2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы



бет56/72
Дата05.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#12789
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72
Түркімен әдебиеті.
Т. әдебиеті эпостық шығармалар мен ертегілерге бай. 16 ғ-да бірнеше шығармалардан (12 жыр) құрастырылған «Китаб Дәдәм Қорқуд» («Қорқыт ата кітабы») жарыққа шықты. Түркі халықтарына ортақ бұл әдеби мұрада ертедегі сол халықтардың әдет-ғұрпы мен діни сенімдері (шаманизм мен қоса ислам діні) және Кавказ, Азия елдерінің эпостық дәстүрлері бейнеленген. Оның сюжеттік элементтері «Кероглы» («Көрұғлы», 16 ғ.) эпосында да бой көрсетеді. Хилали Чағатай (16 ғ.), Мырза Бархудар Түркмен (17 ғ.) т.б. ертедегі Т. ақындары шығармаларын парсы тілінде жазды. Ақын Азади (1700-60) шығармаларын шағатай тілінде жазды. 18 ғ-дың 2-жартысынан 20 ғ-дың басына дейін саяси әлеуметтік жаңа жағдайларға байланысты патриотизм сарыны мен азаматтық әуенде жазылған шығармалар пайда болды. Мақтымқұлы (18 ғ.) мен Дурды – Шаһирдің, Мақтымқұлы – Сеиди (1775-1836) мен Зелилидің (1795-1850) жазбаша айтыстары, Мискинклычтың (1847-1906) өлеңдер циклі Т. әдебиетінің жетіліп келе жатқандығын көрсетті. Мақтымқұлы әдебиеттегі жаңа бағыттың негізін қалады. Ол Т. әдебиетінде тұңғыш рет өлеңнің «гошпа» (төрттаған) түрін жазып, аруз өлшемін қолданды. 19 ғ-да түрікмен лирикасының белгілі өкілі Молланепес (1810-62) шығыс сюжеті негізінде «Таһир мен Зуһра» дастанын жазды. Кемине (Мәмедәлі, 1770-1840), Байрам Шаһир (1871-1948), Көрмолла (1872-1934), Молламұрат (1879-1930), Дурды Клыч (1886-1950) әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеп, халықтың мұң-мүддесін жырлады.
Совет дәуіріндегі Т. әдебиетінің алғашқы үлгілері Кермолланың («Большевик», 1918), Дурды Клычтың («Мен айтам», 1923, «Байлар», 1924, «Кедейлер», 1924), Буруновтың («Құттықтаймын», 1925) шығармалары болды. Берді Кербабаевтың «Әдет құрбандығы» (1932), Аман-Дурды Аламышевтың (1904-43) «Сона» (1932) т.б. шығармалары әйелдер теңдігіне арналды. 1925 ж. Якуб Насырлының (1899-1958) «25 жылдан соң» повесі шықты. 20 жылдардың 2-жартысында Б. Кербабаев пен Ағахан Дурдыев (1904-47) жаңа тақырыпта прозалық шығармалар жазды. Т. әдебиетінде тұңғыш рет Ата Қаушутовтың (1903-53) «Қанды орман» (1929), Б. Кербабаевтың «Тирьякеш пен Табиб» (1927) пьесалары жарық көрді. 30 жылдары А. Кекілов (1912-74), Ч. Аширов (1910 ж.т.), Алты Қарлиев (1909 ж.т.), Таушан Эсенова (1915 ж.т.) колхоз құрылысына арналған шығармалар жазды. Проза өркендеп, Хыдыр Дерьяевтің (1905 ж.т.) «Қанды шеңгелден» (1937), Б. Кербабаевтың «Айна мен Артық» (1936) рев. тарихи романдары жарияланды. Қысқа әңгіме жанры қалыптасып, Н. Сарыхановтың (1906-44) новеллалары басылды.
1934 ж. Жазушылар одағы құрылды. Т. әдебиетінің творчеств. әдісі соц. Реализм болды. 1928 жылдан «Совет әдебиеті» журналы шығып, Т. совет әдебиетінің дамып қалыптасуына ықпалын тигізді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ш. Кекіловтің «Иван ағай» (1942), Б. Сейтақовтың (1914 ж.т.) «Қуғындағы қыз», Я. Насырлының «Ерлік» (1942), Б. Кербабаевтың «Құрбан-Дурды» (1943) поэмалары т.б. жарияланды. 50 жылдары Т. әдебиетіне Ата Атажанов (1922 ж.т.), Мамед Сеидов (1925 ж.т.), Аллаберды Хайдов (1929 ж.т.), Шахер Боржақов (1929 ж.т.) т.б. жас әдебиетшілер келді. Гусейн Мұхтаровтың (1914 ж.т.) «Алланың семьясы немесе семьяның намысы» (1951 ж. қойылды), «Күміс портсигар», Қ. Сейтлиевтің «Жақан» пьесаларында жаңа еңбек, интеллигенттер өмірі көрсетілді. Б. Кербабаев «Алып адым» эпопеясының 2-3 кітаптарын (1947), «Ғажайыптан туылғандар» (1965) романын жазды. 60-70 жылдары прозада Бердіназар Құдайназаровтың «Далалықтар» (1970), Клыч Кулиевтің (1915 ж.т.). «Қара керуен» (1971), А. Атажановтың «Кремни» (1971), Б. Сейтақовтың «Ағайындар» (1-3-кіт., 1960-70), Х. Дерьевтың «Тағдыр» (1-4 кіт., 1960-71) романдары, Арап Құрбановтың (1927 ж.т.), Ораз Ақмамедовтың (1930 ж.т.) т.б. повестері мен әңгімелері басылды.
Түркімен әдебиетінен Б. Кербабаевтың «Ақ алтынды аймақтың Айсолтаны» (1952) повесі, «Алып адым» (1-2-кітап, 1962-63) романы, Мақтымқұлының «Таңдамалы өлеңдері» (1947, 1959, 1960), «Түрікмен жырлайды» (1963), «Түрікмен әңгімелері» (1969) атты жинақтар т.б. шығармалар қазақ тілінде жарық көрді. Мақтымқұлы
Мақтымқұлы (шын аты, лақап аты – Фрачи, т.-ө.ж. белгісіз) – 18 ғ-да өмір сүрген, түркіменнің классик ақыны. Азади Дәулетмамбет ақынның баласы. Мақымқұлы ауыл мектебінде, кейін Хиуадағы Шерғазы медресесінде оқыған. Орат Азия, Азербайджан, Иран халықтарының ауыз әдеиеті нұсқаларының жастайынан бастпа, жатқа білген. МүПоэзиясындағы өзекті тақырып – дамагершілік. өлеңдерінде халықты бірігуге, ру ала алауыздағын жоюға Иран шаһы мен Хиуа ханы, Бұхара әмірі сияқты басқыншыларға қарсы күреске, ерлікке үндейді. («Керекті», «Ер», «Болмаса» т.б.) ел ішіндегі бек, қазылар мен молдаларды, жол Қаулық пен тоғымарлықтың сынайды («Түркімен» т.б.) М. Бұхара халық, туған ел туралы толғаулары арқылы озық ойлы философ ақын ретінде де көзге түсті. әдет-салт хақында жаңа гуманистік мәселелер көтерді. («Тау санар», «Қарамас», «Кетіп барады», «Болмаса» т.б.)М.жырлары – халық даналығынан, ауыз әдебиетінен нәр алған жаңа үлгідегі поэзия. Ол араб-парсы поэзиясы үлгісін (арузды) қабылдамай, халық өлеңінің өлшемін падаланды. өлеңдерін халықытық тілмен жазды. М.шығармалары халық арасына кең тараған. 18 ғ-да оның бірсыпыра өлеңдерін Ф.Шопенинг пен А.Ходза (1842), Г.Вомберн (1863). Батыс Европада жарияланды. М.шығармалары қазақ тілінде шықты (таңдамалы өлеңдер 1947; таңдамалы өлеңдер,1959, «Өлеңдер»,1968).
1861 жылы өзінің Қазан қаласындағы досы, тарихшы – этнограф А.И.Артемьевке жолдаған хатныда орыстың атақты жазушысы Салтыков – Щедрин былай деп жазады:
«Осынау талантты.. . Фрачи маған шығыстың Шиллері сияқты болып көрінедіМен осы Александр Сергеевичпен (Пушкин туралы
Қатар қоюдан қорықпаймын. Оның творчествосына ірі баға беру үшін арабшадан жасалған азғантай үзіндіге сүйсіну мүлде жеткіліксіз. Солай бола тұрса да, Мақтықұлы мен үшін аса үздік талант екені күнәнсіз».
Мақтымқұлы шығармаларына чуваш әдебиетшісі, тарихшы Спиридон Михайлов та, татар жазушысы Қапан Насыри де сүйсіну сезімін білдірген. Кейбір мәлеметтерге қарағанда Мақтұмұлы поэмаларынжа Л.Н.Толстой да ықылас аударған.
Қазақ арасына Мақтымқұлы есімі ертеден мәлім дей аламыз.
Туысқан түркімен халқының ұлы ақыны ойшылы, түркімен әдебиетінің классигі Мақтымқұлы ХҮІІІ ғасырда өмір сүріп өткен ақын.Оның өмірбаянын зерттеуші адамдардың айтуына қарағанда, Мақтымқұлының әкесі Дәулетмәмбет. Азади деген кісі өз тұсында атақты ақын, ғалым болғн көрінеді. Солай болғандықтан, Мақтымқұылының өлең-сөзге бола күнінен үйір болып өсуі әдбен мүмкін нәрсе.
Мақтымқұлының ақындыққа неше жасынан бастап араласқанын дәлме-дәл айту қиын. Дегенмен, ол қалдырып кеткен мұра сан жағынан да, сапа жағынан да ауыз толарлықтай. Мақтымқұлы жазған өлең сондай екен. Бұл шығармаларының ішінен өлеңнің әр түрін кездестіруге болады: батырлық жайын айтатын өлеңдер лирикалық философиялық, сатиралық өлеңдер, өмірбаян жайын қозғайтын өлеңдер, публисцистикалық толғаныстар.
Заманның озғын ойлы, данышпан ақыны өзінің поэзиялық шығ-нда туған халқының өмріні кеңінен қамтып, мейлінше толық көрсетеді. Халықтық тұрмыс-күйі, туып өскен жерге махаббаты әділеттікті ақсауы,еркін өмірге құштарлығы қанаушыларынан өзіне лайық орын алады.
Ол заман түркімен халқы үшін қытымыр, қиын заман еді. Ру алалыға күшті, өз мемлекеті жоқ түркімендердің бір бөлігін Бұхар хандығы билесе, енді бір бөлігін Хиуа хандығы билеп төстейтін. Бұлардың үстіне, түркімен халқына Иран шахтары мен байлары да көз алартып, қысым көрсетіп отыратын.
Түркімен халқы осындай сыртқы тепкімен қабат. өз ішіндегі хан, сұдтандардан да көп жапа, шегіп, азап тартқан шақ еді. Бірақ бостандық, әділеттік сүйгіш халық соның бәріне қарсы аянбай алысты.
Мақтымқұлы туған халқының жаңағыдай халге ұшырағанын өз көзімен көрген ақын. Сол ауыр бейнетті өзінің де бейнеті санап, зхалық қайғысына ортақ болған. «Ол өз өміріне қарап халықтың, халық өміріне қарап өзінің өмірін көрген».
Оның поэзиясының халықпен бірге өсіп біте қайнасуы, өзінің таңдаулы шығармаларында еңбекші халық тұрмысының реалистік суреттерін шебер беруі Мақтымқұлын шын мағынасындағы ұлы ақын етеді.
Ол халық қуатына, ел күшіне әбден сенген адам. Мұны оның «Елімен», «Менімен», «Көздер», «Жар керек» сияқты өлеңдерін көріге болады. Бірқатар жырларында ол ер ірегі ел деген пікір айтады:
Биік тауға бұлт төнсе,
Сарқылады сел деген
Ер басына іс келсе,
Ақылдастра елмене!-
Туған жерді, ел – жұртты сүю керек, сол үшін қызмет ету керек, сол үшін қызмет ету керек. Адам өмірінің мағынасы осы. Соңы түсіну керек.
Мақтымқұлының жастарға айтатын ақыны да отаншылдық сарында болып келеді.
Ерлер өлер ел үшін,
Жанын қияр көп үшін.
Ер жігітке ол үшін.
Намыс керек, ар керек.
Адам елмен адам. Елсіз оның күні жоқ деген идеяны ол бісыпыра өлеңдерінде баса айтады.
Мақтымқұлы әділетсіздікке қарсы алысып, поэзиясын хандарға, бектерге қарсы қару етіп жұмсаған ақын. «Қалмады», «Бастады», «Бар шығар», «Келмес пе»сияқты өлеңдері осыны аңғартады. «би мен бегі жегіш, парақор» зұлымдықты шеней отырып, ақыры бір жақсылық келер деген үміт білдіреді.
Дүние сенің бір бұл емес келгенің,
Қып-қызыл қан тістеріңді көрмегін.
Құтшы үңгіген аясын сенің ермегің,
Көңіл сергіп, жвылаған бір күлмес пе?
әлдінің әлсізге, күштінің нашарларға озбырлық жасап, тізе көрсетіп жватқаны көрген ақын қаламының өткір ұшын озбырларға қолдайды. «Қайда барсаң халық үстінде қолың сор» екенін айта келіп:
Залымдардың жұртқа сырты қабарып,
Қамшысынан қаны толы бастады,- деп суреттейді зорлық-зомбылық дүниесінің өкілдерін.
Ол қазы, молдаларды өлтіре сынап, халық алдында аясуыз әшкерлейді. Олар халықты дін жолымен алдап, қан сорушылар екенін айтады:
Кей сопылар жүр өздерін сопы деп,
Залындармен өз томығын қосып жеп,
өзін адал адам екен десін деп,
әр есікке қолқа бола, бастады.
Немес, қазыларды шенеуі:
Қозы деген бір жауапта тұрған жоқ,
Еңбек етіп, кітпа оқып көрген жоқ.
Шариғаттың жолында әрі жүрген жоқ
Дүние үшін ардан кете бастады,
«Байқы», «Таптаса», «Көздер», «Тең емес» тәрізді өлеңдерінде ол езілген еңбекшілердің жаңашыр жыршысы есебінде көрінеді:
Біреулер жүр нан таппай,
Біреулер жүр жер таппай,
Біреулер жүр тон таппай
Біреу жібек шәл көздер
Мақтымқұлының көзі өз тұсындағы осындай кемтарларға, жоқшылық, мұқтаждық көргендерге түседі. әлеуметтік теңсіздік жайларын ол осылай көрсетеді.
«ол кедейшілік құлдық емес адаиға, қожалар бар құлға құны тең емес» деп, кеудені кере үн қатады да, адамды адам ететін еңбек ғылым деген пікір айтады:
Еңбегінде адал бол,
Ғылым табар шақ керек.

Еңбек етсең арта бермек мәртебең


Аймағыңда асатын жан жоқ сене.
Кітап пайдасын сөз қалғанда, ақын «онда қилы жан азығы жазу бар» деп келеді. Надандық жайлаған қолың елге ондай кітаптың маңызы күңгірт, әттең, соның көзін ашар кісі болса ... деп арман етеді.
Мақтымқұлының жақсылық, жамандық, ізгілік, жігіттік дәурен жайлы өлеңдеріндегі басым сарын-ерлікті мадақтау, ел қоғаны ерлерді мадақтау, ел қорғаны ерлерді ардақтау сарыны. («Кееркті» «Ер», «Ат керек», «Болмаса» т.т.)
Мысалы мынадай:
Ер жігіттің ел дегенде қойны ашық
Ез жігітке қайтып ішің жылысын.
Мақтымқұлы жинағында «айрылдым», «Сұлу» сияқты, жүрек түпкірінен қайнап шыққан, нәзік сезім күйін білдіретін әдемі, сыршыл өлеңдер де бар.
Мақтымұлы шығарамалырндағы ақын Ғали Орманов 1947 жылы аударды. Кейін бірқатар өлеңдерін Ғафу Қайырбековте қазақшалаған.

Сағынғали Сейітов әдебиеттер достығы (мақалалар мен зерттеулер «Жазушы» баспасы. Алматы -1965ж.192-195беттер).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет