2005 жылдың желтоқсанынан жарық көре бастады



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата14.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#100732
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
annotation143288

Талқылау.

  Сібір өлкесіндегі  Том өзенінің жағасында ірге тепкен Томск қаласын 

ХІХ ғасырда-ақ «Сібірдегі шамшырақ» атағаны тарихтан белгілі. Оны тіпті ескі грек 

жұртының атақты ғылым ордасына теңеп, «Сібірдің Афинасы» деп те құрмет тұтқан. 

Қаныш Имантайұлының Том қаласындағы Технология институтында оқыған жылдары 

«Сібір шамшырағы» деп аталатын бірінші бөлімнің мазмұнын құрайды. Болашақ 

ғалымның Технология институтының Тау-кен факультетіне оқуға түскенін жазушы 

роман-эсседе былай бейнелейді: 

«Үстінде қазақы күпі, елтірі  тымағын қолтығына  қысқан, кең қоныш саптама 

етігімен жалтыр паркетті тосырқағандай  жасқана басып (емтихан тапсырушының 

оқшау киімінің өзі-ақ «Мынау  жабайы далалыққа мұнда не бар?» дегізгендей күпір 

ой туғызған), имене кірген ашаң өңді, жүдеу жігітке математика профессоры одырая 

бір қарап, өз ойынан алгебралық теңдеу құрай бастады, екі белгісізді қарапайым есеп. 

Қаныш қиналған жоқ, оп-оңай қағып тастады.

Профессор «Әй, мынау, түйеден түскендей түземдік киргиз қайтеді, ей?» дегендей 

сынақ тапсырушының күнге күйген қоңырқай жүзіне  тағы бір мәрте одырая қарап, 

алғашқыдан едәуір күрделі бірнеше есеп жазып, алдына қойды. Күпілі далалық бұларды 

да шығарды. Тек соңғы теңдеудің қитұрқы бүкпесі бар екен, оны шешуге едәуір уақыт 

ойлануға тура келді. Бір мезетте оның да кілтипанын тапты.

– Мына есептің бастапқы шарты қате, Василий Иванович, – деген-ді ол Шумиловқа 

батылсыздау үнмен. – Теңдеу емес, теңсіздік шығады, міне, қараңыз. Сірә, мына жерде қосу емес, 

алу белгісі тұруға тиіс...

– Оны қайдан білдің?

– Теңелу шарттарын тексеру арқылы...

– Бәрекелді, далалық! Өзің тіпті киргиз даласында қой бағумен бірге есеп те шығарып 

жүргеннен саумысың? Бірталай жан осы теңдеуден  шатылып еді, ал сен... сүрінбей өттің. 

Жарайсың, жайсаң киргиз,  жайыңды  білдім. Оқисың біздің храмда, оқисың! – Әлгінде ғана 

құрыстанып отырған профессор жадырап, аяқастынан масаттанып қалды.

Сонымен, Қаныш – технология институты кен факультетінің студенті.Көптен бергі 

арманы жүзеге асып, білімнің биік ордасына қолы жеткен бақытты жан!..» [3].

«Бүгінгі күннің төрінен қарағанда, мен үшін шүбәсіз шындық: Қазақстан 

ғылымының жолы әуелден-ақ құтты болды; өйткені оның негізін бекемдеумен Сәтбаев 

айналысты...», - деген ҚР ҰҒА-ның академигі Шапық Шөкиннің пікіріне сүйенетін болсақ, 

жазушы романның «Ұлытау жотасында» атты екінші бөлімінде Қаныш Имантайұлының 

Жезқазған кенішінің ашылуы, оның толықтай іске қосылуы жолындағы нақты іс-

әрекеттеріне тоқталған. Ғалымның Жезқазған кенінің гидротермальдық тегіне 

қалтқысыз сенуі, мыс ерітінділері құйылған жарықшақ сызаттарды қолмен ұстағандай 

тап басуы, әрдайым құнарлы кеннің үстінен шығуы – геологиядағы көрегендігі 

ретінде суреттелген. Жаңа кен орнын табуда, оны ашуда түрлі кедергілерге жолығып, 



Керуен ғылыми журналы

45

қиындықтарға тап болуы, оларды адал, тынымсыз еңбегімен жеңе жүріп, өз дегеніне 



жетуін Т.А.Кошкинаға жазған хаттары растайды. Қазақстанды жаппай жайлаған 1932 

жылғы ашаршылық, әке-шешесінен айырылуы, 1937 жылғы зобалаңды автор былай 

суреттеген: « ...Атышулы 37-жылдың зобалаңы Сәтбай әулетіне ерекше қатты тиген. 

Үш бірдей бас көтерер азаматынан айырылып, соларға қарап отырған топты бала-шаға 

мен күллі ағайын есінен танғандай болып жер сабап қалған-ды...

Ең алдымен, әрине, есімі қазақ қауымына әйгілі, Алаш қозғалысының  белсенді 

қайраткерлері санатында болғаны үшін Әбікей Зейінұлы ұсталған: кең-байтақ қазақ 

жері пана болмай, әуелі Омбыға, одан да ығысып, 30-жылдары Қырғызстанның астана 

сындағы мұғалімдер  институтында орыс тілі нен дәріс оқуға ауысқаны  білімдар 

ағартушыға септігін тигізбеді; жаза лаушылар құрығы оны сол жерден шалды.

Екінші кезекте Әбдікерім Жәмінұлы тұтқындалды. Әбекеңдей саяси күреске 

қатыспаған, ән-әуен өнерін әуей көріп, Ақмоланың мәдениет үйінде үйірме жетекшісі 

болып жұмыс істеп, бала-шағасын асырап жүрген бейкүнә жан еді. Амал қанша, оны 

көрсетушілер Сәтбай қажының негізгі дәулетін  иеленген Жәмін байдың тұқымы 

екендігін әрі Ақмоланың қалталы  жуаны (С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» 

ғұмырнама кітабында даралап атайтын) Мәтжанның сұлу қызы Үминаға үйленгендігін 

мұрындық  етіп, баяғыда ақ әскеріне еркінен тыс жол көрсеткен «күнәсін»  қайыра 

қозғаған...

Бертінде мәлім болған деректерге қарағанда, ағайынды үш Сәтбаев  та қамауға 

алынған 1937 жылы нақақ қаралаумен жер жастанған. Әбікей Зейінұлы сол қарсаңда 

56 жаста, Ғазиз Имантайұлы – 43, ал Әбдікәрім (Кәрім) Жәмінұлы – небәрі 40 жасқа 

енді ғана ілінген; демек, үшеуінің нағыз дер шағы...» [4].

Қаныш Сәтбаевтың осы дүрбелеңнен аман қалуының баста себебі – оның есімі 

күллі одаққа мәлім болуымен байланысты еді. Өндіріс басындағы белгілі тұлғаларды 

тұтқындау үшін республиканың бірінші басшысының, иә наркомының рұқсатын алу 

қажеттігі Қаныш Имантайұлын жергілікті жазалаушы органнан құтқарып қалды. Бірақ 

сол кезде оның ізін кесушілердің көп болғаны да жасырын емес. Осы роман жөнінде 

халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов: «Ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтаудың 

тамаша үлгісі осындай-ақ болар...» десе, әдебиеттанушы-ғалыс С.Негимов: «Әдеби 

қауым М. Сәрсекенің Сәтбаев туралы ғұмырнама туындыларымен алғаш танысқанда-

ақ оны деректі жанрдың шебері деп таныған-ды», – деген болатын [3].

Романда КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы филиалының ашылуы, оған 

директор болып тағайындалуы жолындағы түрлі қақтығыстар мен ашық айқастар 

тұсында шыныққан күрескердің бейнесі замандастарының, әріптестерінің естелік-

эсселерімен толыққан. Оны Ресей ҒА-ның академигі Дмитрий Рундквистің мына сөзі 

растайды: «Қ.И.Сәтбаевтың  кен орындарының орналасу заңдылықтарын түбегейлі 

зерттеуі сол күнде кен іздеушілерді қарадүрсін барлаудан тыйылып, ғылыми болжаммен 

жасауға үйретті. Академик Сәтбаевтың жұрттан асқан көрегендігі де осында...».

Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылдан өмірінің соңына дейінгі кезең «Алатау 

баурайында» деп аталатын үшінші бөлімде қамтылған. Соғыстың алғашқы 

жылдарындағы «Жезді дауы», Қаныш Имантайұлының үмітін ақтау жолындағы 

кеншілердің жанкешті ерлігі нанымды бейнеленген. 

Жазушы Иосиф Николаевич Богданчиков пен Қаныш Имантайұлының диалогымен 

Қазақтың Қанышының көрегендігін көрсеткен: «– Жездінің марганецін мен 1928 жылы 

көргенмін, – деді Сәтбаев. Жолаушылар үйінің ескі еденін сықырлатып ерсілі-қарсылы 

жүре  бастады. – Қарсақбай зауыты үшін флюстік шикізат іздеп жүргенде  кездестім. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет