Әдістеме.
Мақаланы жазу барысында жазушы шығармалары туралы айтылған сын-
пікірлер жинақталып, ғалымдардың пікірлері негізге алынды. Кейіпкер бейнесінің
сомдалуына қатысты жинақтау, жүйелеу, салыстыру, талдау жұмыстары жасалды.
Академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолын тыңғылықты зерттеген қаламгер қаламынан
«Сәтбаев», «Қазақтың Қанышы», «Қаныш Сәтбаев», «Қаныш елі» (орысшасы «Родина
Сатпаева»), «Планета Сатпаева», «Дара дарын», «Фенемон», «Құлыпталған ғұмырнама»,
«Через тернии к Сатпаеву» деген ірілі-ұсақты біршама шығармалар туды. Орыс тіліндегі
«Планета Сатпаева», «Через тернии к Сатпаеву» кітаптары Қазақтың Қанышын
әлемнің 112 еліне танытты. Тұлғатануға сіңірген жазушының осы еңбектері жөнінде
әдебиеттанушы-ғалым А.Еспенбетов: «Сәтбаев ғұмыры М.Сәрсекенің шығармашылық
өмірбаянының алтын діңгегіне айналды», – деген болатын [1].
1989 жылы «Уақыт төрелігі» драмасы телеспектакль түрінде Қазақ телестудиясынан
Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 90 жылдық мерейтойы қарсаңында экраннан көрсетілді
(қоюшы режиссер Елжас Қасиманов). Сонымен бірге, ол – Мәскеу телестудиясының
«Культура» арнасының тапсырысымен жазылған «Феномен Сатпаева» телефильмінің
авторы (қоюшы режиссер – Болат Шәріп, фильмді жасаушы – Алматыдағы «ALD CAPITAL
GROP» компаниясы).
Жазушы шығармалары жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті
Н
.Ә.
Назарбаев: «... Жақсы шығарма – жан серігің. Сәтті сомдалған кейіпкерімен
қоса қуантады, ойландырады, мұңайтады. Жаңа шығармаларды әр кез оқуға уақыт
табамын. «ЖЗЛ» сериясымен шыққан Медеу Сәрсекенің Қаныш Сәтбаев пен Ебіней
Бөкетов жайлы терең зерттеуден туған кітабын сүйсіне оқыдым. Соңғы екі шығарма
кәнігі металлург ретінде маған жаныма ерекше жақын», - деген болатын [2
].
Осы
пікірлерден-ақ жазушының Қаныш Имантайұлының көркем бейнесін жасауға көп еңбек
сіңіргенін аңғаруға болады.
Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы» роман-эссесі туралы
44
Нәтижелер. Қаныш Имантайұлының толық ғұмыр жолын баяндаған «Қазақтың
Қанышы» роман-эссесі үш бөлімнен тұрады. Қ.Сәтбаевтың өмір сүрген дәуірі – үлкен-
үлкен тарихи оқиғаларға толы қилы кезең. Романның «Баянаула аясында» атты алғашқы
бөліміне оның дүниеге келгенінен бастап, кен инженері атанғанына дейінгі өмір жолы
арқау болған. Өзінің білімге құштарлығының, алғырлығының арқасында Сібірдегі
технология институтынан білім алды. Ашқұрсақ студент шағында Геолкомның Сібір
бөлімшесінде екі рет баяндама жасап, ғалымдардың назарына ілігуі, М.Н. Русаковтың
барлау партиясына қосылуы, қазақ жеріндегі жер, су, тау аттарына ерекше мән беруі –
болашақ ғалымның тәжірибе жұмыстарының бастау көзі ретінде суреттелген.
Достарыңызбен бөлісу: |