болды. Дегенмен бұл Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басы еді. Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен, ол табыс баяндь бола қоймадыХандар мен сұлтандардың тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды. Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды.


Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының ерекшеліктері де шешуші рөл атқарды. 1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыргүйек айында Әбілқайырдың елшілігі Петербургке келді. Елшілік Кіш жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс етт 1744 жылы қазақ халқын ата қоныстарынан ығыстыру жөнінде қосымша жобаның авторы. Бұл жобада қазақтарды Орал мен Сібір жағынан қоршауға алу жоспарланған еді. Әсіресе, Жайық қалашығы, Орынбор- Орск, Жаңа Ойыл шебі, Сібір шебіндегі әскерлерді қазақтарға қарай бағыттау болды.
Дипломатиялық шаралардың шебері Абылай, хан болып сайлануға дейін де, Тарбағатай таулары, Алтай сеңгірі, Зайсан көлінің шығысына қарай жатқан тарихи қазақ жерін қайтаруда қыруар күш-жігер жұмсады. Жоңғария тарихи сахнадан мүлде жоғалып, оның жерін басып қалған Маньчжур-Цин билеушілері Абылаймен келісе отырып жаңа шекара белгіледі.
1760 жылы қытайлар Тарбағатай тауы маңында көшіп- қонып жүрген қазақ руларын батысқа қарай ығыстырып тастауға күш салды. Осындай жағдайда Абылай Цин әулеті билеушілерімен арадағы қайшылықтарды өзара тиімді нәтижелермен шешуге күш салып отырды. 1757-1760 жылдары казақ елінің дербестігін, жер аумағының бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай Пекинде Қытайдың да билігін мойындайды. Бір жағына Абылай 1740 -1742 жылдары Ресейге ант берумен қатар Қытайдың билігін қабылдауын дипломатиялық шешім деп бағалады. Абылай сонымен қатар Орта Азия елдерімен байланысын дамытуға да кепіл болді. XVIII ғасырдың 70-жылдарының басында Абылай бірқатар соғыстарда Ходжент әміршісіне, Ташкент бегін соққы берді. Қазақтар жоңғарлармен соғысып жүргенде өзбек бектеріне ауып кеткен Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ және басқа бірнеше қалаларды Абылай күшпен қайырып алып, қазақтардың билігіне қаратты. Олар тиесілі алым- салығын төлеп тұруға міндеттелді. Қазақстанның халықаралық жағдайы жақсара бастады. 1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салды. Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүр бойынша өлген билеушінің ұлы Әбілпайызды емес, халық арасында зор беделге ие Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлады.
1742 жылы 19 қазанда И.И. Неплюев қазақтарды Жайык өзені маңында көшіп-қонуға тыйым салу туралы жарлы шығарады. Онда мынадай ескертулер жазылған: «Жарлықта көрсетілгендей барлық қырғыз-қайсақ хандарына, сұлтандарға, старшындар мен барлық халықтарға жар саламын, бұдан былай осы жарлық алғаннан кейін қамал маңында және Жайық өзенінің арғ бетіне көшіп-қонуға тыйым салынады. Егер ол бұзылатын болса, онда қатаң жаза қолданылады». 58 1739-1741 жж. жоңғар-қазақ соғысы. Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым- қатынастары. Абылай сұлтанның дипломатиялық шеберлігі.. Қытай мен Қазақстан арасындағы елшілі қарым-қатынастар.
1739-1741 жылдары болған қазақ жоңғар соғыстарын Абылай хан бастаған еді. Абылайдың жауынгерлері осы жылдар ішінде жоңғарларға бірнеше мәрте соққы берді. Географиялық жағынан екі ірі мемлекеттің қыспағында болған Қазақ хандығының билеушісі Абылайдың басты мақсаты - мемлекет дербестігін қалай да сақтап қалу еді

3.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаевтың халыктың әл- ауқатын арттыруға арналған бастамалары



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаевтың «Жана Казакстан: жаңару мен жангыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған геосаяси жағдайдың күрт шиеленісуімен байланысты казіргі заманғы тарихта бұрын-соңды болмаған каржылык-экономикалык киындықтармен байланысты жағдаймен тұспа-тұс келіп отыр. Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасы ұсынылды жэне бұл кұжат ең алдымен қоғамның кажеттілігіне, сұранысына негізделгені айтылды.
Президент Казакстан азаматтык когамы калыптаскан мемлекетке айналатынын алга тартты. «Жанадан кұрылатын облыстардын Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуынын өзінін ерекше мәні бар. Біз ұлан-ғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жангырта береміз», деп атап өтті. Қазақ халкының әрбір азаматынын көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналган жана жолдау ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын корсетін бергендей. Жана Казакстанның негізі саяси және экономикалык реформалардын үйлесіміне негізделуі керек екені баса айтылды. Ел Президенті «Жана Казакстан: жацару мен жангыру жолы» жолдауында тәуелсіздікті сактау керек екенін атап өтті. Осы күндерде жұртымыз тәуелсіздіктін кадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрактылык, тыныштық пен бейбітшілік каншалыкты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді корган калда алдык. Президент өзінін әрбір жолдауында халыкты камын ойлап салмакты ой тастап, далелді тұжырым жасай отырып, нақты багыт ұсынып келеді. Президентіміз мол сеніммен: «Еліміздің азаматтары ертен емес, бүгін бакытты болганын калаймын. Сондықтан маган елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан артык ештене жон) - деді. Мемлекет басшысы айткандай, ел-жұрт болып жана Қазақстанды кұру жолында аянбай енбек стейік. Сондыктан білімі терен, ойы озык ұрпақты тәрбиелейтін оқытушылар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Мына біз Қазақстанның жаркын болашағымыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет