№1 семинар



Дата04.03.2024
өлшемі28,33 Kb.
#200214
Байланысты:
№1 семинар
1.Есептер, ЛК Соц-пол ТФП 2к каз, Кеңесбай Бекзат тезис, 4 Балбөбек ашық сабақ Ұлпа қар

№1 семинар




Дәрістің тақырыбы: Аударма ісі мамандығының ерекшелігі


Дәрістің мазмұны:


Аудармашы мамандығының қалыптасуы мен өркендеу тарихы. Қазіргі қоғамда аудармашылық қызметтің қолданылу шеңбері күн сайын кеңейіп, үлкен әлеуметтік сұранысқа ие болып отыр. Көптеген мемлекеттерде арнайы оқу орындары ашылып, кәсіби аудармашы мамандарды даярлай бастады. Бұған дейін аударма жұмысымен басқа да мамандық иелері айналыса бастаған. Аудармашылық жұмыс қоғамдық ортаның көпшілігін қызықтырды. Осының нәтижесінде көптеген зерттеулер жүргізілді де, жаңа ғылыми пән пайда болды.Ол – қазіргі заман талабына сай аудармашылық мамандық. Аударма – бұл өте күрделі және көп салалы адами іс-әрекеттің бір түрі. Күнделікті ауызекі тілде аударма ісі туралы «бір тілден екінші тілге аудару делінеді», бірақ шындығында аударма ісімен айналысқанда тек бір тілді екінші тілге аудару ғана көзделмейді. Аударма ісінде әр түрлі деңгейдегі мәдени ағымдармен, әр түрлі дәрежедегі ой толғау, әр түрлі әдебиеттер, әр түрлі дәуір тынысы, әр түрлі салт-дәстүр, ұстанымдармен танысып жұмыс істеуге мәжбүр боласың. Аудармашылықпен мәдениеттанушылар, этнографтар, психологтар, тарихшылар, әдебиеттанушылар айналысады. Аудармашылық қызметтің әр жақтылығы басқа да ғылыми жұмыстырдың қайнар көзі болуы әбден мүмкін. Сондықтан да аударма ісі туралы ғылымында

  • аудармашылықта әртүрлі мәдени когнитифті, психологиялық, әдеби және де басқа аспектілер бөлініп шығуы мүмкін. Адамдар тек бір тілде ғана емес, бірнеше тілде сөйлей алатындықтан, аударма міндетті түрде керек. Сондықтан тілшілер тілдің ситуациялық жағдайларын тек бір мемлекеттің көлемінде ғана оқып үйреніп жатқан жоқ, бір мәселені әлемдік жағдайға қарастырып жатыр. Енді көптілділік болғандықтан аударманың болу керектігі анықталды. Аударма тілдік кедергілерді жоятын күрделі құрылымға айналды. Тіл білімі мен аудармашылықтың алдында бұл тілдік барьерлер қалай пайда болды және оны жоятын қандай күш ойлап табуға болады деген сұрақтар тұрды. Аудармадағы қиындықтар түпнұсқада аталған кейбір құбылыстарға байланысты немесе қабылданып, аударылып отырған мәдениеттің аударма рецепторларына белгісіз жақтарына байланысты туындауы мүмкін. Әр тіл – өзінше жеке мәдениет. Аудармашының тіларалық делдал, жеткізуші ретіндегі ұстанатын негізгі делдалдық бағыттары: коммуникативтік, мәдениаралық, аудармашылық, ұйымдастырушылық. Жақсы кәсіби аудармашы жиі көлеңкеде қалып қояды. Бұл мамандықтың өзіне тән қағидасы. «Байқалмау, өзімен-өзі бейтарап болу» жақсы аудармашының ажырамас құндылығы. Жақсы аударма оқушылар мен тыңдармандарға аударма сияқты қабылданбайды, ол өз ана тілінде жасырылған мәтін сияқты қабылданады. Дарынды аудармашылардың арқасында – Хемингуэй, Демарка, Грэм Грин шығармалары ана тілінде сөйлейді, біз оларды 6 оқимыз және де жатқа айтамыз. Бірақ аздаған оқыған, аса білімді адамдардың біразы ғана мынадай аса дарынды аудармашылардың есімін біледі, мысалы Райт-Ковалева немесе Кашкина. Олардың орыс мәдениетіне сіңірген еңбектері ұшан- теңіз. Сонымен, жақсы аудармашы көрінбейді, білінбейді. Кәдімгі, орта деңгейдегі аудармашы – бұл кәсіби маман емес, бұдан да төмен аудармашыдар бар екендігін айтпауға

болмайды. Ана тілінде дұрыс сөйлеу ана сүтімен берілмейді, оған қазіргі заманға сай мектептер мен институттарда үйретпейді. Сондықтан ана тілі мен риторика аудармашыларды дайындайтын арнайы бағдарламада шетел тілі сияқты аса маңызды орын алуға тиісті. Дұрыс аударма жасау үшін сол аударылатын құбылыс туралы мәлімет маңызды екендігін ұмытпау керек. Бұл біліктілік аса терең болмаса да өте қажетті. Сондықтан жан-жақты дамыған білікті, кең ауқымды білімпаз – осы қасиеттерсіз жақсы аудармашыны елестетуге болмайды. Сондықтан студенттің шетел тілін жақсы меңгеру дағдысын дамыту үшін не істеу керек деген заңды сұрақ туындайды. Бұған бір ғана жауап бар – ол студентті өз тілін меңгеріп жатқан мемлекетке саяхатқа жіберу керек, ол үшін судентке жылы қонақжай жағдай туғызу міндетті емес. Ол нағыз тілдік ортаға түсуге тиісті, яғни кәсіби емес жұмыс істейтін орындарға түсіп, қара жұмыс, алып кел-шауып кел, санитарлық жұмыстар атқаруы керек. Ондай жұмыстар бүкіл әлемде атқарылады. Тағы бір ұтымды тәсіл бар – ол мүмкіндігінше көп мөлшерде өзі оқитын тілде түсірілген кинофильмдерді көбірек көру. Қорыта келгенде, нашар оқытудың салдарынан нашар көңіл толмайтын аудармашылар пайда болады, ал жақсы аудармашыға сұраныс аз, бірақ басты себеп осында ғана ма? Жоқ, басты себеп аударма адамның интеллектуалдық іс-әрекетінің өте күрделі түрі екендігінде жатыр. Тағы бір жалпы қорытынды: аударма интеллектуалды іс-әрекетінің жанды көрінісіндей өте күрделі, оның күрделілігі мынадай жағдайларға тіреледі: - экстремальді, стресс алатын жағдаяттардың болуынан қашу мүмкіндігінің жоқтығы; - аударма ісінің теория мен әдістемесінің жетіспеулігінің салдарынан сенімді бірлігінің жоқтығы; - жинақталған аудармашылық тәжірибенің және есепке алу механизмінің жоқтығы. Аудармашы мамандығының күрделілігі

  • оның таза интеллектуалды болуында. Көрермендер залында – өзінің шеберлігін көрсететін әртіс сияқты, аудармашы да өзінің біліктілігі мен шеберлігіне ғана кәміл сенеді. Өзінің қажеттіліктерін ол басқа ұжым мүшелеріне итере сала алмайды. Басқа мамандық иелері мұндай әдісті «бригадалық тәсілмен» өте жақсы орындайды. Қысқасы, аудармашы – өте күрделі, шаршайтын адамды күйзеліске ұшырататын мамандық. Сонымен қатар аудармашы мамандығы жақсы да, өте қызықты мамандық екенін жасыруға тағы да болмайды. Басқа ешқандай мамандық сенің алдыңа минут сайын күрделі шешілмейтін мәселелерді қоя алмайды. Басқа ешбір мамандық сенің ол мәселелерді жақсы болсын, жаман 7 болсын шешуіңді міндеттемейді. Басқа ешбір мамандық сенің әртүрлі деңгейдегі адамдарды әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ерекше бақылауға алуға мүмкіндік жасамайды. Басқа ешбір мамандық сенің бөтен мемлекеттерді аралап, басқа салт-дәстүрлермен танысуынды қамтамасыз етпейді. Бірақ аудармашы мамандығы адамның тәніне де өте салмақты ауырлық түсіретін мамандық. Сен тек өмірлік интеллектуалдық жағдаяттарды ғана шешіп қоймайсың, сен үнемі жүйкеңді тоздырып, қажып, шаршап жүресің. Салыстырайықшы, аударма ісінің қиындығы соншалық төрт сағаттық аударма ісімен айналысу, тура сол көлемдегі төрт сағат бойы он адаммен жалғыз өзін бетпе-бет пікірталас, сөз жарысқа түскеннен де қиынырақ екен. Аударма өте қиын іс-әрекет екендігі сөзсіз. Алайда, бұл істі жеңілдетудің өзіндік жолдары да бар. Ол үшін аударма ісі үшін керекті әдіс-тәсілдерді меңгерсек болғаны. Сол әдіс-тәсілдерді қолдану аударма ісінің алдына қоятын мақсаттарын орындап, көздеген нәтижеге жетуге нақты мүмкіндіктер туғызады. Әлемнің ең озық та тәжірибелі деген аудармашылары сол керекті әдістәсілдерге сүйенеді де аударма ісі барысында соларды қолданады.

Аударманың адам қызметінің ең көне түрі екені даусыз. Әуел бастан аударма тілі басқа адамдардың бір-бірімен араласуына мүмкіндік тудырып, аса маңызды әлеуметтік қызмет атқарды. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдениетімен танысуына кең жол ашып, әдебиеттер мен мәдениеттердің араласып, баюына жағдай жасады. Шетел тілін білу кітаптың түпнұсқасын сол тілде оқуына негіз болады, алайда ең болмады бір шетел тілін үйрену әркімнің қолынан келмейді, ал бір адамның кітаптарды әдеби тілдердің баршасында, тіпті көпшілігінде оқуы мүмкін емес. Рудаки мен Омар Хаямның, Шекспир мен Гетенің, Толстой мен Достаевскийдің, Абай мен Шәкәрімнің ғажайып шығармалары аударманың арқасында ғана адамзаттың игілігіне айналды.
Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы.
Лингвистикада және аударматануда аударма бір тілдегі ойды басқа тілге жеткізіп аудару ретінде анықталады (Л. С. Бархударов, В. Н. Комиссаров, Я. И. Рецкер, А. В. Федорова және т.б.).
В. Н. Комиссаровтың пікірінше, аударманы – тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі, үш сөйлеу актісінің бірлігі ретінде қарастыруға болады:

  1. шет тілі арқылы түпнұсқаны тудыратын сөйлеу актісі;




  1. аудару тілі арқылы аударма мәтінді тудыратын сөйлеу актісі;




  1. бірінші және екінші актілерде іске асқан сөйлеу актісі арқылы сөйлеу шығармалардың біріктіру актісі (коммуникативті теңеу).

