2005 жылы 13 мамыр күні Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы наразылық басып-жаншылды


Мамырдың 13-і түскі сағат 12-ге дейін



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#95081
1   2   3   4
Байланысты:
Өзбекстан Бакыткызы.А

Мамырдың 13-і түскі сағат 12-ге дейін
9
34
тоғыз адам қаза тауып
34-і жараланады
Өртке оранған ғимарат. 13 мамыр 2005 жыл.
 
Түстен кейін Өзбекстан әскері мен ішкі істер министрлігінің сарбаздары Әндіжан қаласына бірнеше жағынан кірген.
Бұл сәтте көшеде ондаған мың адам «революция болды» деп ойлап, сайран салып жүрген еді.
Кейбір деректерге қарағанда, сол кезде Әндіжанның орталығындағы Бабыр алаңында 30 мың адам топталып тұрған.
30 000
Әндіжан көшесінде жүрген наразылар.
Өзбек әскері ғимараттардың шатырларына орналасып алған соң қалаға ауыр техникалы әскер кіреді. Сол арада атыс басталып, көшеде жүрген адамның бәрі нысанаға ілігеді.
Төбеде тұрған солдаттар Бабыр алаңындағы халыққа оқ жаудырады.
Наразыларға оқ атып жатқан қарулы жасақ. 13 мамыр 2020 жыл.
 
 
Көшеде жүргендердің көбі қолында қаруы жоқ бала-шаға мен қарттар болатын. Бірақ солдаттар бейбіт адам мен қарулы кісіні ажыратпастан, қозғалған жанның бәрін ата бастайды.
Куәгерлердің айтуынша, қашып бара жатқан бейбіт тұрғындардың көбі арқасынан оқ тиіп жантәсілім еткен. Бұл – нағыз қырғын еді. Ымырт жабыла билік Әндіжанда толық «тәртіп» орнағанын хабарлады.
Әндіжан көшесінде ілініп тұрған сол кездегі Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің (1938-2016) билборды.
Қырғызстан шекарасы маңында аздап наразылық белгілері байқалды, бірақ 48 сағаттың ішінде олардың барлығын тып-типыл етіп, басып тастады. Мыңдаған өзбек бас сауғалап көршілес Қырғызстанға қашады.
Әндіжаннан қашып, өзбек-қырғыз шекарасына келген жұрт. 17 мамыр 2020 жыл
48 сағат
187 адам
Өзбекстан билігі қанды оқиғадан 187 адам қаза тапты деп хабарлады.
Олардың үштен бірі – ресми қызметкер мен әскер
және үштен бірі «қарулы жасақ»
ал қалған үштен бірі – бейбіт тұрғын
Қанды оқиғадан кейінгі бірнеше күн ішінде Әндіжанның маңайында қаза болғандардың денелері жерленеді. Кейбіреулердің айтуынша, оққа ұшқандардың санын жасыру үшін бір молаға бірнеше адамның мәйіті көмілген.
Әндіжан оқиғасында қаза тапқан марқұмның жерлеу рәсімі. 15 мамыр 2005 жыл.
Сол кезде Әндіжан оқиғаларына қатысты мәлімдеме жасаған мемлекеттердің барлығы дерлік Өзбекстан үкіметінің елде тәртіп орнатуға қақысы бар екенін мойындағанымен, олардың бұл мақсатқа жетуде тым асыра сілтегенін айтты.
Қортынды
Сол күні Әндіжанда болып, оқиғаны көзімен көргендердің айтуынша, мамырдың 13-і күні жүздеген, тіпті мыңдаған адам опат болған.
Халықаралық ұйымдар жыл сайын ресми Ташкенттен Әндіжан оқиғасын қайта тергеп, құрбандар жайлы нақты дерек ұсынуды талап етіп келеді. Биыл, осы қырғынға 15 жыл толғанда Швецияда орналасқан Адам құқығын қорғау тобы (CRD Eurasia) ресми Ташкентті Әндіжан оқиғасын қайта тергеуге шақырды. Құқық қорғаушылар «бейбіт митингіні басып-жаншыған мемлекеттік я әскери шенеунік жазаланған жоқ. Өзбек билігін заңсыздықты өзгертуге шақырамыз» деп мәлімдеді. И.Каримов Әндіжан оқиғасын тәуелсіз тергеуге рұқсат бермеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет