Қимыл қозғалыс әркекетіне үйрету Дене тәрбиесі мен спорттағы үйрету үрдісі Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнулы білім жүйесінің қозғалысқа үйрету,қалыптастыру,меңгеру
Қимыл қозғалыс әркекетіне үйрету Дене тәрбиесі мен спорттағы үйрету үрдісі Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнулы білім жүйесінің қозғалысқа үйрету,қалыптастыру,меңгеру,жетілдіру үрдісі. Математика мұғалімі есеп шығаруға,қазақ тілі мұғалімі граматикаға үйретсе,дене тәрбиесі мұғалімі оқушыны жүгіруге,секіруге,лақтыруға үйретеді.Оқушыны кеңістікте өз денесін басқарып,қозғалуға үйретеді.Мектеп бағдарламасындағы спорт түрлерінің негізгі жаттығуларының техникасын дұрыс орындауға үйретеді.Үлкен өмірде өмір сүруге дайындайды.Спорт түрлерінің жаттықтырушысы,бапкері спортшыға спорт түрінің жарыстық жаттғуларының техникасын үйрету арқылы, сол жаттығуларды орындаудан жоғары жетістіктерге жетуге,әлемдік рекордтар орындауға жеткізеді.
Қимыл әрекетке үйрету үрдісі кезінде спортшының дене қуаты деңгейі байқалады.Ол дене қуаты қасиеті деңгейі сол жаттығу техникасын орындауға сай болмауы мүмкін.Ондай болатын болса жаттығу техникасын үйрену барысында сол дене қуаты қасиетін дамыту керек болады. Мысалы, волейболдағы шабуыл соққысын орындау үшін спортшы секіргенде доп соғатын қолы тордан 30 сантиметрдей жоғары шығуы керек.Ондай биіктікке секіре алмаса жаттығу техникасын орындай алмайды.
Психологиялық жетілу,спортшының сенімділігі,батылдығы,тәуекелшілдігі, (Жаттығуды орындай алмаймын ба ?)-деген өзінің сенімсіздігін жеңуі.Ол қасиеттер де бірден келмейді.Жаттығу техникасын үйрету барысында қалыптасады,тәрбиеленеді.
Дене тәрбиесіндегі оқытудың нәтижесі-қозғалысты меңгеру болып табылады.Қозғалысқа үйрету теориялық және іс-тәжірибелік бөлімдерден тұрады.