П.И. Копаневтің анықтамасы бойынша аударманың мақсаты заттық-логикалық мәліметтерді хабарлау, қандай да болса істерге, белгілі бір сезімдерге түрткі болу. Осыдан келіп ол аударманың қызметіне төмендегідей анықтама береді: аударма қызметі – бұл тіларалық, мәдени-эстетикалық бөгеттерді бұзу.
Лингвист З. Е. Роганова зерттеулеріне сәйкес, аударма – бұл барабарлы нұсқаның барабарлы басқа тіл арқылы мазмұнын және формасын қарастырып, жаңадан құру. Екі тіл жүйесінің компоненттерін салыстыру негізінде, аудару кезінде керекті тіл бірліктерін таңдап алу. Қарастырылатын тілдерде, олардың ұлттық ерекшеліктеріне байланысты бір ой әр түрлі тәсілдермен жеткізілуі мүмкін. Аударманы, ұлттық мәдени әдістердің маңыздысы және мәдени аралық қарым-қатынастың әсерлі тәсілдерінің бірі ретінде қарастыруға болады. Мәдениетаралық қарым-қатынас әр түрлі мәдениеттердің вербалды және вербалды емес, өзінің және басқа мәдениеттің және тілдің иеленушісімен қатынастағы ерекше үрдіс ретінде анықталады.
В. Г. Зусманның, З. Е. Рогановтың пікірлеріне сәйкес аудармашының мақсаты тілдердің ерекшеліктеріне, қызмет заңдылықтарына, мәдениетіне байланысты лингвоэтникалық бөгеттерді бұзу. Басқа сөзбен айтқанда, аудару үдерісі кезінде аудармашы әр түрлі тілдерде сөйлейтін, әр түрлі лингвоэтникалық қоғамға жататын адамдардың қарым-
қатынасы әсерлі болу үшін лингвоэтникалық бөгеттерді бұзады. Сонымен, аударма – бұл лингвоэтникалық ретрансляция.
В. С. Виноградов, Г. И. Исина, М. Т. Сабитова, А. В. Федоров екі аспектіде қарастырылатын «аударма» терминіне өз назарларын аударады: біріншіден, бұл аудару жұмысының әр түрлі кезеңдерімен байланысты үдеріс және екіншіден, бұл аудармашының шығармашылық жұмысының нәтижесі – мәтін.
Аударманың теоретигі және практигі Л. К. Латышевтың, сол сияқты В. С. Виноградовтың және А. В. Федоровтың пікірлерінше аударманың заты аудармалы мәтін болып табылады. Аудармалы мәтін үдеріс кезінде екі тілді қарым-қатынас кезінде түпнұсқа мәтінді алмастырады. Сонда аудармашы әр түрлі тілдерде сөйлейтін коммуниканттар арасында лингвоэтникалық бөгеттерді бұзып, оларға бір тіл коммуникациясында қатынасуға мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтқанда, қажеттілік – аудармашының ісін айқындап, аударылған мәтін ретінде қанағаттандырылады.
Л. К. Латышевтың пікірінше аударма үш негізгі талапқа сай болу керек:



  1. аударылған мәтін коммуникативті-функционалды жағынан берілген мәтінге барабар (эквивалентті) болу керек;

  2. семантикалық құрылымы жағынан берілген мәтінге максималды түрде сәйкес болу керек (бірінші талапқа қарама-қарсы болмау керек);

  3. берілген мәтінге сәйкес емес «орын толтыратын лексикамен» қамтымау және мүмкіндігінше аударма шектеулерінен аспау керек.

Егерде осы аталған талаптардың бірін назарға алмай аударма жасайтын болсақ, бұл аударма аудармадағы кемістік немесе аударма, тіларалық қатынастың басқа бір түріне айналуы мүмкін.
Л. К. Латышевтің пікірінше аударылатын мәтін коммуникация, қатынас құралы болып табылады. Біздің ойымызша осы пікір дәлдікті, түсінікті талап етеді. Мәтін – бұл ауызша немесе жазбаша түрде болатын вербалды белгілердің (сөздердің) жүйелілігі. Яғни, ауызша, жазбаша мәтіндер адамның коммуникативтік үдерісінің нәтижесі.
Коммуникацияның екі түрі болады: бірінші, бастапқы (кәдімгі), және екінші, соңғы (әдеби). Біріншісі, сөйлеп және тыңдап жатқан адамдардың арасында туған коммуникативті жағдай. Екіншісі, толық емес коммуникативті жағдай болып саналады. Ол әңгімелейтін адам (әңгіме авторының өкілі) мен оқырман арасындағы коммуникация. Коммуникация толық болу үшін, келесі жағдайларға назар аудару қажет:

  1. сөйлеуші және адресат болу керек;




  1. уақыт бірлігі;




  1. орын бірлігі;

  2. коммуниканттар және олардың қатынастары арасындағы бірлік.

Әдеби коммуникация кезінде осы жағдайлар сақталмайды. Өйткені қатынастың түрі өзгереді. Мысалы: коммуникативті байланыс автор мен оқырман арасында болады, ал қатынас серіктесі (партнері) мәтін болып табылады.


Аталмыш оқу құралында түпнұсқа мәтіннің лексикасын аудармамен салыстыра отырып, «Нибелунгтер туралы хикая» эпосындағы реалия сөздердің аудару тәсілдерін, олардың түпнұсқадағы ұлттық мәдени ерекшеліктерін аудармалы тілге қалай жеткізілгені қарастырылды.
Жоғарыда айтылғандай, жазба мәтінді аудару кезінде, біздің жағдайымызда бұл
«Нибелунгтер туралы хикая» эпосы, түпнұсқа немесе берілген мәтін аударма мәтінмен ауыстырылды.
А. В. Федоровтың ойынша, осындай алмастыру кезінде, аудармашы негізгі екі жағдайды есте сақтауы керек:

  1. жазба аударманың мақсаты – шетел тілін білмейтін оқырманды берілген мәтінмен жақынырақ таныстыру;

  2. осы жағдайда аудару – ертерек бір тіл құралдары арқылы берілген мәтінді басқа бір тіл амалдары арқылы екінші бір тілге дәл және толық жеткізіп, аудару.

А. В. Федоровтың пікірінше, аударманың қайта жасаудан, мазмұндамадан және сол сияқты әр түрлі «бейімделулерден» (адаптациялардан) айырмашылығы дәлдікте және толықтықта.
Көптеген аудармашылардың пікірлерінше (Л. С. Бархударов, Я. И. Рецкер, А. В. Федоров, А. Д. Швейцер) жазбаша аударма тек қана екі тілді, түпнұсқа мен аударманы байланыстырмай, сонымен қатар әр түрлі мәдениеттерді, ұлттарды, тарихи дамудың әр түрлі дәуірлерін, өткен және бүгінгі күндерді байланыстырады.
Шығарманың аудармасы өз бетімен жасала қалмайды. Онда әрқашанда түпнұсқа басқа әдет-ғұрыптардан, салт-дәстүрлерден, антропонимдерден, географиялық антропонимдерден және т.с.с. тұрады. Сондықтан аударма әрқашанда әмбинұсқалы. Өйткені аударма бір уақытта екі мәдениетке жатады: идеяны шығарған мәдениетке және оны қабылдаған мәдениетке, бір тілде мәтінді құрастырған авторға және оны басқа тілге аударған аудармашыға жатады.
А. Д. Швейцер шетелдердің аударма теоретиктері мен практиктерінің аударма жөніндегі зерттеулерін жүйелеп, төмендегідей мәліметтерді ұсынады.
У. Уинтердің пікірінше, аудару – бұл қоршаған орта сегментінің интерпритация тұжырымдамасын, мүмкіндігінше басқа барабарлық тұжырымдамамен ауыстыру. Дж. Кэтфорд аударманы тіл операциясы ретінде анықтайды. Сонда аударма кезінде бір тілдегі
мәтін басқа мәтінмен, берілген мәтін материалы басқа тілдегі барабар материалмен ауыстырылады. Ю. Найданың және Ч. Табердің пікірлерінше, аударма – бұл рецептордың тілінде жаңадан құралған мәтін, берілген мәліметке өте жақын баламаның берілуі. В. Вильстің ойынша, аударма – бұл мәтіннің өңдеу және сөзге айналған үдерісі. Берілген мәтіннің барабар мәтінге ауыстырылуы. Сонда аудару тілінде мәтін мағыналы және стилистикалық жағынан түпнұсқаның мәні түсінілген мәтін. Ішкі жағынан аударма бөлінген, екі негізгі фазаны қамтитын үдеріс: біріншісі, ойлау фазасы, осы фаза кезінде аудармашы берілген мәтінді талдап, мән және стилистикалық интенциясына көңіл аударады, ал екіншісі, тілді қайта құру фазасы, осы фаза кезінде аудармашы коммуникативтік талаптарға көңіл аудара отырып, мағыналық және стилистикалық талдаудан өткен түпнұсқаны құрастырады. Г. Вермеер және К. Райс мәтін – бұл «жіберушіден алушыға жіберілетін мәлімет сөйлемі» - дейді де, аударманы «мәлімет сөйлеміне ұқсататын сөйлем» ретінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет