2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы


«Жеңіл әдебиет» атты оқу-ағарту тақырыбына жазылған кітаптан



бет53/72
Дата05.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#12789
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72
«Жеңіл әдебиет» атты оқу-ағарту тақырыбына жазылған кітаптан


Оқуға үндеу
Біліміңіз қалады,
Қалмайды ойын-күлкіңіз,
Оқытпасақ баланы,
Қор болдаы ұлтымыз.
Надан ел деп табалар,
Оқымаса жұртымыз.
Ойын қусақ, балалар,
Қор болда ұлтымыз.
Жақсы мектеп жоқбізде,
Жоқ болса оны құрмай ма?
Бірде іздеме, көпті ізде,
Пұлды ойлама, мыңды ойла.
Ұмтылайық жарыққа,
Кел, оқиық келіңдер!
Түнектегі халыққа күн боп сәуле төгіңдер!
Кел,оқиық, жетті енді,
Қапас түнге қамалдық.
Бетке шіркеу боп келді,
Атың өшкір надандық.
Ей, қыздарым, оқыңдар,
Жолды жолдар жалғасын!
Көкіректе отың бар –
Ерте сөніп қалмасын!
Түсін енді сөзпарқын,
Оқу – сенің қорғаның
Оқымасаң - өз халқын
Сүймеген жан болғаның.
Мынау надан күйменен,
Аузың асқа тимейді,
Өз ұлтын сүймеген –
Білімді де сүймейді.
Көкірекке тоқы сан,
Өзге елдердің ғұрпын да.
Көп жасайсың оқысаң,
Көп жасайды ұлтың да.
Надандық ол – зор – қайғы
Түсіңбесең не етемін?
Нихон жылап, зарлайды –
Оқы, оқы, оқы, елім!
Кітап
Әбілхаят суындай әл бересің,
Әл бересің, шөлдесем нәр бересің.
Жәннәт – пейіш орнаған саладайсың,
Әкім Лұқпан ақылман данадайсың.
Теңер едім және де бұлаққа әсем,
Қараңғыда жол бастар шырақ та сен.
Патша кезім, шах кезім, дарқан кезім,
Қылыш та өзің, қорғансам қалқан да өзің.
Тар заманда табысқан махаббатсың.
Кең заманда келіскен шапағатсың.
Білім ізде
Кім біледі – адам қайсы, хайуан қайсы – білер ме ек,
Болмаса егер ілім – білім және досым,ұлы еңбек?
Не нәрсені білгің келсе, көргің келсе анықтап,
Сен әуелі оқып алғын парасатпен парықтап.
Бұл әлемнің шаттығы – күн,
Зұлматы – түн қараңғы,
Ал адамның шаттығы –оқу,
Жауы –жахл надан-ды.
Надан болсаң арманыңа жету деген жоқ, күнім,
Білім керек, білім крек, білім керек тек, білім!
Нихон илло, ақиқатты бұл өмірдің салты ұғып,
Білім ізде, білім ізде, білім ізде шарқ ұрап!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет